1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»
І нұсқа
Оқу мақсаты:
|
5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;
5.4.1.1. қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
|
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. «Төрт сөйлем» әдісі бойынша көтерілген мәселеге ойыңызды білдіріңіз.
1-мәтін бойынша сұрақтар:
а) Тілдің адам өміріндегі маңызы қандай?
ә) Мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?
«Төрт сөйлем» әдісі
а) Менің ойымша, ...
ә) Себебі ....
б) Мысалдар мен дәлел келтіру
в) Қорытынды ой
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Мәтіннен 6 сөз таңдап, дыбыстық талдау жасау.
Мысалы: Жоғары-буын үндестігіне бағынып тұр
Ж-дауыссыз, ұяң
О – дауысты, жуан, ашық, еріндік
Ғ-дауыссыз, ұяң
А- дауысты, жуан, ашық, езулік
Р-дауыссыз, үнді
Ы- дауысты,жуан, қысаң, езулік
1-мәтін
Тіл мәртебесі – ел мерейі
Біздің қазақ халқының тілі айтылуға орамды, өте бай көркем тіл. Тіл –
адамзаттың барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық қарым-қатынасының, іс-әрекетінің құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің басты борыштарымыздың бірі. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.
Тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген болатын. Бұл - әр қазақстандықтың қастерлі парызы. (138 сөз)
(http://makala.kz)
Достарыңызбен бөлісу: |