3.Тірі организмдердің құрғақшылыққа төзімділігіне талдау жасаңыз.
Ксерофильдер- ылғалы аз,құрғақшылықты сүйетін жануарлар.Мысалы,Қазақстанның далалық,шөл-шөлейтті аймақтарында кең таралған түйе,қарақұйрық,ақбөкен,қарақал,құм мысығы,құмдағы барлық кеміргіштер өкілдері,бауырымен жорғалаушылар,насекомдар,т.б.Аталған жануарлар мен жәндіктер суды әр түрлі жолмен жинақтап әрі үнемдеп жұмсайды.Мысалы,кесіртке,жылан,жәндіктер суды қоректері арқылы алса,ал түйе,құйрықты қойлар,кейбір насекомдар суды денесіндегі майларды ыдырату,яғни метаболизм жолымен алады.
Құрғақшылық жерлерде тіршілік ететін жануарлардың сусыздануға төзімділігі жоғары болады. Адам үшін дене салмағының 10% -ынан асып түсетін суды жоғалту қауіпті, қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін. Түйелер — 27, қойлар — 23, иттер 17%-ға дейін судың жоғалуына төзімді.
Көптеген шөл жануарлары (кіші сарышұнақ, ор қоян, кіші құмтышқан) ін қазу арқылы су теңгерімін үстайды. Жердің беті өте құрғақ болса да, інде ауаның ылғалдылығы 100% -ға жақын. Бұл тері жабыны арқылы булану қажеттілігін азайтады және организмдегі ылғалды үнемдейді.
Өсімдіктер
Өсімдіктердің суға деген қажеттілігі де әртүрлі. Сулы ортада өсетін өсімдіктер және құрғақшылықта өсетін өсімдіктер бар. Табиғатта су алмасудың әртүрлі жолдармен реттелуі, өсімдіктердің экологиялық жағдайларға бейімделуі алуан түрлі құрлық бөліктерінде таралуына мүмкіндік береді. Су тапшылығы басты экологиялық қиындықтардың бірі болып табылатын жер бетіне өсімдіктердің таралуы бейімделушіліктің көптүрлілігіне байланысты. Мысалы, қуаңшылықта өсетін өсімдіктердің жапырақтары күшті балауызды қақ, немесе қалың түк басқан, немесе тікенектерге, қабыршақтарға айналған. Эфемер өсімдіктер құрғақшылықтан қашып, бір жарым ай ішінде өзінің өсуін аяқтайды. Құрғақшылықты пиязшық немесе тұқым түрінде тыныштық қалпында өткізеді
6-билет
1.Қазақстанның тағамдық өсімдік ресурстарына түсінік беріңіз
Қазақстан да өсімдіктердің 6 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңтүстік Балқаш Мұрағатталған 27 қазанның 2011 жылы. өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.
Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан.
2.Қазақстандағы шөлейттену проблемасының себебі мен салдарына талдау жасаңыз
Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. Мысалы, Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 – 700 км шамасында жылжыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Шөлейттену процесі Орталық Азия елдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 миллион га-дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 миллион т. тұз желмен көтеріліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан Шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр. Арал түбінің тұзы Тянь-Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде; Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қимылға (орман-мелиорац., гидро-тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды реттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады. Шөлейттену процесінің кең етек алуына байланысты дүние жүзінде 17 маусым – Шөлейттенумен күрес күні деп белгіленіп, 1997 жылы “Шөлейттенуге қарсы күресу” туралы Конвенция қабылданған. Қазіргі уақытта дүние жүзінің эколог-ғалымдары Шөлейттенуді мүмкіндігінше тежеу үшін күш салуда. Мысалы, ауыл шаруашығы әдісі, яғни, тақырланып қалған және адам пайдаланбайтын жерлердің көлемін азайту үшін – терраса салу жиі қолданылады, т.б.
3.Бергман ережесін түсіндіріп, суретте берілген жануарларға экологиялық сипаттама беріңіз
1. Ақ аю (лат. Ursus maritimus) – аюлар тұқымдасына жататын сүтқоректі; кейде Thalarctos туысына жатқызады.
Дене ұзындығы 2-2,5 м, кейде 3 м, биіктігі 1,5 м, салмағы 800 кг. Жүні ақ, кейде сұрғылт, қалын. Білезіктері және табаны жүнмен қапталған. Арктика фаунасы: Солтүстік мұзды мұхитының жағалауларында және суда жүзіп жүрген мұздарды паналайды. Жақсы жүзіп сүңгиді. Негізгі қорегі итбалықтар. Төменгі температураға бейімделген (тері асты майы жануар салмағының 40% жетеді). Ұлуғу әдетте наурызда-сәуірде өтеді жүкті ұрғашылары арктика аралдарындағы апандарда қыстайды (қысқы ұйқы). Қоңжықтары екі жылда бір рет желтоксан-сәуірде туады аналықтары коңжыктарымен апаннан шығып еркін өмір сүреді. Қоңжықтары аналарымен бірге бір жарым жыл болады. Ақ аю терісі мен етін пайдаланады. ТМД 1956 жылдан бастап аулауға тиым салынған. 1976 жылы ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілді. Әр түрлі деректер бойынша ақ аю саны 10-20—ТМД-да 5-6 мың.[2] Табиғатта өмірінің көп бөлігін теңіз мұзында өткізетіндіктен, ақ аюлар дельфиндер, итбалықтар және киттер сияқты теңіз сүтқоректілеріне жатқызылады.
Ақ аюлар тамаша жүзгіштер, өйткені олар тоқтаусыз 90 киллометрге дейін жүзе алады. Олар жүзу үшін алдыңғы аяқтарын, бағытын басқару үшін артқы аяқтарын пайдаланады. Терідегі май бездері жүнін жақсы майлай алады, сондықтан олар суға төзімді және жүзу кезінде денесін құрғақ ұстайды.
2. Қоңыр аю (лат. Ursus arctos) — аю тұқымдасына кіретін жыртқыш аң.
Салмағы 300 килограмнан асады. Терісі тулақ жасауға, еті жеуге жарайды, дәнді дақылдардан көбінесе сұлыға зиянын тигізеді, кейде малға да шабады. Ел арасында өті, майы емге жұмсалады
3. Қара аю (Sеlепагctоs tilеtапиs) басқа аюлардан кішірек түсі қара, төсінде ақ теңбілі болады. Олар Азияның оқтүстік-шығысында, бізде Уссури өлкесінде мекендейді.
Бұлардың қорегінің негізі өсімдік тектес азықтар болып есептеледі. Қара аюлар тіршілігін жартылай ағашта өткізетін аңдар, олар қыста үлкен теректердің қуысына еніп, қысқы ұйқыға кетеді.
Сусар тұқымдасына (Миstеlіdае) үсақ және көлемі орташа келген табандарымен немесе жартылай табандарымен жүретін жыртқыштар жатады. Олардың жыртқыш тістері айқын көрініп тұрады. Тіс формуласы түрліше, бірақ нағыз азу тістері 1/2 болады. Артқы тесігінін, маңына орналасқан сасық иіс шығаратын өте үлкен безі болады. Австралияда ғана қолдан жерсіндірілген, ал басқа жердің барлығында да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |