14. Особенности кожных покровов различных классов позвоночных животных Тері жамылғысы Шеміршекті б


Класс хрящевые рыбы. Надотряд Акулы



бет5/9
Дата17.10.2023
өлшемі74,91 Kb.
#185983
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)
Документ (14), Авометр, Кан кету гемостаз
22.Класс хрящевые рыбы. Надотряд Акулы
Шеміршекті балықтар — омыртқалылар класы.Қазба қалдықтары девонның орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы: тақтажелбезектілер және бүтінбастылар 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері (сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс — клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары (птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады (тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы.Акулалардың түлғасы әдеттс ұзарған. Желбезек сацылаулары басының екі жағында орналасқан. Кейбір түрлеріндс көзінің ал- дыңғы бүрышында көзді ашып-жабатын жарғақша болады. Жүзбе қанаттары жақсы дамыған. Бүлардың барлығы жануартектсс қорекпен қорсктенеді, көпшілігі ірі жемтік аулайтын жыртқыш- тар катарына жатады. Қорегін іздеуде иіс-сезу мацызды роль атқарады, сол сияқты бүйір сызығы органы (сейсмосснсорлы жүйе) арқылы су тербелісін кабылдайды.Отрядүсті 8 отрядка бірігетін 20 тұқымдастан және 350-гс жуық түрден түрады. Акулалар барлык теңіздер мен мұхиттарда ксң таракан, тұщы суларда да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет