1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


ҚазҰАУ-ның құрылуы, қалыптасуы және даму тарихын сипаттаңыз. ҚазҰАУ-ның түлектері – белгілі қайраткерлер мен ғалымдар туралы баяндаңыз



бет21/65
Дата25.12.2021
өлшемі300,66 Kb.
#105377
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары

26. ҚазҰАУ-ның құрылуы, қалыптасуы және даму тарихын сипаттаңыз. ҚазҰАУ-ның түлектері – белгілі қайраткерлер мен ғалымдар туралы баяндаңыз.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанда социалистік меншік пен ұжымдастыру негізінде ауыл шаруашылығы дами бастады. Қойылған міндетті іске асыру үшін білікті кадрлар қажет болды. Осыған байланысты жоғары ауылшаруашылық оқу орындарын құру туралы шешім қабылданды.
Алматы зооветеринарлық институты – Қазақстанның бірінші ауыл шаруашылық және екінші жоғары оқу орны. 1929 жылы РСФСР Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен Ветеринарлық институт құрылды. Институттың ресми ашылуы 1929 жылдың 1 қазанында өтті.

Ол бұрынғы Верный ерлер гимназиясының ғимаратында орналасқан (қазіргі Әйтеке би, 28). Ветеринария факультетінің негізінде Алматы зооветеринарлық институты құрылды. Ветеринария факультетінің құрамына келесі кафедралар енді: зоология, ботаника, физика және математика, бейорганикалық және аналитикалық химия, ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы.
Кафедраларды ұйымдастыруға профессор И.В. Сайкович (микробиология), профессор И.Г. Васильков (ботаника), профессор В.В. Авербург (гистология және эмбриология), профессор Б.А. Домбровский (анатомия), академик И.П. Павловтың шәкірті профессор М.П. Калмыков (жануарлар физиологиясы) Киевтен бір топ оқытушылармен бірге келген, Омбыдан шақырылған профессор Н. Л. Караваев (бейорганикалық және аналитикалық химия), профессор В. А. Клер (зоология), профессор В. В. Келлерман (физика және математика) және басқа көрнекті ғалымдар баға жетпес үлесін қосты.

933 жылы институт Алматы зооветеринарлық институты болып қайта аталды. Осы жоғары оқу орнының беделін арттыруға белсене қатысқан қазақ зиялылары  институттың  қалыптасуы мен өркендеуінде үлкен рөл атқарды. Зиялылар қатарында әлемге әйгілі жазушы, Ленин сыйлығының лауреаты, орыс және қазақ тілдерінен сабақ берген ҚазКСР ҒА академигі М.О. Әуезов, профессорлар А.А. Ермеков пен Х.Н. Нұрмұхамедов, доценттер М.Д. Жолдыбаев пен Т.А. Ахметов, оқытушылар М.Ж. Жиенқұлов, С.Б. Бейсалиев, Х.А. Әбішев, Р.А. Бөкейханов, Б.А. Бірімжанов, Т.К. Чумбалов, А.М. Ғаббасов, С.О. Омаров, К.Д. Ділімбетов және басқалар болды.
Институтта КСРО ҒА, ҚазКСР ҒА (ҚР) ВАСХНИЛ және ҚазКСР ҒА мүшелері, академиктер С.Н. Вышелесский, В.А. Бальмонт, Д.А. Зыков, Ф.М. Мұхамедқалиев, Н.У. Базанова, З.К. Қожебеков, корреспондент-мүшелері М.А. Ермеков, А.К. Росляков, А.М. Мурзамадиев, И.Н. Нечаев, М.М. Тойшыбеков, Т.С. Сайдулдин   дәріс беріп, зерттеулер жүргізген. 1979 жылы мамандарды даярлаудағы үлкен үлесі үшін Алматы зооветеринарлық институты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.  

Қазақ ауыл шаруашылығы институты 1930 жылы құрылған. Оның құрамында егістік және жеміс-көкөніс факультеттері болды. Бірінші түлектер 1933 жылы бітіріп шықты – 78 адам жоғары білім алды, оның ішінде 51 агроном және 27 жеміс-көкөніс өсірушілер. Оқуды аяқтаған 78 адамның 20-сы қазақтар еді. 1971 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты ауыл шаруашылығы мамандарын даярлаудағы үлкен үлесі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.  

1996 жылы Қазақстандағы ең көне екі жоғары оқу орны – Алматы зооветеринарлық институты мен Қазақ ауыл шаруашылығы институтының негізінде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті құрылды. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры болып республиканың жоғары мектебі мен ғылымының ірі қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Сағадиев Қ.А. тағайындалды. Есполов Т.И. ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің төрағасы, Оңтүстік Корея, Қытай, Венгрия, Ресей, Литва, Украина, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Армения және т. б. 14 жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының құрметті докторы болып табылады.    

ҚазҰАУ зерттеу университеті ретінде ұлттық деңгейде табысқа жетіп, мойындалып, халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі өз ұстанымын нығайтуға бағытталған.


Қазіргі уақытта университет әлемнің 137 жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастығын жалғастыруда. Жоғары білім және ғылым бойынша 15 халықаралық қауымдастық пен ұйымның мүшесі болып табылады:

GCHERA - Аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылымның жаһандық консорциумы

Өмір туралы Еуропалық ғылымдар университеттерінің қауымдастығы (ICA)

Университеттердің Ұлы Хартиясы (MagnaChartaUniversitatum)

Вишеград университеттер қауымдастығы

IREG Обсерваториясының халықаралық форумы

Еуропалық жоғары оқу орындарының қауымдастығы (EUA)

ТМД-ға қатысушы елдердің жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі

Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің университеттер қауымдастығы (AUAP)

КАСКАД – Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ ауыл шаруашылығы университеттерінің консорциумы (CASCADE)

«Eurasia-PacificUninet» университеттер қауымдастығы   (Австрия Ғылым және білім министрлігі)

Ветстамбул групп VetistanbulGroup

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық топтармен өзара іс-қимыл  бастамасы (ЮНАИ)»

GreenMetricWorldUniversityRanking Халықаралық рейтингтік ұйым

Жібек жолы университеттерінің желісі (The Silk-road Universities Network - SUN).

Дүниежүзілік Жел энергетикалық қауымдастығы /WWEA, Швеция).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет