1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих


Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы мен оның шаруашылық және мәдени құрлыстағы алғашқы қадамдары



бет2/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50
animals lp
20.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы мен оның шаруашылық және мәдени құрлыстағы алғашқы қадамдары. Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды;1-Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда-бейбіт жолмен.2-Сібір,Орал,Жетісу казактары мен офицерлер,кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда-қарулы күрес жолымен.Перовск жұмысшылары мен солдаттары өкмет билігін 1917 жылғы 30 қазанда өз қолына алды.Ол кезде бұл үлкен әскери гаризон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын.Бұл жерде Совет үкіміті бейбіт жолмен орнады.Сырдария облысында Кеңес өкметінің орнауы оның саяси-экономикалық және әкімшілік орталығы ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады.Кеңес өкметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар болды.1917жылы 12 қарашада уақытша революциялық комитет құрылды.Төрағасы Дубинин болды.Дегенмен,Көкшетау,Павлодар,Атбасар,Семей,Өскемен өлкелерінде казак-орыс және офицер-старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 сынан 17-сіне қараған түні көшті.1917 жылы желтоқсан-1918 жылғы наурыз айларында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай,Ақтөбе қалалары мен басқа да елді мекендерде орнады.1917жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап,өкмет билігі казактардың Әскери Үкіметі қолына көшті.Сөйтіп,1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті,яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер оның ішінде уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылыығын туғызды. Сондықтан ішкі конрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілроссиялық төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.

1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социолистік республикасы жарияланды.Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.)Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды.1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү туралы» декрет қабылданды.Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды: - Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді. - Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды. - Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет