Желтоқсан айындағы ауа райын бақылау Мақсаты: Қыс басындағы ауа райын күзгі ауа райымен салыстыру: күн суытты, аспанда бұлттар көп, өзен-көлдердің мұздары су болып қатты.
Көркем сөз:Дала аппақ, жапалақтап
Қар жауып тұр тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан
Еңбек: Учаскедегі қарды сыпыру.
Қимылды ойын: Шанамен сырғанау
№ 15
Аспанды бақылау Мақсаты: Балалардың назарын желтоқсандағы аспанға аударту (төмен, бұлтты). Қандай бұлттар барын сұрау (бұйра-бұйра)
Жұмбақ: Аппақ қаттай тап - таза (аспан)
Қимылды ойын: «Екі аяз»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа үйрету.
№ 16
Балабақша ауласындағы ағаштарды бақылау Мақсаты: Балаларға қыстағы ағаштың жаздағы ағаштан айырмашылықтарын бақылату. (айырмашылықтарды атату)
Балалар, жаздыгүні ағаштар қандай болады? (ағаштарда жапырақтар болады)
Қыста ше? (ағаштардың жапырақтары болмайды, қар жамылып тұрады)
Еңбекке баулу:Ағаш тамырларын тоңдырмау үшін ағаш түбіне қар жинату.
Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз» (шана тебу, қар лақтырып ойнау)