1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет5/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

3.Ірі қара тейлериозы
Телязиоздар - конъюнктивит - кератитпен білінетің ірі қара малдың гельминтоздық аурулар. Бұл аурулар Thelazia тұқымына, Thelaziidae тұқымдасына, Spirurata подотрядына жататың нематода түрлерімен тудыруланады. Thelazia rhodesi – конъюнктивальді қапшығында және үшінші қабық астында; ал Thelazia skrjabini және Thelazia gulosa – көз бузі және көзмұрын каналында тіршілік етеді.
Қоздырушы – ұзындығы 21 мм ұсақ нематода. Thelazia rhodesi қоздырушысының дене клиникалықы көлденен сызылған. Ауыз тесігі кішкентай ауыз капсуласына ашылады. Аталығында екі бірдей емес спикуласы болады. Thelazia gulosa – кутикуласында көлденен келген сызықтар болмайды, ауыз қуысы кең емес, аталықтың спикулалары бірдей емес; Thelazia skrjabini – кутикуласының беті тегіс, ауыз капсуласы кішкентай. Аталықтың спикулалары бірдей. Аралық иелері – масалардың әр түрлері; Musca autumnalia (Украинада); Musca convexifrons және Musca amica (на Дальнем Востоке) жиі кездеседі.
Қоздырушысының даму биологиясы. Телязийлардың аналықтары тірі жылжымалы дернәсілдердің көп саның туады, олар көз жасына түседі және масалармен – аралық иелермен жұтылады. 3 – 4 апта ішінде масалардың ағзасында дернәсілдер инвазиялық сатысына жетеді. Инвазиялық дернәсілдер масаның құрсақ қуысынан шығып тұмсығына жылжиды. Масалар көз аумағына көнған кезде дернәсілдер маса тұмсығынан шығып конъюнктивальдік қапшығына енеді. 15 – 20 күн өткесін толық жынысты аталық және аналықтарға өседі. Көзде телязийлар бірнеше ай бойы, кейбіреулері – бір жылдан аса өмір сүреді.
Эпизоотологиялық деректері. Бүл мерзімді ауру, жазда әсіресе маусым– тамыз айларында білінеді. Жануарлар жайлауда немесе су қоймалары маңайында аралық иелермен кездесіп зақымдалады. Солтүстіктен басқа, барлық жерде таралған, әсіресе оң түстіктегі бұзауларда кең таралған. Осыдан басқа, телязийлардың қоздырушылары жылқыларда – Thelazia lacrimalis, шошқаларда -Thelazia erschovi, иттерде - Thelazia callipaeda паразиттейді.
Патогенезі толық зерттелмеген. Телязийлар конъюнктиваға және көздің қаса қабағына механикалық әсер етеді, сондықтан микрофлора ену нәтижесінен серозды немесе ірінді конъюнктивит дамиды. Зақымдалған көздің қаса қабағы қабыршықтанады, ал қабынған конъюнктива ісінеді. Конъюнктивада эрозиялар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет