1- дәріс. Тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы. Өсімдіктің құрылысы және жасушаның тіршілік әрекеті



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата08.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#122699
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1Дәріс

Вакуоль 
- Жануарлардағы зәр шығару органдарының қызметі — зат алмасу 
нәтижесінде пайда болған қалдық заттардан (СО
2
, Н
2
О, артық минерал тұздардан және т. 
б.) денені тазарту, клеткалардың қалыпты қызмет істеуін камтамасыз ету. Ӛсімдіктерде 
бұл сияқты бӛгде заттарды бӛліп шығаратын арнаулы орган жоқ. Сондықтан ондай заттар 
клеткадан шықпайды протоплазмада қалып қояды. Мұның алып жатқан орнын 
вакуоля
деп, ал ол заттар клетка шырыны делінеді (1-сурет, 
2, 4).
Клетка шырынының құрамында 
болатын заттар: органикалық қышқылдар, алкалоидтар, шүкір немесе илік заттар, пектин, 
пигменттер, моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. 
Бидай тұкымының қабық (кебек) астындағы алейрон дәндері жатқан қабатты 
бұрынырақта белок қабаты деп атап келген, шынында бұл дұрыс емес, ӛйткені, 
жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда, бұл кабаттағы алейрон дәндерінің құрамында 
белоктан басқа да қосындылар кӛздеседі. 
Бұлар клетка шырынындағы органикалық заттар тобына жатады: сонымен қатар, 
онда кейбір минерал заттары да болады. 
Органикалық қышқылдар. 
Қлетка шырынында бірнеше органикалық қышқылдар бар, 
оған кымыздық қышкылы, алма қышқылы, лимон қышқылы, шарап қышқылы т. б. 
жатады. Бұлар клетка шырынының құрамында таза күйінде де, сонымен қатар, қышқыл 
тұз қалпында да кездеседі. 
Қымыздық қышқылы жасыл ӛсімдіктердің жас ӛркендерінде натрий тұзы күйінде де 
(күйреуікте) және қымыздық қышқыл калий тұзы түрінде де (рауғашта, кымыздықта) 
кездеседі. 
Алма қышқылы ӛсімдіктердің піспеген және шала піскен жемістерінде (алмада, 
қарақатта) және сонымен қатар жас жапырақтарында (темекіде, жасаңшӛпте) болады. 
Шарап қышқылы — жүзімнің жапырағы мен жемісінде, помидор мен тұт ағашының 
жемісінде кездеседі. 
Лимон қышқылы цитрус ӛсімдіктерінің жемістерінде кӛп болуымен қатар, 
мүкжидекте, махорка жапырағында және т.б. кӛздеседі. Клетка шырынында үнемі 
кездесетін органикалық қышқылдардың бірі — амин қышкылы. 
Амин қышкылы клеткадағы белоктың ыдырауының нәтижесінде түзіледі. Күрделі 
белоктардың құрамында әзірше жиырмадан астам амин қышқылдары белгілі, олардың 
ішінен кӛбінесе клетка шырынында кӛздесетіндері — аспарагин, тирозин, лейцин. 
Бұларды кӛптеген ӛсімдік клетка шырынының құрамынан табуға болады. 
Алкалоидтар 
— клетка шырынының құрамындағы азоты бар сілтілі зат. Мұның 
молекулаларында кӛбінесе кӛміртегінің, сутегінің және азоттың атомдары ғана болады 
(мысалы, анабазинде C
10
H
14
N
2
). Біраз ӛсімдіктердегі алкалоидтардың құрамында оттегі де 
кездеседі (мысалы, хининде: C
2
0H
24
N
2
O
2
). Нағыз алкалоидтың барлығы да таза суда жӛнді 
ерімейді. Алкалоидтар тұңғыш рет 1806 жылы ашылған, қазір мұның 550-ден кӛбірек түрі 
белгілі. Олар адамнын және басқа да жануарлардың денесіне мӛлшерден тыс әсерін 
тигізетін болса, оларды ақырында ӛлтіріп жібереді. Осы сияқты қасиеті бар алкалоидтар 
барлық ӛсімдіктердің клетка шырынында бірдей, біркелкі кездесе бермейді: бірінде — 
жоқ, екіншісінде — аз, үшіншісінде — кӛбірек болады. Алкалоидтар кейбір ӛсімдіктердің 
— тұқымында (меңдуана), қайсыбірінің — тамырында, кейбіреуінің — жапырағында 
(темекі) басымырақ кездеседі. Сонымен қатар, кейбір ӛсімдіктердің (алқа тұқымдастарда) 
барлық органдарында алкалоидтар ұшырайды. 
Илік заттар. 
Клетка шырынында болатын шүкір затын кейде илік зат деп атайды. 
Мұнымен тері илеп, былғары жасайды. Илік заттың қасиеті — терінің иін тез қандырумен 
қатар, оны шынықтырады, сонымен бірге белгілі түске бояйды. Таза илік заттың дәмі — 
кермек, ауызды тұтып қалады. Илік зат талдың, еменнің қабығында, рауғаштың, 
томарбояудың тамырында, алмұрттың жапырағында басым болады. Мұнымен қатар 
кейбір ӛсімдіктердің, мысалы апельсиннің, лимонның, мандариннің, бекенің, алманың, 
алхорының клетка шырынында кездеседі. 


Пигменттер. 
Клетка шырынының құрамында кездесетін түрлі бояу затын пигмент 
деп атайды. 
Пигменттің түсі кӛбінесе қызыл, кӛк, күрең, сары, күлгін т.т. болып келеді. Олардан 
кӛбірек кездесетін түрлері — антоциан; антохлор, антофеин. Осылардың ішіндегі кӛп 
ӛсімдіктің клетка шырынында басымырақ кездесетіні — антоциан. Бұл — фенол тәрізді 
— азотсыз зат, суда жақсы ериді; сонымен қатар гидролизденген кезде бұдан глюкоза 
және антоцианидин дейтін заттар пайда болады, Антоцианның түсі кӛбінше қызыл, кейде 
кӛк, немесе күлгін болып келеді; бұлай болу себебі — клетка шырынындағы антоцианның 
концентрациясына, оның реакциясына (еріткіш заттардың сілтілік немесе қышқылдық 
қасиетіне) байланысты. Егерде концентрациясы тым қою болса антоцианның түсі қара-
қошқыл болып кӛрінеді (мысалы, кейбір шегіргүлдің сорттары). Антоциан кӛптеген 
ӛсімдіктердің (жауқазынның, бұршақтың, шерменгүлдің, қызғалдақтың., сорттың т.б.) гүл 
күлтесінде, кейбіреулерінің (қызыл жапырақты шамшаттың қызыл қапустаның және т. б.) 
жапырақтарында, кейбіреулерінің (шиенің, жүзімнің, қызамықтың) жемістерінде, кейбір 
ӛсімдіктердің. (қызылшаның) тамырында кӛбірек кездеседі. 
Ӛсімдіктің клетка шырынында жиірек кездесетін пигменттердің бірі — 
антохлор
. Бұл 
сары түсті болады; мысалы, шытыр гүлінің сары түсті болуы осыған байланысты. 
Антохлор кейбір ӛсімдіктердің (лимон, апельсин, мандарин) жемісінде, кайсыбір 
ӛсімдіктердің (георгина, резеда) жапырағы мен сабағының клетка шырындарында азын-
аулақ болады. Клетка шырынының құрамында болатын пигменттердің сирек кездесетіні 
— 
антофеин
. Антофеиннің түсі қоңырқай, қара-күрең болады; бұл кӛбінесе кейбір 
шӛптесін ӛсімдіктердің (бұршақтың) гүл күлтесінде және кейбір орхидтықтарға жататын 
ӛсімдіктердің гүлсерігі клеткаларының шырынында кӛздеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет