3-топ. «Әдеби үйірме» стратегиясы.
Баяндап беруші – оқушы өз көзқарасы тұрғысынан оқиға мазмұнын дайындайды, баяндайды.
Зерттеуші – Келден мен Құралай сұлудың, Монтай бидің мінезін немесе басты оқиғаны сипаттайды. Жаңа сөздердің мәнін ашады.
Келден – Шу бойын мекендеген, он сегіз ұлы бар бай. Жас кезінде Құралай сұлуға ғашық болған. 13 жасында қалмақтың жортушысын аңдимын деп атқа қонған. Отбасында 3 ұл, 1 қыз болған. Келден - ең кенжесі. Қалмақтарға қарсы шайқаста атына оқ тиіп, тұтқынға түседі. 5 жыл тұтқында болып, қорлық көреді. Қалмақтың құл-құтаны бетіне күйе жағып мазақ етеді. Көшкенде нарға теңдеп, салбыратып тірі өліктей қор қылып сүйретеді. Қалмақ ханы Сейқынға «Қалмаққа жау болмаймын» деп ант бермегені үшін қараңғы үңгірге қамалады. Тұтқыннан Құралай сұлу босатып алады. Осы оқиғалардан Келденнің елі үшін жанын қиятын ержүрек, Отанын сатпайтын батыр деп айтуға болады.
Құралай сұлу – намысшыл, ана аманатын орындауда басын қатерге тіккен, әкесі қалмақ болса да, анасы айтқан қазақтың дәстүрін берік ұстаған, басын қатерге тіккен қайсар қыз. Сүйген жарына адал, мөлдір махаббаттың иесі, анасының аманатын орындаған батыл қыз.
Достарыңызбен бөлісу: |