11 жастағы қыз ауыз қуысының құрғақтығына күйдіруіне және тіл бетінде ақ қақтың пайда болуына шағымданады. Үш апта бұрын науқас өкпе ауруына қарсы антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы жақсы. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Ұрты қызарған, ісінген, шырышты қабығында екі жақтан нүкте тәрізді ақ түсті қақтар бар, қырғанда жақсы алынды. Тілі ісінген, қатпарлы ақ-сұр қақпен қапталған. Қырғанда қақ жақсы алынады, тілдің бүртіктері тегістелген. Ең тиімді препараттарды көрсетіңіз. Қандай дәрілерді ем ретінде тағайындау ең тиімді болады.
+саңырауқұлаққа қарсы
склероздаушы
Қабынуға қарсы
вирусқа қарсы
кератопластикалық
***
11 жастағы қыз баланың ата-анасы тістесуінің дұрыс еместігіне шағымданады. Объективті: беті симметриялы, иегі артқа кесілген. Қол сүйектерінің рентгенограммасы бойынша пуберттатты кезеңнің басы. Тіс формуласы жасына сәйкес. Бүйірден алынған телерентгенограммада төменгі жақ сүйегінің мөлшерінің кішірейгені анықталған. Ортодонтиялық аппараттың түрін таңдаңыз:
Иектік праща
Ортопедиялық бет маскасы
Бас күші бар бет доғасы
Брекет-жүйесі
+Андрезен-Гойпль активаторы
***