2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет224/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
VII 
Ұйымның тоқталуы 
1. Барлық мүшенің үштен екі бөлімі жиналып, ұйымды тоқтатам десе тоқтатуға ерікті. 
2. Ұйым тоқталған уақытта қалған ақша мүлік басқа бір игілік орынға тапсырылады. 
БІТІМ ЖАЙЫ 
Соңғы  күндерде  газеттер  бетінде  бітім  жайынан  әр  түрлі  хабарлар  бола  бастады.  Орыс 
газеттерінің  хабарларына  қарағанда,  Германия  патшасы  Вильгельм  Америка  президенті 
Вильсонға соғыс тоқтатып, бітім жасалық деп сөз салыпты. Вильсон жауап қайтарыпты: 
«Бітімге  қарсы  сөзіміз  жоқ.  Бірақ  бітім  сөзіне  қысты  күні  январь  айында  жұртқа  жария 
қылынған менің 14 бапты бітім жобам ірге болсын. Осыған көнсең ырзалығыңды білдіріп, 
қолыңнан серт қағаз бер, бітім сөзін сонан соң бастылық» деп. 
Вильсонның  январь  айында  жария  қылған  14  бапты  бітім  жобасының  негізгі  баптары 
мыналар еді: 
«Соғыс  ішінде  Германияның  қолтығына  кірген  жерлер  иелеріне  қайтсын.  Бельгия, 
Сербия,  Черногория  сияқты  соғыс  зардабынан  жоғалған  ұсақ  мемлекеттер  бұрынғы 
қалпына  кірсін;  1871  жылы  Германия-Франция  арасындағы  соғыста  Германияға  кеткен 
Франция  жері  Элзас-Лотарингия  Францияның  өзіне  қайтсын;  Австрия  қоластындағы 
жұрттарға  автономия  берілсін;  Түркия  бұрынғы  қалыпты  жеріне  өзі  ие  болсын;  бірақ 
Түркияға  қараған  жұрттарға  автономия  берілсін;  Дарданил  бұғазы  қай  мемлекеттің 
болсын сауда кемесіне ашық болсын». 
Соңғы  хабарларға  қарағанда  мына  жазылған  Вильсонның  бітім  жобасына  Германия 
мойынсұнатын  көрінеді.  Себебі  Германияның  өз  ішінде  азын-аулақ  саяси  өзгеріс  болып, 
министрлер кабинетіне сол канат социалистерден кісілер кіріп, хүкімет Рейхстаг алдында 
істеген ісінен есеп-жауап беретін болыпты. 
Бұрын  Германия  хүкіметі  Рейхстаг  алдында  жауапкер  емес  еді  (Рейхстаг  деп  біздің 
орыстың государственный думасы сияқты жұрт өкілдерінің кеңесін айтады). 
Бұрын  Германияның  сол  қанат  партиялары  соғысты  тоқтатып,  бітім  жасауға  көп  қам 
қылған  еді.  Бірақ  оң  қанаттағы  партиялар  әскер  басылармен  қосылып  алып,  бұлардың 
адымын аштырмаған еді. Бұ күнде сол қанат партиялары күшейген көрінеді. 


178 
 
Екінші,  француз-ағылшын  майдандарында  Германия  әскері  адам  айтқысыз  жеңіліп,  3 
жылдан  бергі  алған  жердің  көбінен  айырылып,  соғыстан  беті  қайтып,  бұ  күнде 
Германияны әлсіретіп отыр. 
Үшінші  себеп,  Германияның  «бітімшіл»  бола  қалуына  Австриямен  әбден 
қажығандығынан болса керек. 
Австрияның  қоластындағы  бұратаналар  —  чехтер,  словактар  һәм  басқалар  кейбірі 
автономия  сұрап,  кейбірі  мүлде  бөлінбек  болып,  Австрияның  алқымынан  алып,  есін 
шығарып  тұрған  көрінеді.  Түркияға  келсек,  бұ  да  3  жылғы  соғыстан  әбден  меңдеп, 
Германияға  таяныш  болатын  көрінбейді.  Осы  айтылған  себептер  бойынша  Германия 
әбден әлсіреп, Вильсонның «14 бапты бітім жобасына» қол болып отырған көрінеді. 
Вильсонның жобасымен бітім болар ма, жоқ па, бұл әлі алдағы іс. Сөйтсе де Германияның 
ішкі-сыртқы  ағылшын-француз  майдандарындағы  халына  көз  жіберсек,  Бұлғарияның 
жеке  бітім  жасап,  соғыстан  шыққанын,  Австрияның  ішкі  тартысын,  Түркияның  шаршап 
қажығандығын еске алсақ, бітім сөзі бір адым алға басқан көрінеді. 
Осы мақала жазылып қойған соң, 7 ноябрьде (жаңаша) Англия астанасы Лондон арқылы 
мынадай хабар келді: 
Англия,  Франция  һәм  бұлардың  одақтастарымен  Түркия  жеке  бітім  жасады.  Бітім 
шарттары  әлі  жарияланған  жоқ.  Англия,  Франция  мемлекеттерінің  соғыс  кемелері 
Дарданил бұғазымен Қарп теңізге келіп кірді деген. 
Осы хабардың анық-қанығын газетіміздің келесі санында жазармыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет