3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет19/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Болайықшы осындай

Жақсы бала еңбекшіл,


Ер-азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
- Ұқыпты, - деп, - бұл қалай?
Жақсы көрер бар адам.
Бәріміз осындай
Болайықшы, досым-ай!


2-тарау

Көркем сөз бен мәнерлеп оқудың негізгі тәсілдері




2.1. Көркем сөз оқу өнері

Көркем сөз оқу өнері – көркемөнердің (искусствоның) күрделі де қиын түрі. Көркем сөз орындаушы – сахнаға шығатын артист емес. Бұл – бір өзі бүтіндей бір шығарманы ешбір декорациясыз, костюмсіз, қимылсыз тек қана сөзбен, дауыс нақышымен көрермендерге жеткізуші. Оның бар құралы – үні мен сөзі. Ол өзі орындап тұрған туынды мазмұнын әсерді мақамымен соншалықты жанды картина іспетті тыңдаушылардың көз алдында елестетеді.


Сөз өнері қазақ топырағында ертеден қанат жайған халқымыздың әдебиет, мәдениет тарихынан мәлім. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің алуан түрлерін жыраулар, ертегішілер кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған.
Ауыз әдебиетінің шығармаларын, эпостық жырларды мән-мәнерімен нәшіне келтіріп орындау дәстүрі «сахнада» көркем сөз оқу өнерінің алғашқы көрінісі. «Бізде дайын халықтық репертуарды орындау өнері де үлкен орын алған. Орындаушылар қатарына ірі эпостық дастандарды жаттап айтқан жыраулар да қосылады. «Қобыланды батырды» Марабай, Мергенбайлар айтқан, «Қырымның қырық батырын» Мұрын жырау, «Манасты» Саяқбай жырлаған-ды. Бұлар орындаушылар ұлы актерлер қатарында аталулары керек. Жырлаулар ғажайып дастандарды кейінгі ұрпаққа жеткізе отырып, орындау өнерінің де классикалық үлгілерін жасаушылар, эпостағы хикаяны әңгімелегенде, ондағы толып жатқан адам мінездерін де қоса ойнаған. Олар бірде диалогпен сөйлесе, бірде монологтарды соғып кетеді». Осының бәріне лайықты үн сазын, келісті ырғағын, дауыс нақышын да тапқан нағыз табиғатынан дарынды болып туған көркем көз орындаушылары десек те болады. Бүгіндегі көркем сөз оқу өнері театрдың туып, дамуымен тамырлас. Театрымыздың алғашқы жұлдыздарының бірі, Кеңес Одағының Халық артисі болған Қалыбек Қуанышбаев жасынан халқымыздың өнерін бойына дарытқан, шаншардың күлдіргіш қуларының өнерімен шабыттанған. Ол тамаша актерлік дарындылығының үстіне ащы мысқылшыл, өткір ажуа тақпақ-өлеңдер де шығарған, әрі оны көркем орындаушы болған… «Қалыбек енді бір өзі бірнеше кісіні қатар суреттейтін болады. Жапа-жалғыз отырып екеудің таласын, үшеудің көрісін, бесеудің жанжалын бір өзі отырып орындай береді», - деп еске алған-ды М.О.Әуезов.
-Қалыбек Қуанышбаев – сөз құдіретін біліп, оны тереңнен түсінетін актер. Міне сондықтан да өз геройының сөйлеген сөзіне ерекше мән береді, - деп жазады театр зерттеушісі Қ.Қуандықов. Қ.Қуанышбаев бейнелі сөзді бедерлеп жеткізе білудің ерен шебері болған. Әсіресе «Абай» трагедиясындағы Абайдың әкесі туралы монологын Қ.Қуанышбаевтың жан толқынымен айтқаны көрермендердің сілтідей тынып тыңдағаны қазақ театры тарихында жоғары бағаланған.
Сахна өнерінің классикалық дәрежесіне жеткен, Қазақстан Республикасының халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Серке Қожамқұлов көркем сөз оқу өнерін мектеп қабырғасында Абай өлеңдерін орындаудан бастаған екен. Жасында ауыл қарияларының аузынан қиса, дастандарды көп тыңдап, құлақ түрген, көбіне есінде сақтаған, содан болашақ актер нәр алған. «Бұл алғашқы қазақ актерлерінің бәріне, көптеген соңғы буындарға да өзіндік ерекшеліктері мен келбетін жасап отырған халық мұрасы да – осылар».
С. Қожамқұлов, Б.Майлиннің 1916 жылы «Мұсылмандық белгісі» атты шығармасын ауыл мектебінде тақпақ қып айтып бергенде, көрушілер: «Мынау артық шығарма болды!», - деп, ризашылық белдіреді.
«Еңлік-Кебек» пьессасындағы Еспембет биді 40 жыл бойы ойнаған біздің Серағаң оны бейнелегенде аузынан шыққан әрбір құбылмалы сөз тайға таңба басқандай түрлі интонацияға бөлініп, сол өзі атқарған образдың жан сырын айқындай түседі. Бұл тіл – тек өзіне біткен қасиет. Саз мақамы кең залдың қыр шетіне тамаша естіледі» - деп еске алады Қ.Бадыров.
Бұдан біз сахна саңлақтарының сөз сиқырының құпиясын қалай ашып меңгергенін байқаймыз. Бұларға ілесе Ш.Айманов, Х.Бөкеева т.б. шықты.
Қазақ ақындары мен жазушылары да көркем туындыны жұртшылық алдында нәшіне келтіріп, мәнерлеп оқуға ерекше өңіл бөлген. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Иса Байзақов, Тайыр Жароковтар өз шығармаларын жұрт алдынада оқығандағы әуенді саздары тыңдаушылардың бірден баурап, ұйытып тамсандырған. Ақын, әнші Иса Байзақов өзінің желдірмелерін желдей естіріп орындайтын, тыңдаушыларын елітіп, балқытатын асқан дарын иесі болғандығын Мұзафар Әлімбаев Исаның «Құралай сұлу» жыр-дастанына жазған алғы сөзінде еске алады.
Қазақ театрының қара шаңырағы көтерілгеннен кейін, көркем сөз оқу өнерімен шұғылданған Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов болса, оған ілесе Ш.Айманов, Х. Бекеев, Ғ.Ғалиева шықты. Кейінгі кезде көркем сөз оқу талабымен көзге түсіп жүргендер. Роза Ақболатова, Меруерт Маралбаевалар да көпшіліктің көңілінен шығып жүр.
Көркем туындыларды ауызекі орындау – жұртшылыққа саяси, мәдени тәрбие берудің пәрменді құралдарының бірі. Радио арқылы таралған көркем сөз құдіреті деліміздің ең шалғай жатқан түкпіріне сәт сайын жетіп тұрады. Кезінде Қазақ ССР-нің халық артисі, диктор Әнуарбек Байжанбаевтың даусы радиодан естілгенде, тыңдаушының құлағын түргізбей қоймайтын сиқырлы үнін айтпасқа болмайды. Ә.Байжанбаевтың радиодан оқитын хабар әңгіме әдеби шығармалары мәнерлеп оқудан сабақ беретін мұғалім, балалар бақшасының тәрбиеші-педагогтары тыңдап үйренетін жанды құралы десек те болады.
Көркем сөз оқу, сазына келтіріп әңгімелеп беру балалар бақшасындағы тәрбие жұмысында кеңінен қолданылады. Тәрбиеші көркем сөздің пәрменді де қуатты күші балдырғандардың жан-жақты дамуына қаншалықты әсер ететініне көңіл бөлумен бірге, баланың жасына орай қабылдау ерекшелігін де есте тұтқаны абзал. Оқи білмейтін балдырғандар көркем сөзді үлкендердің аузынан естиді. Оларға не дауыстап оқып, не ауызекі әңгімелеп береді. Сондықтан балдырғандарға көркем шығарманы мәнерлеп оқу немесе жатқа айтудың маңызы ерекше. Олай дейтініміз тәрбиеші көркем туындыны мәнерімен оқығанда шығарманың идеясы баланың көңіліне бірден ұялайды, сырлы сезімге бөлейді, творчестволық қиялын ұштап, бала образдар мен суреттемелерді көзімен көріп отырғандай әсер алады, жатқа айтылған өлең сөздің әуезділігін, тілдің бейнелі нақышын тез қабылдауына әсер етеді. Сөйтіп, мәнерлеп оқу мен әңгімелеп беру өнерін меңгеру балалар бақшасында істейтін тәрбиешінің мамандық міндеті.
Көркем шығарманы сазына келтіріп оқып не әңгімелеп берудің бірінші шарты - оның мазмұнын егжей-тегжейіне дейін толық, терең түсіну. Ол үшін алдын ала мұқият дайындалу қажет. Бұл творчестволық жұмыс. Көркем сөз оқушының алдына дайындық кезеңінде шығарманың идеялық мазмұнын ашып, автордың ойын түбегейлі түсініп алу мақсатында қойылады. Сөйтіп, көркем туындының идеясын зердесіне әбден тоқыған орындаушыға шығарманың мазмұнын ой елегінен өткізу оңай болмақ та, ондағы кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне өз көзқарасын анықтау жеңіл тимек. Сондай-ақ, шығарманың қай кезінде жазылғанын ескеру, автордың астарлы ойын көкейге түю, бейнелерді көз алдына елестету – көркем сөз оқушының жадынан шығармайтын жай. Айталық, педагогикалық колледж оқушылары Бейімбет Майлиннің «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» шығармасын мәнерлеп айтқанда кешегі байлық пен мансапқа бөккен, асқақ, тәкаппар, менмен, өктем Ыбырайдың сөз саптауы мен бүгінде мүсәпірлік күйге түскен көңіл күйін шертетін сөздері арқылы берілетін бейнесін дауыс ырғағының бояуын құбылтып, тыңдаушының көз алдына елестетуіне болады.
Көркем сөз оқушы өзі орындап тұрған шығарманың мазмұнына немқұрайды қарамаса керек. Көркем туындыдағы оқиғаны өз көзімен көргендей сезініп, кейіпкерлердің жағымды іс-әрекетін іштей жақтап, жағымсызын кінәлайтындай сыңай білдіруге тиіс. Тыңдаушыларын бірден баурап алу үшін, көркем сөз оқушының өзі де әсерлі де, көкейге қонымды, нанымды шығуы керек. Ондай дәрежеге мұқият дайындықтың арқасында ғана жетуге болады. Сөз сырын терең түсініп, жан-тәнімен қабылдап, санасына сіңіргеннен кейін, сол ұғынғанын тыңдаушыға бар ықылас, жүрегімен жеткізсе, көркем сөз жанданады, тыңдаушыларды еліктіріп, ой салады, қиялын шарықтатып күш-жігер қосады.
Көркем шығарманы мән-мәнеріне келтіріп орындауына көркем сөз оқушының творчестволық ой-қиялының шарықтап тұруының айтарлықтай көмегі бар. Ол өзінің не жайлы айтып тұрғанын ой елегінен өткізіп, көзімен көріп, қолымен ұстағандай, шола білуі шарт. Олай болмаған жағдайда К.С.Станиславский айтқандай, «сөз сүреңсіз, жансыз шығады. Ал жансыз сөздің ешбір әсері болмайды. Сахнада әрбір басқан ізің алдын ала ой елегінен өтуге тиіс». Бұл тек артистерге ғана қатысты пікір емес, сонымен бірге оның көркем сөз орындаушыларға, мәнерлеп оқып, әдемілеп әңгімелеп берушілерге де қатысы бар қағида деп түсінгеніміз абзал. Көркем сөздің тәрбиелік құдіреті ұшан-теңіз. Балалар бақшасында тәрбиеші-педагог баланың жүрегіне дауыс ырғағымен мәнерлеп жеткізсе жылдың төрт мезгілі туралы тақпақты оқығанда, алдымен қардың жапалақтап жауып, жер бетін ақ ұлпаға бөлейтінін, одан кейін қар еріп, жер беті қызыл-жасылды кілемге айналғанын, жаз айында бақшадағы көкөністердің пісуін, суға шомылу сәттерін, ал күзде жапырақтар сарғайып, күннің қайта суытуын елестетер еді. Осыдан барып, өте әсерлі шығармалар пайда болар еді. Шығарманы оқу алдындағы дайындық кезеңінде мәнерлеп оқу тәсілдерін белгілеп алу шарт.
Көркем шығарманың ауызша орындалғандығы мән-мәнер дауыс нақышы арқылы беріледі. Дауыстың алуан түрлі құбылуы, дауыс көшінің толып жатқан бояу нақышы, оқу кезіндегі дауыс екпінін шығарманың мазмұнына сай қолданылып, орындалатын шығарманың суреттерін нақты, шынайы шығарып, нанымды айтуға бірден-бір себін тигізеді. Көркем сөз оқушының басты мақсаты өз даусының бояу нақышын керекті жерінде дұрыс жұмсай білуінде. Мысалы, Некрасовтың «Бармақтай бала» атты шығармасынан үзінді оқығанда, орындаушы отын тиелген арбаны, оны тартып келе жатқан арық мәстекті аяғында қолқылдаған үлкен етік, қолында кең қолғабы бар кіп-кішкене баланы көз алдына елестету керек. Бұл жерде тек бармақтай баланы ғана көз алдына келтіру жеткіліксіз. Оның өзіне тапсырған жұмысты тиянақты орындап келе жатқанына масаттанған өр көңіл күйін де сездіру қажет.
Шығарманы дауыстап оқып не әңгімелеп берер алдында тәрбиеші-педагог мәтінді әбден біліп, түбегейлі түсініп алуына көңіл аудару қажет.
Ескертетін бір жай, әңгімелеп беретін көркем шығарма мәтінін сөзбе-сөз білген абзал. Мәтінді жатқа айтып тұрған кезде ұмытылған сөздерді еске түсіру үшін кідіріс жасау сөздің әсерін, көшін солғындатады. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармалардың көлемі шағын болса, есте тез сақталады. Сондықтан бұлжытпай айтып беру шығарманың мазмұнын, стилін, бүтіндей сақтайды да ұтымды шығады. Кітаптан дауыстап оқып не әңгімелеп беретін тәрбиеші-педагог шығарма тексімен күні бұрын жақсылап танысып, мәнерлеп орындау үшін қажетті тәсілдерді белгілеп алуы қажет. Көркем туындыны өту уақыт мөлшері әрқалай: ол орындалатын шығарманың көлеміне, жанрына және орындаушының даярлық дәрежесіне байланысты болып келеді.
Сайып келгенде, балаларға арнайы оқылатын, болмаса әңгімеленетін шығарма шын мәнінде әр балдырғанның сезіміне әсер ететіндей, ұзақ уақыт есте сақталатындай дәрежеде өткізілгені абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет