10 – Дәріс Тақырыбы



бет4/8
Дата20.06.2022
өлшемі35,3 Kb.
#146881
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 10 аң шаруашылығы
Geografiya kaz, 11 А тізімі жаңасы, Өsіmdіktің-topyraқtan-sudy-zhәne-mineraldardy-sіңіruі, 44.48 заннама, 47,50 сит 77,78
Клоака қапшығы - құс организміндегі иммуиды биологиялық орталық қорғаныс мүшесі. Қапшық қабырғасындағы лимфа түйін-шелерінде гуморальды иммунитетке жауапты қапшыққа (бурсаға) тәуелді В - лимфоциттер дамып, қап арқылы лимфа түйіндері мен көкбауырдың В - лимфоциттер аймақтарына барып қоныстанып, антиденелер түзгіш әсерлі плазмоциттерге айналады.
Клоака қапшығы клоаканың жоғарғы кабырғасында орналаскан, іші қуыс қалта тәрізді құрылым. Оның, ішкі бетіндегі қатпарланған кілегейлі қабығы көпқатарлы призма тәрізді эпителиймен астарланған. Капшықгың қатпарланған кілегейлі қабықшасында: сыртқы қыртысты, ішкі бозғылт заттардан кұралған, бір-біріне тығыз жатқан майда лимфа түйіншелері болады. Түйіншелердің негізін құрайтын өсінділі торлы-эпителиоциттер аралықгарында қыртысты затында тығыз жатқан кіші лимфоцитгер, ал бозғылт затьшда ірі және орташа лимфоцитгер орналасады.
Сүтқоректі жануарларда, ғалымдардың болжамы бойынша, клоака қапшығының қызметін ащы ішектер кілегейлі қабығындағы лимфа түйіншелері атқарады.
Көкбауыр - жануарлардың құрсақ қуысында, бірбөлімді қарынның үлкен иінінде, көпбөлімді қарынның мес қарынына жанаса орналасқан, пішіні ұзынша доғалдау келген, көкшіл қызыл-қоңыр түсті шеткі қан жасау және қорғаныс мүшесі. Көкбауырда организмге сырттан түскен әр түрлі антигендер, ескіріп қызметінен айырылған эритроциттер мен қан табақшалары жойылады. Ыдырап жойылған эритроциттер құрамындағы гемоглобиннен биллирубин мен құрамында темір бар трансферрин түзіледі. Биллирубин бауырға өтіп, өт пигменттеріне айналады. Ал темірлі трансферринді макрофагтар өздеріне сіңіріп алып, қайтадан жаңа эритроциттерді түзу процесін темірмен қамтамасыз ету үшін, сүйектің қызыл кемігі майына тасымалдайды. Бұнымен қатар, организмдегі жасушалық және сұйықтық иммунитеттердің қалыптасуына қатысып, сүйек майларындағы эритроциттердің түзілу процесі деңгейін төмендететін биологиялық белсенді зат бөледі. Көкбауырдың лимфа түйіншелеріндегі Т - және В - аймақтарда тиісті антигендерге қарсы дамып жетілген эффекторлы Т - және В - лимфоциттер мен иммунды-глобулиндер түзетін плазмоциттер дамиды. Қалыпты жағдайда организмдегі қанның 10% -ы көкбауырда қорланады.
Эмбриондық кезеңде көкбауыр жоғарғы шажырқай мезенхимасынан дамиды. Мезенхимадан көкбауырдың сыртқы қапшығы мен одан ішке қарай торлана таралатын көкбауыр перделіктер және стромасының негізін құрайтын ретикулалы ұлпа қалыптасады. Үрықтық дамудың алғашқы кезендерінде көкбауыр стромасына миелоидты ұлпа қоныстанып, онда эритроциттер, гранулоциттер мен мегакариоциттер дамиды. Соңынан орталық қан жасау мүшелерінен лимфоидты ұлпа жасушалары орталық артериялар маңына қоныстанып (алдымен Т - лимфоциттер, кейіннен В - лимфоциттер), миелоидты қантүзілуді лимфоидты қантүзілу алмас-тырады. Көкбауырда лимфа түйіншелерімен қатар бір кезенде, оның қызыл жұмсағы (пульпасы) да қалыптасады.
Көкбауыр құрсақ қуысында орналасады. Ол сыртынан ішпердемен және оның астындағы тығыз дәнекер ұлпалық қапшыкпен капталған. Капшықтан көкбауырдың ішіне қарай бір-бірімен торлана байланысқан перделіктер таралады. Көкбауырдың тірек - жиырылғыштық құрылымын құрайтын, оның сыртқы қапшығы мен перделіктерін тьцғыз дәнекер ұлпасының коллаген және эластин талшықтары меп олардың аралықтарындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің шоғырлары жасайды. Сондықган, көкбауырдың қабырғасы созылмалы да серпімді келеді және жиырылып, ішіндегі қанды қан тамырларына айдайды. Қапшығы мен перделіктердің қалындығы көкбауырдың барлық жерлерінде бірдей болмайды, қақпа тұсында олар қалындау келеді. Қақпа перделіктері арқылы көкбауырды қоректендіретін қан тамырлары (перделік артерия мен вена) мен жұмысын реттейтін жүйкелер еніп-шығып жатады. Перделік венасында ет қабығы болмайды. Қапшық пен перделіктер аралықтарында көкбауырдың ақ және қызыл жұмсақтары орналасады. Олардың негізін ретикулалы ұлпа қүрайды. Көкбауырдың ақ жұмсағы пішіні дөңгелек немесе сопақ келген ақшыл-сұр түсті, орталық артерияның сыртын қоршай орналаскан ұсақ лимфа түйіншелерінің жиынтығы. Лимфа түйіншелері лимфа түйінінің аттас түйіншелеріне сәйкес келеді. Орта есеппен ақжүмсақгың үлесіне жануарлар көкбауырларының 1/5 бөлігі, яғни 20%-ы тиеді. Лимфа түйіншесін орталық артерия адвентициясында, оны айнала орналасқан Т - және В - лимфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар құрайды. Түйіншені сыртынан жалпақ пішінді ретикулоциттер қаптап жатады. Орталық артерия лимфа түйіншесінің орталығынан тыс, бір шетіне жақындау орналасады. Лимфа түйіншесі бір-бірінен анық ажыратылатын төрт аймақтан тұрады. Олар: 1) периартериальды аймақ немесе Т - аймақ; 2) көбею орталығы; 3) жапқыш (мантий) аймағы; 4) жиекті (маргинальды) аймақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет