1. Философияның анықтамасы мен пәні. Философия



бет3/6
Дата05.04.2023
өлшемі40,84 Kb.
#173822
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
filo

4.Философия функциялары.
Философияның қызметі (функциялары) - философияның мақсат-міндеті мен арналуы іске асатын негізгі қолданылу салалары. Философияның негізгі функциялары мынадай:
Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі.
Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады.
Жүйелеу — бір ретпен тұтастықты құрайтын қатардағы элементтердің жиынтығы, ойлау операцияларының бірі.
Рационалды әрекет - субъектің алдына қойған мақсатына жету үшін адекватты, рационалды жолдарды қарастырған саналы іс-әрекеті.
Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. ;
Футурология (лат. futurum – болашақ, гр. logos – ілім) — 1943 жылы неміс әлеуметтанушысы О. Флехтгейм «идеология» мен «утопияға» қарсы қойған «болашақтың обьективтіфилософиясының»
тұжырымдамасы.
5)Сана онтологиялық мәселе ретінде
Сана философия, психология, әлеуметтануда адам психикасының маңызды жүйелі компонентін (бөлігін) сипаттайтын іргелі ұғым. Сана адамды жануарлар әлемінен айыратын, бөлетін оның тектік белгісі. Ол адамның қазіргі типінің ұзақ эволюциясы мен қалыптасу процесінде пайда болған әлеуметтік қасиет.
Сананың қызмет етуі адамға объективтік әлемнің байланыстары, қатынастары, заңдылықтары туралы жинақталған білімдер жасауға, табиғи және әлеуметтік ортада өзінің қызметін белгілейтін мақсаттар қоюға және жоспарлар жасауға, шындықпен (дүниемен) эмоционалды, рационалды және пәндік-практикалық қатынастарды реттеу мен бақылауға, өзінің тіршілігінің жағдайларын шығармашылықты (творчески) өзгертуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді (мүмкіндік береді). Сана- бұл сезім органдарымен тікелей қабылданбайтын және сезінуші субъекттің де (сознающий субъект), басқа адамдардың да пәндік-практикалық қызметінің объектілері бола алмайтын сезімдердің, ойлардың, идеялардың және басқа рухани феномендердің ішкі әлемі (внутрений мир). Осы онтологиялық аспектіде сананың болмысы, бар болуы, «субъективтік шындық», «идеалдылық» ұғымымен білдіріледі, беріледі.
Сана - бейнелеудің ең жоғарғы деңгейі. Материалистік концепция бойынша сана- бұл жоғары ұйымдасқан материяның (мидың) материяны (қоршаған әлемді) бейнелеу қабілеті. Ол объективтік дүниенің субъективтік бейнесі.
Сана іштен туатын қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін де қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми- оның мекені. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі.
Ерекше феномен ретінде сананың төмендегідей жалпы қасиеттерін атауға болады:
- субъекттілік- сана «иесіз» болмайды, әрқашанда оның өзінің иесі бар (носитель);
- пәнділік(мазмұндылық)-сана ешқандай мазмұнмен толтырылмаған, «бос» бола алмайды. Әрқашанда санада бейнеленетін және оның пәнін құрайтын нәрсе, зат, құбылыстар болады, басқаша айтқанда, бұл сананың мазмұны;
- белсенділік және мақсаттылық, яғни сана дүниені (әлемді) белсенді, мақсатты және талғап бейнелейді;
- идеалдылық- санада пайда болатын образдар (бейнелер) идеалды сипатта, олар материалдық құбылыстардың «дубликаты» емес, субъект қабылдайтын немесе елестетін формалар (пішіндер);
- интенционалдық- бұл сананың әлде бір объектілерге бағытталғандығын (Ф.Брентано, Э.Гуссерль) білдіреді;
- рефлективтік-сананың өзіне бағытталғандығы, өзінің жеке мазмұнын бейнелеуге қабілеті.
Сана мен ойлауды барабар деп қарастыруға болмайды. Олар арасында байланыс бар, бірақ мәндері, табиғаттары бөлек: сана-әлеуметтік қасиет, ойлау(мышление)- физиологиялық процесс. Сананы көп пәндер, ғылым салалары зерттейді, сол сияқты ол (сана) көп проблемалармен де байланысты (ми, тіл, бейсаналық, жасанды интеллект, т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет