2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан кем емес фактор. Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын анықтау үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті есептеледі:
Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:
Достарыңызбен бөлісу: |