- мектеп қызметінің тараулары, бағыттары бойынша дайындалган жобаларды үйлестіру, оларды жоспардың бірыңғай жобасына біріктіру;
— жаңа оқу жылының алдында тамыз айънда өтетін педагогикалық кеңесте жылдық жоспарды бекіту.
Жоғарыда менеджмент функцияларының тығыз өзара байланысы туралы айтылған болатын. Жоспарлаудың бақылау (мониторинг) барысында ұйымда анықталған деректерге негізделуі даусыз. Тек сенімді және ең анық деректерді ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымының кызметін жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау маңызды. Ақпаратты жинау көп жағдайларда мекеме жұмысындағы жетістіктерді анықтауға, қол жеткізілген жетістіктерді көрсету мен растауға бағытталған. Осы деректердің маңыздылығын ескеріп, олардың кызметкерлерді ынталандырудағы, бүкіл педагогикалық ұжым әр педагог үшін жетістік жағдайын қалыптастырудағы рөлін белгілей отырып, шешілмеген мәселелер туралы мәліметтердің, ұйым жұмысындағы киындықтардың маңыздылығын атап көрсету кажет. Білім беру мекемелерінің әкімшілігі үшін ұнамсыз, сондықтан да көбінесе олар мойындамайтын осы ақпарат алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін, оларға жету тәсілдерін анықтауға, жүзеге асырылуы білім беру мекемесінің жаңа деңгейге шығуын камтамасыз ететін жоспарларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Сапаның заманауи менеджментінде басқарудың көптеген үлгілері мен тәсілдері (сапа үйірмелері талдау және басқалары) едәуір деңгейде қиыншылықтар, шешілмеген мәселелер, жіберіліп алған мүмкіндіктер және т.б. туралы мәліметтерді жинауға бағытталған.
Жоспарлау үдерісі, сондай-ақ жоспарлардың өзін жүзеге асыру сияқты маңызды қызметтер ұжымда немесе жұмыс тобында бірлесе отырып жүзеге асырылса тиімді болады.
Басшының жұмыс жоспарын жасырын немесе санаулы қызметкерлермен бірге дайындау әрекеті өнімсіз жүктемелерге ғана соктырмайды, сонымен бірге білім беру мекемесінің педагогикалық ағымы, кызметкерлері жоспарлы құжаттарды бөгде, өздерінің кәсіби қажеттіліктері мен ұмтылыстарын әлсіз көрсетеді деп қабылдайды. Оның үстіне мұндай іс-әрекет білім беру мекемесін басқарудың ұжымдық, мемлекеттік-қоғамдык сипатымен қарама-қайшылыққа кіреді. Жұмыс тобының құрамына жұмыстың кейбір учаскелеріне жауап беретін мамандар (директордың әжұмысы жөніндегі орынбасары, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, психолог, мектеп кітапханашысы және басқалар) ғана емес, сонымен бірге акпараттық талдау-синтетитикалық тұрғыда өңдей алатын, компьютерлік қолдану бағдарламаларымен жұмыс істейтін, мәтінді редакциялайтын және басқаға икемді қызметкерлерді де қосуға болады. Топтың осындай жинақталуының арқасында, біріншіден,жоспарлау неғұрлым нақты, негізделген, жүйелі болып жүргізіледі, екіншіден, қызметкерлер жоспарлардың дайындығына қатысқанда, мекеме әкімшілігімен қатар жоспарлардың іске асырылуы үшін жауапкершілікті бөле бастайды.
Ағымдағы жоспар оқу тоқсанына кұрастырылады, ол жалпы мектептік жылдық жоспардың нақтылауы болады. Сонымен, жоспарлардың негізгі түрлерінің болуы мектеп ұжымының, оқушылардың және ата-аналардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, осы жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жоспарларына қатысты стратегиялык түрде де болады.
Білім беру мекемесінде жоспарлау функциялары оның басшысымен қатар, педагогтармен де іске асырылады. Сынып жетекшісі сыныптағы тәрбие жұмысының және ата-аналармен жұмыстын жоспарларын әзірлейді. Нақты бір пән мұғалімі күнтізбелік-такырыптық жоспарлауды жүргізеді, сабақ жоспарларын әзірлейді, тәжірибелік-эксперименттік, өз біліктілігін арттыру бойынша жұмыстың жоспарларын кұрады. Осы функцияны мұғалім қалай атқаратынын зерделеу , оқытушының жоспарлау технологиясы, көбінесе, окушыға мақсатты әсер ету кұралы ретінде қарастырылмайтынын анықтады. Мектептерде тұлғалық-бейімделген, жеке тұлғаға бағытталған оқу мен тәрбиенің тұжырымдамалары кеңінен іске асырылуына қарамастан, оқушылар жоспарлау қызметіне сирек қатыстырылады. Сонымен, жоспарлау білім беру мекемесі менеджерінің, педагогтың және оқушының да ерекше міндеті.
Ғалымдар жоспарлауды басқарушы ақпараттың әр түрлерін есепке алумен, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардың әзірленуімен, үдерістік, жүйелі және жағдайлық көзқарастарды пайдаланумен, басқару нысандарын бөлумен және басқаларымен жүргізуді ұсынады. Бұдан басқа, жоспарлау оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуын болжауда, педагогикалық үдеріс субъектілерінің жүйелі өзара әрекетінде, жоспар алды негіздемелерде және әдістемелік шешімдердің нұсқалық талдауында негізделуге тиіс.
Жоспарлаудың ең күрделі жақтарының бірі - мақсат қою, яғни болашақ қызметтін мақсаттар жүйесі мен міндетгерін анықтау. Дұрыс қойылған мақсаттар олардың іске асырылуы үшін ең кажетті және тиімді әрекеттерді таңдауға, сол сияқты осы мақсаттар мен міндеттерге жетудің бақылауы жүргізілетін индикаторлардың шеңберін белгілеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, мақсаттар келесі талаптарга сәйкес болуға тиіс:
- нақтылығы мен өлшемділігі, яғни мақсаттың тұжырымдалуында сапалықпен қатар, сандық та сипаттамалар болуға тиіс. Осындай сипаттамалардың болуы әрі қарай мақсатқа жету дәрежесінің сенімді диагностикасын іріктеуге және пайдалануға мүмкіндік береді;
- ұйымның әртүрлі құрылымдық бөлімшелері мақсаттарының қайшылықсыздығы мен келісімділігі. Келісімділік бөлімдер мен қызметкерлердің иерархиялық бағыныштығын ескеретіндей тік, сондай-ақ бір денгейдегі құрылымдардын өзара әрекетінің есебіне негізделетін көлденең болуы мүмкін;
- мақсаттың белгілігі, яғни оның жүзеге асырылуының нақты уақытты параметрлерін көрсету;
- қол жетерлігі, бұл ұйым немесе оның бөлек кұрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ қызметкерлері үшін мақсаттың колдан келетіндей болуын көздейді; мақсаттарға кол жету үшін материалдық, кадр, уақыттық ресурстардың болуы;
- икемділік. Мақсат ішкі және сыртқы ортаның өзгерістерін есепке алумен үнемі түзетілуі тиіс.
Өз кезегінде, дұрыс жазылған мақсат кейіннен декомпозицияға жатқызылады. Декомпозиция барысында шешімі жалпы жаһандық мақсатқа кол жету шартының кызметін атқаратын жеке, нақты міндеттер анықталады. Мақсаттар мен міндеттер арасындағы айырмашылық жиі бағдарлау белгісі бойынша да жүргізіледі: мақсат бізді не және қашан, ал міндет неге және қалай жету керектігіне бағыттайды.
Осы тәсілмен «мақсаттар ағымы» кұрылды. Оның арқасында ұйым қызметінің бүкіл жүйесі, әр бөлімшесінің, әр қызметкердің орны мен рөлі көріне бастайды.
Мақсат қою барысында нәтиже мақсаттар мен кұрал мақсаттарын айыру керек, Мақсаттардың бірінші тобы білім беру мекемесі не үшін кызмет ететінін көрсетеді, оқушылар тұлғасын дамыту, олардың құзыреттіліктерін қалыптастыру және т.б. Екінші топ қосалқы «кызмет ететін» сипатта болып, нәтиже мақсаттарына жетуге көмектесетін жағдайлардан тұрады. Олар, мысалы, заманауи компьютерлік кұралдарды, инновациялық білім беру технологияларын, басқару технологияларын енгізу және басқалары болу мүмкін. Мақсаттардың бірінші тобын түсінбей құрал максаттардың да мағынасыз екендігі даусыз: бұл жағдайда біз енгізу үшін кандай да болсын бір инновациялардың енгізуін, едәуір ресурстардың және кызметкерлер ұжымы күшінің аралық, өздері бойынша мағынасы аз нәтижелердің жұмсалуын байқаймыз.
Мақсаттарға сай мақсаттар-нәтижелер және мақсаттар-құралдар анықталуы, қалыптасуы және кұрылуы керек.
Операциялар ретінде жазылған мақсаттар мен міндеттер етістіктердің (мысалы, «анықтау», «қамтамасыз ету», «қисынға келтіру», «құру»,«дамыту» және басқалары) немесе тиісінше етістіктен жасалған зат есімдердің көмегімен калыптасады.
Білім беру мекемелерімен және жеке педагогтармен біз жүргізген кеңес беру тәжірибесі мақсат қоюдың келесі, кең таралған кемшіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді:
- мақсаттар жалпы сипатта болады, осының салдарынан оларға жету мезетін көбіне іс жүзінде анықтау мүмкін емес;
- мақсаттар, осы білім беру мекемесінің және немесе педагогтың құзыреттілігіне жатпайды;
- тәжірибе жұмысында, біздің тәжірибе көрсеткендей, жиі теріс көзқарас қалыптасады: мақсаттық бағдарлардың анықталуы міндеттер қоюдан басталады. Мақсат қою логикасының бұзылуы, алғашында қалай жасалатыны, содан кейін ғана нені жасайтынымызды анықтауға әкеп соғады.
- мақсаттар не уақыт, не жауапкершілік аясы бойынша шектелмеген және басқалар.
Осы оқулықтар жосларлаудың әр түрлерінде (стратегиялық, тактикалық, жедел және басқа), әртүрлі жоспарда - мұғалімнің сабақ жоспарларында, бүкіл оқу мекемесінің жұмыс жоспарларында және т.б. кездеседі.
Максат қою үдерісінің маңыздылығы менеджменттің заманауи теориясында көптеген әдістер мен тәсілдерді өмірге әкелді. Жекелеп айтканда, мақсаттар бойынша басқару технологиясын әдістемелерін, «Пілді қалай жеу керек» және басқаларын атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |