13-ДӘріс. Мінез-қҰЛЫҚ модельдері жәНЕ КОНФЛИКТІЛІК Мінез-қҰЛЫҚТЫҢ ерекшеліктері


ІІІ. Конфликтілі мінез-құлық ерекшеліктеріне және конфликтілі мінез-құлық модельдеріне тоқталамыз



бет5/6
Дата25.11.2022
өлшемі22,94 Kb.
#159836
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
13 лекция-1

ІІІ. Конфликтілі мінез-құлық ерекшеліктеріне және конфликтілі мінез-құлық модельдеріне тоқталамыз.


Конфликтілі мінез-құлық модельдері және олардың типтері.
Негізінен 3 түрі көрсетіледі: конструктивті, деструктивті және конформдық. Мінез-құлықтың конструктивті моделінде адам конфликтіні басуға, мүмкін деген шешімді іздеуге ұмтылады, өзін салқын қанды ұстайды, шыдамдылық көрсетеді, бақталасқа (соперник) мейрімді қатынас ұстайды, ашық және шынайы болады, қарым-қатынаста аз сөзді болады.
Деструктивті модель адам үнемі конфликтіні өршітуге ұмтылады, бақталасты төмендетуге, қорлауға бейім тұрады, серіктесі туралы негативті пікірде болып, сенбей, шүбәленіп, қарым-қатынас этикасын дөрекі бұзады.
Конформистік модель – адам өзін енжар ұстайды, тез жеңіле салады, көне береді, өзінің пікірілеріне тұрақты емес, өткір сұрақтардан қашады. бакталастың пікіріне тез жеңіл келісе береді.
Әрине ең дұрысы ол конструктивті модель, К. Томас және Р. Киллмен конфликтілі өзара әрекетте мінез-құлықтың стратегиясының екі өлшемді моделі бойынша конфликтіге катысушылардың екі жағы да өз қызығулары мен қатар қарсы жақтың да қызығуларын ескеру керек.
Соған байланысты сіздерге бірнеше психологиялық ұсыныстар, кеңестер беріледі:
1.Біреуге ескерту айтарда ең алдыменен серіктестің (партнердың) мінез-құлық ерекшеліктеріне көңіл бөліңіз, партнердің тек нақты әрекетіне ғана тоқталуға тырысыңыз;
2.Көбінесе қорытындыны емес өзіңіз бақылаған нәрсе жайлы айтыңыз, сіздің осындай көмегіңіз арқылы ол дұрыс шешімге келуі мүмкін, сіздің қорытындыңыз дұрыс деп оны айтқыңыз келсе, иллюзия жасамаңыз сізде қателесу болуы мүмкін;
3. Бағалау формасында емес, баяндау, суреттеу сияқты тәсілді қолданыңыз;
4.Басқа адамның мінез-құлқын суреттегенде мына категорияларды қолданудан қашыңыз: «сен ылғида..», «сен ешқашанда ..»;
5.Сіз партнердің бұрын өтіп кеткен жағдайларына емес, нақты осы күндері болған жағдайларына байланысты айтыңыз;
6.Мүмкіндігінше кеңесті аз беріңіз, одан да партнердің ойларымен бөліскен сияқты пікірмен айтыңыз;
7.Адамға кері байланысты қамтыңыз, ол үшін не құнды екен соны баса айтуға тырысыңыз, адамдар көбінесе өзіне қанағаттану әкелетіндерді ғана айтады, қатты эмоцияға берілмеңіз, басқаларды манипуляциялауға ұмтылмаңыз;
8.Партнер қолдана алатындай оған қажет деген ғана ақпараттарды пайдаланыңыз;
9.Кері байланысқа ыңғайлы жағдайды, жақсы уақытты таңдаңыз;
10.Есіңізде болсын, кері байланысқа сенімді болсаңыз ғана барыңыз, өзіңізге және партнерге силасымды қатынасты түсінетіндей, оны жасай алуға сенімді болғанда ғана кері байланысты жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет