Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша: Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық
-
гуманитарлық бағыт
бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика»,
«Химия», «Биология» пәндерінің
оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді
(38,40 қосымшалар https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ) Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің ( төмендетілген оқу жүктемесімен ) үлгілік оқу жоспарына сәйкес: −
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің
оқу жүктемесі 1 сағатқа
көбейді;
−
таңдау пәндері (
тереңдетілген деңгей ):
«Шетел тілі» (екінші тіл),
«Дүниежүзі тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерінен
10-11-
сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды.
−
таңдау пәндері (
стандарттық деңгей ):
«Физика», «Химия»,
«Биология», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінен
10-11-
сыныптарда
2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды
(
ҚР Оқу - ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 18,20,22,26 қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің ( төмендетілген оқу жүктемесімен ) үлгілік оқу жоспарына сәйкес: −
«Алгебра және анализ бастамалары»
пәнінің
оқу жүктемесі 1 сағатқа
көбейді;
−
таңдау пәндері (
стандарттық деңгей ):
«Дүниежүзі тарихы»,
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Құқық
негіздері» пәндерінен
10-11-
сыныптарда 2 пән 1 сағаттан оқытылатын болды
(
ҚР Оқу - ағарту министрінің 30.09.2022ж.№412 бұйрығына 19,21,23,24,25 қосымшалар. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде Қазақстан Республикасы
Оқу
-
ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен
бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің барлық пәндері
бойынша
үлгілік
оқу
бағдарламаларын
пайдаланады
(
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029767
).
Алдағы оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек 2 сыныпқа
ғана әсер етеді, атап айтқанда:
- 1-2-
сыныптарда «Көркем еңбек»
кіріктірілген
пәнінің орнына «Еңбекке
баулу»
және «Бейнелеу өнері»
пәндерін жеке оқыту
жалғасады
(Қазақстан
Республикасы Оқу
-
ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365
бұйрығына
1, 2, 3-
қосымшалар
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18
);
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады (ҚР Оқу
-
ағарту министрінің
2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18
); «Шетел тілі» пәні оқытылмайды.
-
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін
мектептердің 2
-
сыныбында «Орыс тілі»
пәнін оқыту енгізіледі
.