2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары



Pdf көрінісі
бет15/79
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94979
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79
Байланысты:
188997
Батысшылдар
Ресейдің әлеуметтік қайта кұрылу келешегін Батыс
Eypoпa елдері жетістіктерін игерумен байланыстырды. Ерте бой
көрсеткен батысшылдардың арасынан философ, жазушы А. И. Герцен
ерекшеленді. Ол батыс философтарының еңбектерін тамаша білді. Oл
Гегель диалектикасын «революция алгебрасы» деп бағалады және
адамзаттың антагонизмнен ада қоғамға ұмтылу заңдылығын негіздеуге
талпынды.
Герценнің барлық философиялық тұжырымдарында табиғат пен
адамның, материя мен сананың, индивид пен халыктың, жаратылыстану
мeн философияның, тарихи жағдайлар мен адам еркінің, тағы басқалар
бірлігінде бейнеленетін жалпыбірлік идеясы өтіп тұрады.
Герценде болашақ қоғам социалистік идеалмен тектес. Герцен


идеялары орыс философиясының, Ресейдің қоғамдық-саяси ойының
дамуына зор ықпал етті. Сөйтіп ол халықшылдық (народничество)
идеологияны тудырушылардың біріне айналды.
Егер батысшылдар қоғам дамуының еуропалық үлгілерін
басшылыққа алса,
славянофильдер
ұлттыұқ идеялык дәстүрлері
негізінде айрықша орыс философиясын жасап шығаруға ұмтылды.
Славянофильдер дін іздеушілікпен шұғылданды. Олардың
тарапынан дінге рухани көшбасшының барлық құқықтары қайтарылуы
керек болды.
Славянофильдер шындыкты интуитивтгк-сезімдік қабылдауға
негізделен орыс халқының дінге бой ұсынушылығы туралы,
православиелік-христиандық менталитеттің діни тұтастығын
уағыздады.
А. С. Хомяков басбірлікті, бостандықты және махаббатты тек
православие ғана сақтайды деп есептеді. Отбасындағы, қоғамдағы, өзге
де рухани бірліктер негізінде пайда болатын алқалы жиналысы
(соборность) түсінігі ең өзекті түсінікке айналады. Славянофильдік
идеялары Л. Н. Толстойға да ықпал етті. Ол да дініздеушілікпен
айналысты. Ол үшін «Бог» (Құдай) – Христос емес, Христос – өзгелерге
махаббатты қалай қолдануды, жамандыққа күшпен жауап бермеуді
үйреткен Адам. Бұл ұстаным конфуциандыққа, буддизмге және
даосизмге тіреледі. Толстой үшін бірінші орында философия емес, дін
түріндегі этика тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет