1 сынып тоқсан «Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



Дата08.02.2022
өлшемі21,41 Kb.
#117645
Байланысты:
11 БЖБ


11 сынып
1 тоқсан «Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
№1
Тербелістердің негізгі сипаттамаларын сәйкестендіріңіз.



Тербеліс периоды

ν [Гц]

Тербеліс жиілігі

хm [м]

Тербеліс амплитудасы

T [c]


№2
Материалдық нүкте t = 2 мин уақыт аралығында N = 200 тербеліс жасады. Оның Т тербеліс периодын, ν жиілігін және ω циклдік жиілігін анықтаңыздар.
№3
Массасы 300 г, қатаңдығы 200 Н/м серіппедегі жүктің еркін тербелісінің жиілігін тап.

№4


Жібінің ұзындығы 1 м математикалық маятникке ілінген массасы 400 г дененің тербеліс периоды осы дененің серіппелі маятникке ілінгендегі тербеліс периодына тең болу қажет. Сондағы серіппенің қатаңдығын тап.

№5


Идеал тербелмелі контурда конденсатор астарларындағы заряд q=20cos105t (Кл) заңы бойынша өзгереді. Катушканың индуктивтілігі L=10 Гн. Тербеліс амплитудасын, периодын, жиілігін және конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.

№6
Тербелмелі контур сыйымдылығы C=10мкФ конденсатор мен индуктивтілігі L=0.2 Гн катушкадан тұрады. Конденсаторды Um=4 В кернеуге дейін зарядталған соң ол разрядтала бастайды. Катушканың магнит өрісінің энергиясы конденсатордың электр өрісінің энергиясына тең болған мезетте контурдағы ток күшін табыңдар. Контурдың кедергісі нөлге.




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тербелістердің негізгі сипаттамаларына тоқталады.

1

Тербелістердің негізгі сипаттамаларын сәйкестендіреді.



2

Механикалық гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктеріне есеп шығарады.

2

Шамаларды ХБЖ-ға айналдырады.
Тербеліс периодын, ν жиілігін және ω циклдік жиілігін анықтайды.

3

Серіппелі маятник формуласын қолданады.

3

Шамаларды ХБЖ-ға айналдырады.
Серіппелі маятник формуласын жазады
Еркін тербелісінің жиілігін анықтайды.

3

Серіппелі және математикалық маятниктердің формуласын қолданып, есеп шығарады.

4

Шамаларды ХБЖ-ға айналдырады.
Периодты анықтайды
Серіппенің қатаңдығын табады.

3

Идеал тербелмелі контурда конденсатор астарларындағы заряд заңын қолданып, физикалық шамаларды анықтайды.

5

Тербеліс амплитудасын, периодын, жиілігін және конденсатордың сыйымдылығын анықтайды.

4

Катушканың магнит өрісінің энергиясы конденсатордың электр өрісінің энергиясына тең екендігін ескере отырып, есептеу жүргізеді.

6

Шамаларды ХБЖ-ға айналдырады.
Контурдағы ток күшін табады.

3

Жалпы балл

18


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет