Бағдарлама бойынша оқу арқылы оқушылар келесілерге қол жеткізеді: - ұлттық жəне əлемдік мəдениетінің көркем өнер шығармаларын, ондағы берілген идеялар мен құндылықтарды зерттеу жəне талдау; - өз жұмысын ұйымдастыра білу: мақсатын анықтау, жұмыс кезеңдерін айқындау, қажетті құралдарды табу, өз жұмысының нəтижесін бақылау жəне бағалай алу; - көлемді жəне жазықтықтағы көркем жұмыстарды шығармашылық тұрғысынан жасау үшін алынған білім мен дағдыларды қолданады; - зерттеу, эксперимент жүргізу барысында əртүрлі ресурс түрлерін, оның ішінде АКТ құралдарын қолдана білу; - шығармашылық өнімді жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес жəне сенімді қолдану, материал қасиеті мен жұмыс нəтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіну; - алған тəжірибесінің негізінде өнердегі түрлі техникалар мен тəсілдерді дербес қолдану; - өз идеясы мен жұмысына қатысты түсініктеме беру жəне конструктивті ұсыныс қабылдау;.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырады. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған деп ойлаймын.
«Көркем еңбек» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
«Көркем еңбек» пәнінің маңыздылығы:
шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетін, кеңістіктік және және көру елесі қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет барысында, көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты-жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.