Атасы мен немересі орман ішімен келе жатты. Күн ыстық болатын. Олар мөлдір бұлақтың басына келіп тоқтады. Бұлақтан су ішіп, шөлдерін басты.
- Рақмет саған, мөлдір бұлақ, - деді атасы.
- Бұлаққа несіне рақмет айтасыз? Ол сіздің сөзіңізді естімейді, түсінбейді де ғой, - деді немересі күліп.
- Иә, солай,- деді атасы. - Егер бұлақтан қасқыр су ішсе, ол алғыс айтпас еді. Ал біз -адамбыз. Сен адамдардың не үшін «рақмет» айтатынын білесің бе? - деді жай ғана.
Немересі ойланып қалды.
Мәтінде қандай кейіпкерлер бар? __________________________________________
Бала бұлаққа неліктен «рақмет» айтпады? _______________________________________________________________________
Атаның сұрағына сен қалай жауап берер едің? Адамдар не үшін «рақмет» айтады?