1. Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз не



бет4/6
Дата14.03.2023
өлшемі48,17 Kb.
#172386
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дәрістер

Бекіту сұрақтары:
1.Генетикалық модификациялық көздерден алынған тағам өнімдерін санитарлы-гигиеналық нормалау, тіркеу жəне таңбалаудың негізгі қағидаларына мысалдар келтіріп, маңызын түсіндіріңіз
2. ДНҚ жəне (немесе) солар кодтайтын белоктары бар тағамдардың қауіпсіздігін зерттеуге нақты мысалдар келтіріңіз.
3. Тағам өнімдеріндегі генетикалық модификациялық көздерді анықтау əдістерін суреттеңіз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.7.Тақырыбы: Тағам өнімдерінің пестицидтермен ластануы
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Пестицидтер түрлері
2.Гербицидтер
3.Фунгицидтер
Дәріс тезисі
Пестицидтер – ауылшаруашылығында мəдени өсімдіктердің ауруын тудыратын зиянкестер жəне паразиттер (латынның pesti паразит, caedere – жою деген сөзінен шыққан), шөп-шалаң жəне микроағзалардан қорғайтын химиялық қосылыстар.
Пестицидтер қолдану саласына байланысты инсектицидтер (зи- янкес құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлерге қарсы), гербицидтер (арамшөптерге қарсы), фунгицидтер (микросаңырауқұлақтарға қарсы), бактерицидтер (бактерияларға қарсы), акарицидтер (кенелерге қарсы), ротентицидтер (кеміргіштерге қарсы) болып бөлінеді. Ерекше топты дефолианттар (жапырақ жəне сабақтарды жоюға қарсы), ретарданттар (сабанды қысқарту үшін) жəне өсімдікті реттегіштер құрайды.
Бүкіл əлемде орташа есеппен жылына 3,2 млн тоннаға жуық гербицидтер, фунгицидтер жəне инсектицидтер (орташа алғанда ғаламшардың бір тұрғынына 0,5 кг-нан келеді) қолданылады.
Бекіту сұрақтары:
1. Пестицидтердің токсикологиялық-гигиеналық сипатта- масы жəне гигиеналық нормалануына мысалдар келтіріп, маңызын түсіндіріңіз
2. Хлорорганикалық пестицидтерге нақты мысалдар келтіріңіз
3.Жасанды түр – су қоймасының өсімдіктерін суреттеңіз
4. Пестицидтерді қолдану аймағын анықтаңыз
5. Фосфорорганикалық пестицидтердің қажеттілігіне тоқталыңыз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.8.Тақырыбы: Тағам өнімдерінің азот қосылыстарымен ластануы
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Нитраттар
2.Нитриттер
3.Нитроқосылысар
Дәріс тезисі

3
Нитраттар – азот қышқылының тұздары (анион NO). Нитраттар тыңайтқыштар құрамына кіреді жəне өсімдік текті тағам өнімдерінің табиғи компоненті болып табылады. Ет жəне сүт сияқты жануар өнімдерінде нитраттар мөлшері көп болмайды.Үлкен мөлшерде нитраттар адам ағзасына қауіпті. Адам нитраттың 150-200 мг/тəул. дозасын айтарлықтай жеңіл қабылдайды, 500 мг шектелген доза, ал 600 мг/тəул. дозасы ересек адам үшін уытты бо- лып саналады. Ана сүтімен тамақтанатын балалар үшін 10 мг/тəул. дозасы уытты болып саналады.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі нитраттардың рұқсат етілетін тəуліктік дозасын бекіткен, ол адамның 1 кг дене салмағына 5 мг нитратты құрайды. Кезегінше, ересек адам күн сайын тағам өнімдерімен 300-350 мг нитрат қабылдауы мүмкін. Мұндай мөлшердегі нитрат адам жəне оның ұрпақтарында өзгеріс тудырмайды. Нитраттың бұл дозасы Бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сəйкес келеді. Ол нитраттардың қаупі туралы білімнің қазіргі заманғы деңгейін көрсетеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Адам ағзасына азот қосылыстарының биологиялық əсеріне мысалдар келтіріп, маңызын түсіндіріңіз
2. Шикізат жəне тағам өнімдеріндегі азот қосылыстары мөлшерін төмендетудің технологиялық əдістеріне нақты мысал келтіріңіз
3. Тағам өнімдеріндегі нитраттар, нитриттер жəне нитрозаминдерді анықтау əдістері
суреттеңіз
4. Тағам өнімдерінің полициклды ароматты көмірсутектермен ластанудың орынын анықтаңыз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.9.Тақырыбы: Горманальды препараттарды қолдану, антибиотиктер
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Гормональды препараттар
2.Синтетикалық жолмен алынатын гормондар
3.Өсірудің жасанды стимуляторы
4.гормональды препараттар мөлшерінің деңгейі
Дәріс тезисі
«Гормон» терминін (грек тілінен аударғанда hormáō – талаптандырамын, қоздырамын деген мағынаны білдіреді) алғаш рет ағылшын физиологы Э. Г. Старлинг 1905 жылы қолданды.
Гормондар ағзаның морфологиялық дамуында жəне оның органдарының биохимиялық жəне биофизикалық қызметінде белгілі бір рөл атқаратын химиялық заттар болып табылады.
Көпшілік гормондар жасушааралық сұйықтыққа (қан, лимфа жəне т.б) бөлінеді, осылайша əсер ететін органдарға жетеді, бірақ тін гормон- дары жəне нейрогормондар сияқты кейбір гормондар қан ағынынан өтіп кетіп, өздері əсер ететін шектелген тін аумағының шектеріне тікелей бөлінеді. Гормондарды анықтайтын белгілердің біріне өте аз концентрациядағы олардың биологиялық белсенділігі жатады. Осы белгісі бойынша гормондарды биологиялық белсенді заттар класына жатқызады, ол класқа ферменттер жəне дəрумендерді де жатқызады.
Бекіту сұрақтары:
1. Гормональды препараттар мөлшерінің деңгейіне мысалдар келтіріп, маңызын түсіндіріңіз
2. Антибиотиктер жəне басқа да ветеринарлық препараттардың қалдықты мөлшерін бақылау ерекшеліктері
3.Тағам өнімдеріндегі антибиотиктер мөлшерінің рұқсат етілетін деңгейлеріне мысалдар келтіріңіз
4. Иммуноферменттік анализдің негізгі принциптеріне нақты мысалдармен келтіре отырып сипаттаңыз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.10.Тақырыбы: Азық - түлік шикізаты және тағам өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігінің негіздері
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Радиоактивтілік
2.Халықтың сәлелену деңгейі
3.Жердің радиациялық фоны
Дәріс тезисі
Радиоактивтілік – кейбір элементтер атомдарының нөмері мен массалық санын өзгеріске ұшырататын атом ядроларының өзіндік ыдырауы. Радиоактивті ыдырауды тоқтату немесе тездету мүмкін емес, жартылау ыдырау кезеңі – уақытпен өлшенетін, қатаң анықталған жылдамдықпен жүзеге асырылады, осы кезеңде барлық атомдардың жартысы ыдырайды. Радиоактивті элементтердің ыды- рауы иондайтын сəулелердің ағындарымен бірге жүреді, олардың əрқайсысы өзінің физика-химиялық қасиеттерімен сипатталады: альфа-сəулесі-жылдамдығы 20000 км/с жететін, оң зарядталған бөлшектер (гелий атомы) ағынын құрайды; оң зарядтардың болуы себебінен магнит өрісінде α-бөлшектер ауытқиды (солтүстік по- люске). Бета-сəулесі – жарық жылдамдығымен қозғалатын теріс зарядталған бөлшектер ағыны; теріс зарядтардың болуы себебінен электрондар магнит өрісінде ауытқиды (оңтүстік полюске). Гамма- сəулесі – қасиеті жағынан рентген сəулесіне ұқсас, қысқа толқынды магнит сəулесі; жарық жылдамдығымен бірге таралады, маг- нит өрісінде ауытқымайды, бірнеше мыңнан бірнеше миллион электронвольтқа дейінгі жоғары энергияға ие.
Өлшем бірліктерінің СИ жүйесінде радиоактивтіліктің өлшем бірлігі – беккерель (Бк) – секундына бір ядролық айналысты сипаттайды.
Бекіту сұрақтары:
1. Адам алатын сəуленің табиғи көздеріне мысалдар келтіре отырып, түсіндіріңіз
2.Халықтың ішкі сәулелену дозасын сипаттаңыз
3. Адам ағзасына ең қауіпті техногенді радионуклид ерекшеліктері
4. Ядролық сəуленің тірі объектілерге биологиялық əсеріне тоқталып өтіңіз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.11.Тақырыбы: Тамақтануды радиоактивті элементтердің әсерінен қорғаудың негізгі қағидалары, нормативтік құқықтық базасы
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың негізгі қағидалары
2. Радионуклидтердің тағаммен бірге ағзаға түсуі
Дәріс тезисі
Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың негізгі қағидаларының қазіргі заманғы тұжырымы:
1.Радионуклидтердің тағаммен бірге түсуін максималды төмендету мүмкіндігі;
2.Ағзадағы радионуклидтердің жиналу жəне сіңу процесін тежеу;
3.Тиімді тамақтану қағидаларын ұстану сияқты 3 негізгі жағдайға негізделеді.
Радионуклидтердің тағаммен бірге ағзаға түсуін төмендету үшін технологиялық немесе агрозоотехникалық тəсілдер көмегімен, соны- мен қатар тамақтануды модельдеу жолымен, яғни радионуклидтердің аз мөлшерінен тұратын рациондарды қолдану арқылы олардың өнімдегі мөлшерін азайтуға болады.
Тағам шикізаттарын мұқият жуу, өнімді тазалау, құндылығы төмен бөліктерді бөлу арқылы радионуклидтерді 20-60%-ға дейін азайтуға болады. Кейбір жемістерді (орамжапырақ, жуа жəне т.б.) жуу алдында аса ластанған сыртқы жапырақтарын алу қажет. Кар- топ жəне тамыртүйнек жемістерді қабығын тазалар алдында жəне тазалағаннан кейін міндетті түрде 2-рет жуу керек. Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен жоғары деңгейде ластануы жағдайында тағам шикізаттарын кулинарлық əдіспен өңдеудің ең тиімді əдісі – қайнату болып табылады. Қайнату кезінде радионуклидтердің едəуір бөлігі қайнатпаға өтеді. Қайнатпаны тағамға қолдану ұсынылмайды.
Бекіту сұрақтары:
1. Радионуклидтерден қорғау қасиеті бар дәрумендер туралы айтып кетіңіз.
2. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасына нақты
мысалдар келтіріп, маңызын түсіндіріңіз
3. Радиация қандай биологиялық əсер қалдыратынын сипаттап өтсеңіз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.12.Тақырыбы: Тағам өнімдерін ластау көздері
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет