1. Мәтін бойынша ақсүйек ойыны ойналатын мезгіл


Мәтіннің екінші азатжолындағы негізгі ой



бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі32,26 Kb.
#124848
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Мәтіннің екінші азатжолындағы негізгі ой A) Қылышбалық ерекшелігі туралы B) Балықтың түрлері туралы C) Үлкен балық - кит акуласы туралы D) Мариана шұңғымасы туралы E) Теңіз атбалықтары туралы 4. Шапшаң жүзетін балық түрі A) улы балық B) атбалық C) фугу балығы D) кит E) қылышбалық 5. Улы балықтан ас дайындайтын ел A) Ресей B) Түркия C) Корей D) Жапония E) Қытай 6. Мәтін мазмұнындағы ой реттілігі 1. Балықтардың ауруды сезіне алуы 2. Балықтардың пайда болуы 3. Қауіпті балықтан дайындалатын тағам 4. Өте баяу жүзетін балық A) 1,3, 4, 2 B) 2, 1,4,3 C) 3, 1,4,2 D) 4, 2, 3, 1 E) 3,4, 1,2
Аттила Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары Аттила патшаның атымен тығыз байланысты. Осы жорықтардың арқасында ғұндар Еуразия кеңістігінде үстемдік жүргізген. Аттила - әйгілі Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан, тарихта осы есім қалған. Алайда оны әр халық әртүрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары мен Скандинавия тарихында Этцель (Etzel), славяндарда Атыл, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деген атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ өзенінің атауымен байланысты болуы мүмкін... 434 жылы Ғұн империясының билеушісі Рутила өлгеннен соң, мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттиланың қолына көшеді. Аттила 10 жылдай немере ағасы Бледамен бірге билік етеді. 445 жылдан бастап билікті өз қолына алады. Аттиланың тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста - Кавказға, батыста - Рейнге, солтүстікте - даниялық аралдарға, оңтүстікте - Дунайға дейінгі жерлер Ғұн империясының иелігіне айналады. Аттила әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопил мен Константинопольге дейін жетеді. Қуатты Шығыс Рим империясыа (Византия) жорық жасап, оны тізе бүктіреді. 451 жылы Галлияға басып кіреді. Мұның соңы тарихта бұрын болмаған үлкен шайқас - осы дәуірдің ұлы оқиғасы - Каталаун (Франция жерінде) шайқасына алып келеді. 452 жылы Италияны бағындырып, Падуя, Милан секілді қалаларын алады. Алайда ол Рим қаласын қиратпай, тек салық жинап кері қайтады. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы аумағын кеңейтіп, көркейе түскен. Қаншама халық пен қала Еділдің алдында бас иген. Осылайша Ғұн империясының даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қаған 453 жылы қайтыс болады. Оның денесі Тисса өзенінің маңына қойылған. Аттила дүниеден өткеннен кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап, тарап кетті. Жер қайысқан қолымен Еуропаны тізе бүктіріп, қол астына қаратқан бабамыз Еділ - Аттиланың есімі адамзат тарихындағы ұлы адамдар – Александр Македонский мен Юлий Цезарь есімдерімен катар аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет