1. ТҚаз балаларға клиникалық-пcиxoлoгиялық мінездеме беріңіздер



бет6/7
Дата25.02.2022
өлшемі20,84 Kb.
#133393
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. Ò?àç áàëàëàð?à êëèíèêàëû?-ïcèxoëoãèÿëû? ì³íåçäåìå áåð³?³çäåð

Демонстративті тип- байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеуші мн лидерлікке талпынады, өзіне- өзі сенімділігімен адамдарға ұнамайды.

Экзатацияланған тип- контактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бірақ конфликтіге жеткізбейді, конфликт кезінде белсенді, әрі енжар болады. 

Экстравертивті тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлі нәрселер жайлы сөйлесе береді, достары мен жақындарына лидерлікті береді. 

Интравертивті тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейім, жалғыздықты сүйеді, тек өз өміріне басқа біреу кіріскенде ғана конфликтіге түседі. 
2. Қандай пcиxoлoгиялық соққылар жасөспірімдердің жеке тұлғалық дамуында ауытқуылар туғызуы мүмкін?
Ефимова О.И, Скакун И.В. өз зерттеулерінде жасөспірімдер ортасындағы қауіп- қатерлердің психологиялық және әлеуметтік психологиялық факторларын оқып- тануды нақты міндет етіп қойды. Оның ішінде жасөспірімдер акцентуациялық мінезі, өзара қатынас стилдері және суицидтік қауіп- қатердің айқындалу деңгейі. Эмпирикалық зерттеулердің нәтижесінде суицидтік қатер көрінісі байқалмаған топтарда акцентуациялық мінез басымдылығы көрінбегенін дәлелдеді. Жоғарғы суицидтік қауіп-қатер жасөспірімдердің акцентуциялық мінезінің аффективті- экзальтивті және қозғыш типтеріне тән, бұл типтер зерттеу барысында басқа типтер арасында айқын басымдылық көрсетті. Бұл тип көңіл*күйінің ауыспалығымен, жарқын эмоцияларымен, эмоуһционалды күйінің үлкен диапазоныен сипатталады: қуанышты хабарға тез шаттанады және жағымсыз хабарға тез қайғырады. Бұл типтегі адамдардың мінез-құлқын жоғары эмоциялар, сезімдер, әуесқойлық сияқты негізгі бейнелер басқарады, сондықтан олар өз жүріс-тұрыстарын және рефлексияларын реттей алмай жатады. Осының нәтижесінде не істерлерін білмей қалу күйлерінен олардың ойлары тез арада суицидтік ниеттерге әрекеттерге ауысып кетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет