4. ДӘрістер тезистері


Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы



бет10/10
Дата03.06.2020
өлшемі211,5 Kb.
#72141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
адебиет дарис

Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы

Бастауыш сыныпта білім, білік, дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі.

Педагогиканың үйретуі бойынша және көрнекті педагогтардың зерттеуінше, сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды педагогтар қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен сабақтардың мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардың білімін бекіту сабағы, 3) оқылған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың білімін, білігін, дағдысын есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы.

Мектеп практикасында сабақтың таза бір түрі сирек кездеседі. Әдебиеттік оқу сабағының қай-қайсысында болмасын қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстары, оқушылардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі біріккен немесе аралас сабақ деп аталады. Бастауыш сыныптарда сабақтың кең тараған түрі аралас сабақ.

Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылады. Мысалы, үй тапсырмасын мұғалім толық және ішінара тексеруі мүмкін.

Сирек болғанымен сабақ кейде түгелдей жаңа материалды түсіндіруге арналатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай сабақ жаңа материалды түсіндіру сабағы болады.

Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді. Материалды оқушылардың қаншалықты түсінгенін байқау үшін сыныпқа сұраулар қоюға болады. Үйте берілетін тапсырма да шығармашылық сипатта болу керек.

Оқушылардың білімін бекіту сабағында жаңа білім берілмейді, оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімін жетілдіру мен біліктерін, дағдысын қалыптастыра түсу мақсаты көзделеді. Сондықтан мұндай сабақтарда түрлі-түрлі жаттығулар жүргізіледі, арнаулы талдаулар жасалады, өткен материалдан нашар ұғынған жерлер пысықталады.

Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімін, білігін, дағдысын есепке алу сабағы жүргізіледі.

2. Жалпы орта мектептің бастауыш сатысында білім беру технологияларының бірнеше түрі қолданылады. Жаңа технологиялардың бірқатарын «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша шығармашыл мұғалімдер қолданып жүр.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемені қамтиды. Мұғалім педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым оқу технологиясының талаптары нақты орындалады. Соңғы кездері «технология» терминінің оқу үдерісіне енуімен байланысты оны «әдістеме» (методика) терминінің синонимі ретінде түсінетіндер кездеседі. Білім беру технологиясы мен қазақ тілін оқыту әдістемесі арасында ұқсастық пен айырмашылық бар. Ұқсастығы – екеуі де педагогика ғылымының теорияға, іс-әрекетке, педагогикалық практикаға негізделген саласы. Айырмашылығы – қазақ тілі пәнінің әдістемесі мұны пән шеңберінде қарастырса, педагогикалық технологияның ауқымы кең. Білім беру технологиясы – «білім беру – оқыту» қатынасының барлық аймақтарында қолданылып, білім алушы тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың жалпы заңдылықтарын жасайды.

Дамыта оқытуда қолданылатын технологиялардың бірі – деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

а) деңгейлеп оқыту әр оқушыға мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім алуына жағдай жасайды;

ә) деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей көңіл аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

б) деңгейлеп оқыту мұғалімнің жеке тәжірибесіне негізделеді. Сондықтан да деңгейлеп оқытуда оқушының жеке тұлға ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімі мен іс-әрекет тәсіліне назар аудару керек;

в) деңгейлеп-саралап оқытуда білімді игерудің негізгі төрт деңгейі (міндетті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) қарастырады.

Деңгейлеп-саралап оқыту «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында берілген білім мазмұнын оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, мағынаны тану, тапсырмалар төрт деңгейге деңгейге бөлініп беріліп отыр.

Дамыта оқытудың негізгі бағыттарының бірі – жобалап оқыту технологиясы.

Жобалап оқыту технологиясының негізгі идеясы:

а) Бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды;

ә) баланың бойындағы қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу;

б) іс-әрекет тек оқу пәніннің негізінде ғана құрылмайды;

в) шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтердің де маңыздылығына байланысты болады.

Ескертетін бір жай – бастауыш саты оқушысын шамадан тыс ақпараттандыру оның пәнге деген сүйіспеншілігін жоюы мүмкін, сондықтан да мұғалімдер керісінше пән мазмұнына тікелей қатысты, баланың талап-тілегін қанағаттандыратын, рухани дамуына ықпал ететін материалдарды саралап ала білуі тиіс.

Дамыта оқытудың бір түрі – модульдік оқыту технологиясы. Модуль – адамның өзін-өзі дамуытуының тәсілі, мөлшері. Модульдік оқыту білім мазмұнын, білімді игеру қарқынын, өздігінен жұмыс істей алу мүмкіндігін, оқытудың әдістері мен тәсілдері арқылы оқу әрекетінің дербестігін қамтамасыз етеді.

Модульдік оқыту технологиясының негізгі идеялары:

а) модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген, оқушының белсенді іс-әрекеті жүйелі болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі;

ә) тапсырмалар оқушыларды оқу мақсатына бағыттап, оның жаңа білімді қабылдауына жағдай жасайды;

б) модульдік оқыту мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жекелеуге мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптарда білімнің маңызды міндеттердің бірі – шығармашылық қабілеттер мен шығармашылық іс-әрекет сапаларының дамуына жағдай туғызу. Бұл мұғалімнен әдебиеттік оқу сабағында проблемалық ситуацияны, технологияны, техникалық құралдарды әдіс-тәсілдерді таңдай білу, талдау-жинақтау қабілеті, жүйелі ойлауы, өз шешімін сауатты негіздеумен байланыстыруды талап етеді.

Бүгінгі таңда «шығармашылық қабілет», «көркем шығармашылық» т.б. ұғымдар пайда болып, мектеп тәжірибесінде кеңінен өріс алуда.

Көптеген әдіскер ғалымдар шығармашылыққа оқушылардың жазған өлеңдері мен прозасы, шығарған газеттері мен журналдары, сондай-ақ жеке күнделік пен хаттарды, т.б. жатқызады.



Демек, шығармашылық – өздігінен жаңа дүниелер жасау, яғни бұл жерде оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі, оның ойлау мүмкіндігінің жемісі және соған жеткізетін әрекеті деген мағынаны білдіреді.



1




1


Ф ҚазҰПУ 703-03-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бірінші басылым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет