1. Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізін салаушы элементтердің бірі



Дата04.09.2022
өлшемі51,03 Kb.
#148679
Байланысты:
Аралык бакылау


1.Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізін салаушы элементтердің бірі
2.Мұғалімнің қызметіндегі қақтығыстар, олардың түрлері мен себептері

Этика категориялары – моральдың ең мәнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер, рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмыстың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы. Олар – адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді.


Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір функцияларын да атқаратынын атап өткен жөн. Біріншіден, қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары. Екіншіден, танымның дербес құралы болып табылады. Үшіншіден, этика категориялары моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б. дамуының, қозғалысының нысанасы.
Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері бар.
Біріншіден, қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың жақсылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайрымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілігі мол адам т.б.
Үшіншіден, адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реттеу құралы болып табылыды, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т.б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категогияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Барлық категориялардың жиынтығын көп жағдайда моральдың құрылымының негізінде бөледі. Олар, моральдық сана, адамгершілік қатынастар, моральдық тәжірибе.
Этиканың категориялары бір-бірімен тығыз байланысты және олар бір-бірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын екінші бір этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы, абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т.б. категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік және т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.
Жоғарыда аталған үш топтың категорияларын жеке-жеке талдап көрейік. Бірінші топ – моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады: моральдық қағида, моральдық норма, моральдық немесе этикалық категория, моральдық сенім, адамгершілік мақсат, моральдық таңдау және т.б.
Екінші топ категориялары – бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуға болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиелініс, моральдық бедел және т.б. Бұл қатынатардың адамгершілік деп бағалануының себебі мынада: олар достық, серіктестік, сенім, сыйластық және т.б. моральдық бағалаулармен сипатталады.
Үшінші топ категориялары – бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық әрекет, моральдық салдар
Борыш категориясы – этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал педагогикалық кәсәби этикадағы алатын орны тіпті ерекше. Мораль сапасын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Борышты адам болу – оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау.
Этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой – бұл өз борышын жан-тәніменорындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі - бұл білім беру қызметкерлерінің істері мен әрекеттерінің қуатты қозғалыс күші.
Халқымыздың әдеп-ғұрып дағдылары мен әдеп нормаларын жақсы біліп, олардың ішінен кәзіргі күн талабына жауап беретін лайықтыларын жас ұрпақтарды тәрбиелеу ісіне қолдана білу - әр ұстаздың пайымы мен байымына, талғам-тәліміне, көрген өнегесіне байланысты. Әрине бұл ретте халықтың озық әдеп дәстүрлерін этикет талаптарымен үйлестіре, байланыстыра білу де біліктілікті, білімділікті қажет етеді.
Тәрбиенің негізігі қағидаларының болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпіз:
Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу. Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат- тілекпен байланысты туындайды. Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанының, елінің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме, өлеңдермен өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы маңызды істерімен ұштасған. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзірлеуге, мал өнімдерімен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық жасауға әзірлеу, қора салу, киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық зергелік өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай құю, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
Халық педагогикасында «бірінші байлық- денсаулық» деген ұғым өзекті орын алған. Дені саудың жаны сау, Ас адамның арқауы, Ауру астан деп, рухани, материалдық байлықтыңи тәрбиенің негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.
Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дамыту, ізгерлікке, имандылыққа, адамдыққа тірбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағиды болып есептелген. «Жаным – арымның садағасы» - деп арды, адамгершілік қасиетінің үлгісі ретінде санаган.
Гуманизм мен патриотизм - халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. «Отан от басынан басталады, деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұл өкілдерін сыйлауға отбасы тәрбиесінің өзекті принциптері деп бағаланған. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы - көпке ортақ» деген өсиет тәрбиеден өзекті роль алған.
Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға «Өнерлі өлмейді», «Білігі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады», «Білім таусылмас – кен», «Өнер - өлмес мұра» - дегенді насихаттап ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.
Адам өмірі мәнгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен, жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлдененше жұмбақ, өлең –жыр, ертегі, аңыздар шығарған.
Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік:
Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңды бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшындай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекші деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді.
Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Бір биден ала да туады, құла да туады», «Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы» деп, ой түйіндеген.
Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Мұғалімнің өнегелілік мәдениеті
Қазіргі күннің талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру, өнегелілік мәдениетін дамыту ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі барлық оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы, көбінесе соған байланысты.
Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын, өнегелілік мәдениетін жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Мұғалім үщін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда», - деп есептейді А. Дистервег.
Мұғалімнің өнегелілік мәдениеті, оның негізін құрайтын адамгершілік, моральдық борыш, ар-ұят пен намыс адамға не бере алады? Ең алдымен адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелілік пен қайырымдылық сезімін нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Ұстаз тұлғасының ойы мен сезім әлемі түйіскен жерде, оның ішкі дүниесінің нағыз қазынасы басталады. Оқушылармен бірге толғанатын, олардың жетістігіне қуанатын мұғалім ғана өзінің оң сезімінің аясын кеңейте алады.
Өнегелілік мәдениеті ұстазға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік берумен қоса, іштарлық, атаққұмарлық секілді әдеттерден аулақ болуға, әрі оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі.
Өзімшіл өресі таяз адамдар өзінің көптеген рухани адамгершілік қасиеттерінен айырылады. Адамгершілік қасиеттен айырылудың осындай жақтарын байқаған В.Г. Белинский былай деп атап көрсетті: ғалым, дәрігер, заң шығарушы болған жақсы, алайда осының өзінде адам болмау өте жаман.
Әрине, өресі кең адамдардың өзінде де әр алуан кемшіліктер, болуы мүмкін. Шындығында әр адам өзінің өнегелі ішкі дүниесін жақсартып жетілдіре алады. Ол үшін бірінші кезекте адамгершілік, мейірбандық сезім аясын кеңейтіп, өнегелілік тебіреніс тілі мен өнегелі ойды меңгеру керек.
Мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптар педагогикалық деонтологияның жеке тұлғалық компоненттерінде өз көрінісін табады.
Мектептің алға қойған мақсаты - мәдени орталық болып саналуы, адамның бойына тек жақсылықтарды ұялату, дамыту. Тұлғаны дамыту үрдісі күрделі қайшылықтарды жеңумен байланысты, осы орайда көптеген келеңсіздіктермен күресуге тура келеді, педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігі туындайды. Мұнда педагогикалық мораль, ұстаздың кәсіби жұмысында адамгершілік қатынастардың бірлігіне құрылады. Бүгінгі күні этикалық тәрбиенің, адами қасиеттерді меңгертудің мәні зор.
Педагогикалық этика педагогикалық моральдың қызметін, принциптерін, мазмұнын, ерекшеліктерін қарастырады, педагогтың адамгершілік іс-әрекетін, мінез-құлқын негізге алады. Ол педагогикалық этикет негіздерін даярлайды, оның аясына адамдардың, өскелең ұрпақ тәрбиесімен кәсіби тұрғыда айналысып отырған барлық жандардың дұрыс қарым-қатынасының ережелері, қағидалары енеді.
Педагогикалық мамандықтың моральдық аспектілері әр педагогикалық қызметкердің өзінің іс-әрекетіне деген жауапкершілікпен, жеке көзқарасымен ұштасады. Педагог өз шәкірттерінің келеңсіз, жаман әдет-қылыққа баруына жол бермей, жан-жақты тәрбиенің аясынан босатпауы шарт. Бұл салаға ата-анамен тығыз байланыс та енеді. Кез келген ұстаз моральдық міндетін орындауда еркін. Өзінің кәсіби білімін, білік, дағдысын қандай деңгейде пайдалана алуы оның кәсіби этикасына байланысты.
Мұғалім ең күрделі процестерді – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады. Кезінде көне грек философы Платон былай деген еді: егер етік тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды, бар болғаны азаматтар барынша нашар киінеді, ал егер шәкірт ұстазы өз міндетін нашар орындаса, онда елде жаман адамдар мен бұзақылар көбейіп кетеді.
Мұғалімдік атаққа ие болған әрбір адам ұстаздық абыройға ие бола бермейді, өйткені ол абыройлы, ардақты іс болғанымен, қолындағы дипломға қоса «абыройлы» деген мандат берілмейді. Жазылмаған бұл мандатты халықтан өзі алуы керек. Диплом алған әрбір адамның болмысы түгелдей мұғалім болып жаратылуы керек. Бұл мамандықты меңгерту барысында ұстаз кадрларын даярлайтын жоғарғы оқу орны әрбір тәлімгер болам деген талапкерге мұрындық болуы керек.
Педагогикалық қарам-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен шеберлік
Педагогикалық қатынас және оның мүғалімнің кәсіби қызметіндегі орның.Педагогикалық қарым-қатынас стиль.Педагогикалық такт-мүғалімнің оқушылармен педагогикалық қарым- қатынас стилін орнату ретінде.Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жену жолдары.Педагог этикасы мен әдептілік педагог қатынасының негізін салушы элемент. Педагог этикасының дәрежелері . Педагог этикасының дәрежелері . Педагог әдептілігі этикалық дәреже ретінде. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары.Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі.Сендіре білу тіл табысудың негізгі әдісі ретінде . Сендіре білу педагогтік әсер терудің әдісі ретінде. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі жанжалдар,олардың түрлері мен себептері . Дауларды шешу жолдары.
Ұстаз этикасы – оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, оқытушылар арасында басталып, өзінің заңды жалғасын топтарда табуы тиіс.Педагогикалық этикада əрбір нақты жағдайда студенттерге əсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика(əдіс-тəсіл) деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар жайлы айта отырып, осы жерде ағылшын тілі оқытушысы жайлы айта кетсек: - Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (студенттің қадір-қасиетін сөзбен де, көзбен де қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, ойын айтуға, дамытуға көмектесу). - Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінəлайды, шамалап мақтайды, кейбір істі тоқтатады, əзілді тежейді). - Шешімге келу. ( ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші). - Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен студент арасындағы психологиялық кедергі болып саналады). - Студентпен жеке əңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (студентпен жеке сөйлесу– оқытушы шеберлігінің көрсеткіші, ондай əңгімеге сабақтан кем дайындалмауы керек) - Оралымды жолдар. (əдепті оқытушы талап қойғыш, бірақ қатал болмайды). - Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (студенттер сөзімен айтқанда-əділ баға). - Көңіл-күйі. (егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Студенттердің алдында оқытушы қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты жəне көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кəсіптің сыры осында.) - Əзіл.Тапқыр сөз. (өзі əзілді сүйетін, тапқыр сөзді оқытушымен студенттер ықыласпен араласады). Сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, əсерлі көзқарас, ым 97 қимылдардың жинақталған шоғыры, мəтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ, бірқатар артистік қимыл қозғалыстар жəне шешендік тəсілдердің қорының болуы − aғылшын тілі оқытушылары үшін басты педагогтық тактика болып саналады. Ағылшын тілі оқытушысының басты ерекшелігі: ағылшын тілі оқытушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері олар ешбір жерде жəне ешқашанда студенттің ар-намысына тиетін сөздер айтпайды, дауыс көтеріп сөйлеп, сұстана немесе көзін алартып қарамайды. Мұндай қылықтар педагог түгіл, жалпы халықтың мəдениетіне жат дүние. Ағылшын оқытушыларының жалпы оқыту əдістерінде,қарым-қатынас этикасында көз байланысы (контакт) маңызды болып саналады. Өзара сөйлесушілер бір-бірінің көздеріне тура қарап, бір-бірін қолпаштап отырулары керек.Егерде тыңдаушы сөйлесушінің көзіне қарамаса, ол сыйламаушылықтың белгісі. Бұл жерде бейвербалдық тілдің көмегі зор. Ағылшын тілдінің тағы бір ерекшелігі бейбервалды тілдің өте көп қолданылады. Нағыз білікті ағылшын тілі оқытушысы студенттермен немесе əріптестерімен басқа да адамдармен сөйлескенде өте мұқият тыңдаушы болу керек мына нəрселерді естен шығармауы керек: − сөйлесушілер өзара келісушіліктерін білдіру үшін бастарын изейді; − қатты ризашылықтарын білдіру үшін қол шапалақтап немесе екі алақанын бетпе- бет кеуде тұсында ұстап тұрып бас иіеді; − өте таң қалғанда жоғарғы қабағын көтеріп қарайды; − Оң қолының бас саусағын жоғары көрсету ‘ дұрыс’деген мағынаны білдіреді; −1,2,3 деп санау кезінде қазақтар бас бармактан бастап саусақтарын бүксе, ағылшындар кіші саусақтан бастап саусақтарын жаяды. Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сəлем сөздің атасы-деп бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мəдениеттілігін көрсетеді. Амандасу − адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу − əдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, студенттің "тілін таба білу" іскер оқытушыға пайдалы. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уəдеде тұра білу, ағылшын тілі оқытушысы үшін өмірлік ұстаным болуы тиіс. Басқаны тыңдай білу − үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тəрбиелілік нышандарының бірі. Студентке өз мəртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойған сəтте оқытушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш түрінде айтса жөн. Бұл − оның көрегендігі əрі ортақ іске пайдалы нəрсе жасағандығы болар еді. Оқытушының студенттерге көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де топтағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп əсерін тигізеді. Шебер оқытушы үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған студенттерді сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер оқытушы үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнері жайлы айтайық. ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ: Өз мінез- құлқын, сезімдерін басқара алу; Бақылай, қадағалай алу; Назарды басқа жаққа аудара алу; Тəрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу жəне оны ескере білу; «жүзіне қарап оқи алу»; Студенттермен байланыс жасай алу; Педагогикалық іс-əрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара əрекеттестікті ұйымдастыру; студенттің тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету жəне т.б.)Педагогтың көңіл күйі – оның тəрбиелейтін зор күш -қуаты. Егерде оқытушының көңілі бұзылса, ол студенттеріміздің тəрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз əріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн. Біреудің жеке өміріне араласу, жалақысы, жасы немесе жанұясы жайлы сұрау ағылшын тілі оқытушыларына жат дүние. Педагогтың бойындағы тəрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА (ƏДІС-ТƏСІЛ) дейміз.
Оқытушының педагогикалық техникасы: Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды; Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды; Қол айқастыруға мүлдем болмайды; Əр cтуденттің көзіне қарап сабақ түсіндіру керек; Дұрыс жəне мəнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мəдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі); Жест жəне мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу; Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі; Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі болуы тиіс жəне педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған студенттердің бəрі түсіндіріліп жатқан материалды жақсы меңгеретіні сөзсіз. Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби - «Нағыз тəрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагогикалық əдептің қыр-сырына тоқталып кеткен болатын жəне бұл ағылшын тілі оқытушысына да қатысты: Өнер білімге құштар; Мүшелері мүлдем мінсіз; Жаратылысынан өзіне айтқанның бəрін жете түсінетін; Өзі естіген, көрген, түсінген жəне аңғарған нəрселердің бəрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз; Өткір сөз иесі жəне ойына түйгенінің бəрін анық бере алатын; Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға қанағатшыл; Жаны асқақ жəне ар -намысын ардақтайтын; Жаратылысынан игі істерге ынтызар; Əділеттілігі мен əділеттілерді сүйіп, əділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; Жақындарына да, жат адамдарға да əділ; Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек; Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сəтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз ; Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – оқытушы жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ əділ де əдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Əрине, бұл əбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.
Қазіргі кезде болашақ маманға білім беру мен оларды тəрбиелеуде жоғарғы оқу орындары мамандарының біліктілігінің алатын орны аса ерекше екені баршаға белгілі. Білікті маман ол білімді, мамандығын жетік меңгерген, рухани бай, мəдениетті болуы керек. Ал,тіл үйрену сол тілдің мəдениетімен, əсіресе сөйлеу этикасымен тығыз байланысты. Ұлттың тілін үйренуде басқа елдің өкілі алдымен сол халықтың тіліндегі сөз этикасына мəн береді.Белгілі бір халықтың немесе ұлттың тілін үйрену үшін алдымен сол халықтың тіліндегі сөйлеу этикасына назар аударылады. Себебі, сөйлесу тілдік қарым-қатынастың негізгі құралы. Ол үшін жоғары оқу орындарында болашақ тіл мамандадарын дайындайтын факультеттерде «Қарым-қатынас этикасы үрдісі» жасалып, жұмыс оқу бағдарламасына осы пəн таңдау немесе міндетті компонент ретінде енгізілуі керек. Ол үшін əрбір тілдің мамандары өздері оқытып жатқан тілдің ерекшеліктерін ана тілмен тағы басқа тілдермен салыстыра отырып зерттеп,ғылыми негіздеріне талдау жасап,сараптап, оқылатын пəннің бағдарламасын жасаулары керек.
Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "( Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.
Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан – жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?
Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.
Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.
Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.
Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан – қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.
Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Өз ойымызды қортындылай келе:
- озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау;
- үздіксіз біліктілік көтеріп отыру;
- арнайы әдебиеттерді оқу;
- өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп отыру;
Басқа көптеген кәсіптермен салыстырғанда педагогтық кәсіп мұғалім еңбегінің адамгершілік мазмұны бай болумен ерекшеленеді. Сондықтан мұғалімнің жеке басының қалыптасу процесін зерттеу, оның рухани және моральдық бет-бейнесіне талаптар қою – мораль теориясы мен педагогикалық теорияның аса маңызды міндеттерінің бірі.
«Тәрбиеші өзін-өзі дұрыс ұстай білуге тиісті, - деп жазды А.С. Макаренко, - ол өзінің әрбір қозғалысының тәрбиелік роль атқаратындығын және нақтылы жағдай нені қажет ететінін немесе нені қажет етпейтінін білуі шарт».
Жоғарыда айтып өткеніміздей, этикет, адамгершілік, мәдениет, педагогтық этика, егер оның салыстырмалы түрде дербес өмір сүруін ескерер болсақ, бүгінгі күні педагогика ғылымының ең жас салаларының бірі болып табылады. Ауызекі халық педагогикасында этикалық талаптар мақал-мәтелдер, әдет- ғұрыптар арқылы беріліп отырады. Барлық кездердің ойшылдары, ғалымдары, теоретиктері, педагогтары ұстаздың абыройлы қызметі, моральдық жауапкершілігі туралы ой толғаған. Мысалы, Ян Амос Коменский «мұғалімнің атқаратын қызметі өте құрметті әрі тамашалығы соншалық, күн астында мұндай ешбір қызмет жоқ» деп есептеді. Ал біздің ұлы демократ-ағартушымыз Абай оптимизмге толы, мәңгі өлмейтін өлең жолдарын ұстазға арнады:
Ақырын жүріп, анық бас,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Еңбегің кетпес далаға.
Үйретуден балаға.
Алайда қазіргі кезге дейін мұғалімге деген кәсіптік қызметтің адамгершілік нормалары, моральдық талаптары жүйеге келтірілмеді, олар тәрбиенің, оқытудың, педагогқа кәсіби мінездеме берудің және қайсыбір мәселелеріне байланысты ғана тұжырымдалып, қарастырылып келеді, яғни педагогтық этика бейне бір «бытыраңқы» жағдайда, тәжірибе ретінде ғана, үстірт жазылып келеді. Тіпті «педагог этикасы» деген терминнің өзі 60-жылдардың аяғында ғана қолданыла бастады. Мәселен, педагогикалық энциклопедияның екі басылымында, педагогикалық сөздікте және этика жөніндегі сөздікте мұндай термин жоқ. Өткен ғасырдың белгілі философтары мен педагогтарының педагогтық этика проблемасына қатысты жұмыстарында басты назар мұғалімнің кәсіптік еңбекке этикалық дайындығының ұйымдық және мазмұндық жағына аударылды.
Мұғалім қызметі - өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі қарама-қайшылығы мол жан дүниесіне ене білуде. Әлі толықпаған сәби жанын жасытып, жаралап алмас үшін мұны әрқашан да есте сақтау қажет. Педагогтың шәкірт пен шынайы достық қарым-қатынасын ешбір оқулықпен алмастыруға болмайды. Парасаттылық ақыл-оймен, ар-ұят парыздылықпен, өз ұлтына деген сүйіспеншілік соған адал қызмет етумен тәрбиеленеді.
Мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, тәрбиеленушінің әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан деп атайды.
Ұстаз тұлғасын адамгершілік тұрғыдан қалыптастыру, яғни мұғалімнің тек кәсіби сапасына ғана емес, тұлғалық сипатына, адамгершілік қасиетіне, моральдық бет-бейнесіне ден қою көп көңіл аударарлық мәселе.

Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты қамтылады.


Психолог-ғалымдар тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:

  • «Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысы» (А. Лурия);

  • «Тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қатынастардан қанағаттанбау нәтижесі» (В. Мерлин);

  • «Санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоқтығысуы» (Ф. Василюк және т.б.);

Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғааралық қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» (А. Я. Анцунов, С. Б. Баклановский «Конфликтология» Питер, 2007, 127 бет)
Субъекттердің өзара әрекетіне қарай отбасындағы қақтығыстар былайша бөлінеді: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары, әкелер (аталар) мен немерелер арасындағы қақтығыстар (бұл туралы жан-жақты осы тақырыпты өткенде беріледі).
Басшылар мен оған бағынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас ғылымда да, практикада да өзекті мәселе. Мұнда басқарудың стилі, басшының абыройы, сый-құрметі, ұжымда социал-психологиялық жағдай-климат жасау мәселелері үлкен мәнге ие.
Басшы мен бағынушы арасындағы қақтығыс себептері объектив және субъектив түрде кездеседі.
Объектив себептер:

  • Қатынастың субординациялық характері функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашан да қақтығыс тудырады;

  • «Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес;

  • «Тікелей басшы-бағынушы» арасында әрқашан да қақтығыс бар;

  • Борыш, құқық пен міндет тең болуы қажет;

  • Басшының сезім және профессиональдық жағдайда бейімделгенінің күрделілігі және т.б.

Субъектив себептер:

  • Басқарушыға тән себептер: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау т.б;

  • Тұлғалық себептер: қатынас жасау мәдениеті төмендігі, өз міндетін шын ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану, жеке психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар келіспеушілігі (қарсы келу, эмоциялық тұрақсыздық, күйіп-пісу, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлыптарының ұнамсыздығы және т.б.);

  • Қақтығыстың тұлғалық себептері, олардың жеке психологиялық ерекшеліктерімен байланысты (екі тұлға арасындағы) .

Ол себептер төмендегідей:

  • Өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау;

  • Социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы;

  • Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі;

  • Басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы);

  • Өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, есептеу, сынақ нәтижесінде өзгелерді жоғары кемсіту, кекету, жоғары талаптар қою;

  • Темпераменттің холерик типі қасиеттерінің болуы және т.б.

Қақтығыстардың келіп шығу себептері мен факторлары да түрліше болуы мүмкін. Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себептерге негізделеді. Олар: объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық және жеке тұлғалық:

  1. I) Қақтығыстың объективтік себептеріне адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Объектив себептері қақтығыстық жағдайды тудырады. Ал субъектив себептер қақтығыс мүшелерінің (оппонеттер) жеке психологиялық ерекшеліктермен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын, сол қақтығыс арқылы объектив қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке психологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Әрқандай ситуация (жағдайда) оны қақтығыспен және қақтығыссыз шешуге мүмкіндік болады.

Сондықтан да тәжірибеде әрқандай қақтығыстың объектив-субъектив себептер комплексі бар. Олар:

  • Адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде материалдық және рухани қызығулардың табиғи қақтығысы;

  • Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің құқықтық және нормативтік қағидаларының, тұрмыстық қайшылықтардың толық жете жетілмегендігі;

  • Материалдық және рухани байлық, құндылықтардың адамның нормаға сай өмір сүруіне тең бөлінбеуінен;

  • Республика халқының тұрмыс- тәрізінің әртүрлілігі;

  • Ұлттар арасындағы жеке тұлғааралық және топаралық қақтығыстардың болуы.

Сонымен қатар, адамдар жасайтын өңірлерде экологиялық жағдайлардың нашарлауы, әртүрлі төтенше апат жағдайлары және т.б. қақтығыстардың келіп шығуына себеп болады.
II). Қақтығыстың ұйымдастыру – басқару себептеріне — ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады. 4 түрлі себептерді көрсетуге болады. Олар:
Құрылымдық-ұйымдастыру — яғни ұйымның құрылымының сол еңбек түріне сай келмеуі.
Ұйымның құрылымының мақсат-міндеті талаптарға сай болуы қажет. Кері жағдайда ондағы жеке тұлғалар (басшылар және топтар арасындағы қақтығыс күшейе түседі. Жалпы өнім төмендейді. Сондықтан да ұйымның құрылымын жасауда, жобалауда олқылыққа жол бермеу қажет. Ұйымдағы тапсырма, міндеттер анық, шеберлікпен ұйымдастырылмаса қақтығыс, қиыншылықтар молая түседі.
Функциональдық-ұйымдастырушылық ұйымының сыртқы ортамен тиімді функциональдық байланыстары төмендегенде, ұйым ішіндегі бөлімдер мен жеке құрылымдар арасындағы байланыс бұзылғанда, жеке жұмысшылар арасындағы сыйластық, түсінушілік төмендегенде қақтығыстарға себеп болады.
Жеке тұлғалық-функциональдық — лауазымдағы қызметке, басшылардың өз мамандығына, адамдық, моральдық қасиеттерімен сай келмеу себебі: Мұндай ұжымда бастық пен қызметкер, мамандар, жұмысшылар арасында қақтығыстық болуы сөзсіз.
Ситуациялық-басқарушылық — ұйым басшысы, оған бағынушылар тарапынан қате шешім мен қаулылардың қабылдаыуына байланысты қақтығыстар себебі. Басшының орынсыз шешімі оған мойынсынушылардың наразылығын тудырады.
Әрбір әлеуметтік топтардағы сияқты жалпы білім беретін мектептерге де әртүрлі қақтығыстар тән.
Педагогикалық сала жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру, әркетінің жинақталған түрі яғни өмірде көрініс табатын барлық тәжірибені оқушылардың санасына сіңдіру, дағды, іскерліктерді қалыптастыру. Сондықтан да мұнда педагогтар, ата-аналар және оқушылар үшін қолайлы, ұнамды, жағымды педагогика-психологиялық жағдай жаратылған болуы қажет.
Ағартушылық саласында 4 субъектің қызметі өз бірлестігін, өзара ықпалдастығын таба білуі қажет: Оқушы, оқытушы, ата-аналар және басқарушы (администратор), олар арасында өзара қақтығыстар жүзеге келу ықтималы бар.
Оқыту мен тәрбие процесі, әрқандай даму сияқты, қақтығыссыз және қайшылықсыз өтпейді. Балалармен қақтығысқа келу, реал өмірдің бір құрамы ретінде көрініс табады.
Психолог М. Рыбакованың пікірінше оқытушы мен оқушы арасында қақтығыстың төмендегідей түрлері кездеседі:
— Қызмет, лауазымымен байланысты қақтығыстар, олар көбінесе балалардың үлгерімімен байланысты, сабақтан тыс тапсырмаларды нашар орындауымен немесе орындамауымен байланысты пайда болады.
Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін: Шаршау, оқу материалдарының қиындығы мен күрделілігі, оқытушының орынсыз ескертулер беруі және т.б;

  • Іс-әрекет, өзін ұстай білмеуден, құлықтағы ұнамсыз көріністерден келіп шығатын қақтығыстар. Яғни оқушылардың мектепте және мектептен тыс кезде өзін ұстай білу қағида, ерекшеліктерін бұзуы.

Ол ұнамсыз әрекеттердің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Кейде оқытушы ол себептерді анықтамай тұрып, оқушыға баға береді, жазалауға әрекеттенеді;

  • Қатынастағы қақтығыстар яғни оқытушы мен оқушының эмоциялық көңіл-күйімен, тұлғаның мінез-құлқымен байланысты жүзеге келетін қақтығыстар. Мұндай жағдайда оқушының жеке тұлғалық мәні іске түседі, оларда оқытушыға деген ұзаққа созылатын наразылық, келіспеушілік, ұнамсыз пікір пайда болады. Олар арасындағы өзара қатынас ұзақ мерзімге бұзылады.

Оқытушы-оқушы арасындағы қақтығыстың ерекшеліктері төмендугідей көріністе болуы мүмкін:

  • Проблемалық ситуация, жағдайларды дұрыс шешу оқытушының негізгі міндеті.

  • Қақтығыс мүшелерінің статусы (орны) айырықша (оқытушы-оқушы) –олардың қақтығыстағы құлқы, өзін ұстауы ерекше;

  • Қақтығыстың шешілуінде олардың өмір тәжірибесі әртүрлі дәрежеде, деңгейде, сондықтан да жауапкершілік те әр түрлі деңгейде болуы қажет;

  • Оқиғаның мәні мен себептерін олар түрліше түсінеді, пікірлейді;

  • Басқа оқушылардың қақтығыстың куәсі болуы олардың да тәрбиесіне әсер етеді;

  • Оқытушының маман ретінде қақтығыстағы орны ерекше, сондықтан да қақтығыстың шешімін табуды ол өз жауапкершілігіне алуы қажет, мүмкіндігінше оны оқушы пайдасына шешуге әрекеттенуі керек, өйткені ол оқушы тұлғасын қалыптастырушы;

  • Оқытушы қақтығысты шешуде қателікке жол қоятын болса, ол басқа қатысушылар үшін жаңа қақтығыс пен проблемалар тудырған болады;

  • Қақтығысты тиімді шешуден гөрі, оның алдын алған абзал, жеңіл, ұтымды.

Оқытушылар қақтығыстарды басқаруда мынадай негізгі ұсыныстар беріледі:

  • Өз эмоцияңды бақылауда объектив болу қажет, оқушыларға өз пікір, көзқарастарын түсіндіруге, дәлелдеуге мүмкіндік берген мақұл, оларды «сөйлетіп алу» қажет;

  • Оқушыға өз пікір, түсінігіңді, ойыңды баса көктеп өткізуге әрекеттенбеу (мысалы, «мен сені білемін», «сен мені алдамай»сың ба?» және т.б.);

  • Оқушыны балағаттап, кемсітпеу, қапа етпеу (кейінгі әрекеттердің барлығы бекер, зая кетеді);

  • Оқушыны сыныптан шығарып жіберуге әрекеттенбеу керек;

  • Қақтығыс жөнінде мүмкіндігінше бастықтарға жеткізбеуге әрекеттену керек;

  • Оқушының дөрекі әрекеттеріне дөрекілікпен жауап қайтармауға әрекеттену қажет (өз құрмет-абыройыңды төккен болсын).
    оның жеке тұлғалық абыройын төкпе, аяқ асты қылма, жанұясын қоспа, тек оның анық нақты әрекеттеріне баға бер;

  • Қайшылықтың шешілу нәтижесінің дұрыс-бұрыстығына қарамай, қатынасты жалғастыруға әрекеттену қажет (қақтығыс жөнінде өз өкінішіңді, пікіріңді айтып отырма);

  • Оқушылармен қақтығыстың болуынан қорқпау, қашпау керек, оларды тиімді шешудің инициативасын жылдам өз қолыңа алуға әрекеттену керек.

Табиғатта, әлеуметтік ескінің орнына жаңалық кіріп келуі әрқашанда объективті құбылыс. Сондықтан да жаңалық пен ескілік арасындағы қарама-қайшылықтардың көрініс табуы табиғи және мәңгілік мәнге ие. Көп жағдайда бұл қайшылықтар қақтығыстарға айналатыны да белгілі. Әрқандай құбылыстың даму сатысында онда болып жататын өзгерістердің мерзімі, тездігі және көлемі әр түрлі деңгейде көрінеді. Ол өзгерістердің мән-мазмұнына, өмірге қажеттілігіне қарай олардың сақталу мерзімі, құндылығы, қарқыны арта түседі, соған орай қақтығыстар туындауы да жиілейді.
Жаңалықтар енуімен байланысты болған инновациялық қайшылық, қақтығыстардың мынадай түрлері және келіп шығу себептері болады:

  • Тұлғааралық инновациялық қақтығыстар – бұл еңгізілген жаңалықтың қолдаушылары мен қарсыластары арасындағы қарсы әрекеттер, яғни қарсыластар мен қолдаушылар арасындағы ұнамсыз көңіл-күй, түсінісбеушілік.

Тұлғааралық инновациялық қақтығыс себептерін төмендегідей 5 топқа ажырату мүмкін:
Объективті себептер — жаңашылдар (новотарлар) мен ескішілдер (консерваторлар) мүдделері арасындағы табиғи қақтығыс, тартыс. Жаңалықты қолдаушылар мен қарсыластар әрқашан да болған, болады да, қазір де бар. Айтылған себеп олар арасындағы қақтығыстың негізгісі.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері — бұл жаңалықты еңгізу, бағалау, жариялау, тарату барысында саяси, тұрмыстық, басқарушылық механизмінің жетілмегендігі, жетіспеушілігі.
Инновациялық себептер — еңгізілуге бағытталған жаңалықтың өзінде кездесетін, кемшіліктердің, олқылықтардың болуы. (жаңалық сипатында, мінездемесінде).
Тұлғалық себептер — инновациялық (жаңалық еңгізушілер) процесс қатысушыларының жеке-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты себептер. Яғни көптеген қызметкерлердің жаңалық, өзгерістерге деген ұнамсыз, жағымсыз пікір-көзқарасының болуы, қалыптасуы, кейбір психологтардың есептеуінше 50% дейін (Ю. Н. Мягков).
Ситуация, жағдаймен байланысты себептер — жаңалық еңгізумен байланысты сол нақты жаңалықтың әсерінен туатын ситуация.
Тұлғааралық инновациялық қақтығыстарды шешудің негізгі мәселелері, жолдары төмендегідей:

  • Әрқандай жаңалықты еңгізудің техникалық, технологиялық жақтары емес, социалдық, психологиялық процесс жағын есепке алу;

  • Жаңалықты қолдаушылар мен қарсыластар арасындағы ұнамсыз эмоция жағдай күшті болса, ол жаңалық тиімді болмағаны;

  • Жаңалық еңгізушілер консерваторларға (ескішілдер) қарағанда көбірек күйіп-піседі, ойланады, толғанады;

  • Еңгізілетін жаңалық қаншалықты тиімді болса, оны жақтаушылардың жеңісі орынды болады, қақтығыста олар жеңіске жете береді;

  • Жаңалық еңгізушілердің қатары (қолдаушылары) молайа берсе, қақтығыстар олардың пайдасына шешіле береді;

  • Ұжым мүшелері еңгізілетін жаңалық (оның мәні, мазмұны, ерекшеліктері) жөнінде толық мәлімет, деректерге ие болса, қақтығыстың шиеленісуі төмендей береді;

  • Асығыс, жан-жақты ойластырылмай еңгізілген жаңалықтан гөрі, біртіндеп ойластырылып, ұйымдастырылған жаңалық кем қарсылық тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет