1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні мен міндеттері Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі19,64 Kb.
#80783
1   2   3   4
Байланысты:
улдана

2.Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері Қазіргі Қазақстан тарихының деректемелік базасының жай-күйін талдау оны бірқатар себептер бойынша алдыңғы кезендегі деректемелердің көлемі бойынша айтарлықтай жинағынан өзгешелейтін бірқатар елеулі белгілер мен ерекшеліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Біріншіден, болып жатқан оқиғалардың бір мезгілде шапшаң өтетіні жағдайында ақпараттық ағынның жоғары деңгейдегі тығыздығы қазіргі қоғамның имманенттік құбылысы болып табылады. Қазіргі Қазақстан тарихы іс жүзінде уақыт жағынан қашықтамай, күнделікті тарихпен біте қайнасып жатқандықтан, деректер мен материалдардың акдараггық астары қас қағым сәтте ой елегінен өткізуге күрделі болып табылады. Екіншіден, қазіргі Қазақстанның тарихы даму үстіндегі және бүгінгі танда жүріп жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістермен тығыз байланысқан, мұның өзі оның тарих ретіндегі, сондай-ақ гуманитарлық ғылымның басқа да салаларына, соның ішінде саясаттануға, әлеуметтануға және басқа сабақтас пәндерге жататындығы туралы пікірталас туғызады. Үшіншіден, елдің бүкіл қоғамдық өмірін акпараттандыру және қазіргі адамның менталдық қызметінің өзгеруі жағдайында Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректемелер сипатында, олардың кешенінінің түрлік құрылымында, түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Мәселен, адамдар арасындағы қатысым құралдарының өзгеруіне байланысты дәстүрлі тарихи деректемелердің көптеген түрлері мен сан алуандығы мәнін жоғалтуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет