Бағыт – бағдар парағы. «Қазақ тілі сабағы” тобы (№1 кесте)
Оқушы ________________________________________________________
Сабақтың басында менің көңіл- күйім ....
|
J
|
K
|
L
|
1-тапсырма.
Сұраққа жауап беру (топпен жұмыс, топ басшысы бағалайды) (үй жұмысын тексеру)
Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
Қай күндері?
Қазақ тілі сабағында не істейсің?
Әр жауаптан кейін белгі көрсетіп отыру.
Бағалау
0 –қате
1-қате
2-қате
3-қате
2-тапсырма (топпен жұмыс, өз-өзін бағалау)
Жікте (келер шақта, жекеше, көпше түрі)
Бағала
Бағалау
0 –қате
1 -қате
2 -қате
3 -қате
3-тапсырма (жеке жұмыс, бірін -бірі бағалау)
Сөйлемді жалғастыр
Жаманбек сабаққа кешік......
Жақсыбек сабаққа уақытында дайындал.........
Жаманбек уақытын үнемде.........
Жақсыбек уақытын бағала....
Жақсыбек үн тәртібін сақта........
Бағалау
0 –қате
1-қате
2-3 -қате
4-5 -қате
Қорытынды баға:
- 5 - 4 - 4
- 5 - 4 - 3
Сабақтың соңында менің көңіл- күйім .....
|
J
|
K
|
L
|
Формативті бағалауда «дұрыс емес» деген пікір жоқ, біз бәрін қолдаймыз, кемшіліктер, қателер болып жатса, «Жақсы, ары қарай кім толықтырып жібереді?», деп айтуымыз керек. Оқушыларға сабаққа араласуға мүмкіндік беру керек. Оқушылар көп белсінділік танытып, пікір білдіріп сабақты оқушылар жасау керек. Оқушылардың ішінде қанша пікір жатыр. Мысалы, мен оқушыларды топқа бөлу арқылы, тәжірибелік сабақ жүргіземін. 10 сыныпта «Қарапайым отбасының айлық кірісі орта есеппен 120 мың теңге делік. Осы қаражатты қалай жұмсайсыңдар?» атты сабақ өтті. Үш – төрт адамнан тұратын үш отбасы құрдық. Орыс мектебі болғандықтан, алдын - ала лексика берілді. Сабақты роль ұсыну арқылы жүргіздік. Оқушылар керемет пікірлерін білдіріп, өмірмен байланыстырып, ойларын тұжырымдап қорытынды жасады. Оқушылардың 100% сабаққа қатысты.
Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушына қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды. Сыныбымда оқушылар алған бағаларына қанағаттанып,өздерінің қанша алатындарын да сабақ соңында ұпайларын жинап жиынтық бағаларын біліп отырады. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.
Сабақты түрлендіріп отырсақ, сабақ кері байланысқа негізделсе, оқушылар өздері араласып, сабақты бірлесе жасайтын болса, біз, мұғалімдер, көбірек практикалық сабақтар ұйымдастырсақ, сабақ ұғынықты да, қызықты да болады. Практикалық сабақ болсын, сабақтың басқа түрі болсын, сабақтың әр кезеңінде, әр тапсырмадан кейін бағалау болу керек. Мұғалім де, оқушы да не үшін «5», не үшін «4», не үшін «3» алғанын және қандай критерий бойынша бағаланғанын біліп тұруы керек. Тіпті бағалау критерийлерімен ата-ана да таныс болуы керек. Сонда бағалау әділ болары сөзсіз. Бір - біріміздің сабағымызға кіргенде, бақылау парағын толтырамыз (№3кесте)
Сабақ үстінде оқушыларға берілген критерийлер түсінікті, қарапайым болу керек. Сонда оқушы өзін де, бір - бірін де, тобын да бағалай алады.
2013-2014 оқу жылынан бастап гимназиямызда барлық бақылау жұмыстары және емтихан тапсырмалары дескриптор мен критерий арқылы бағаланды. Үлгі ретінде 4 сыныптың жылдық бақылау жұмыстарын ұсынып отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: |