5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының



бет29/30
Дата04.05.2017
өлшемі5,74 Mb.
#15543
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аудандардың жерге орналастыру схемалары, әдістемелік нұсқаулар, жер пайдалану планы, кітапхана қоры, интернет-кластары, Республикалық ЖОО аралық электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

AutoCAD, Credo негіздері



Пәннің коды: AutoCCr 2212

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 3, 4

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Құрбанов Д. – аға оқытушы.

Курстың мақсаты: жобалау – сызу жұмыстарының автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету, студенттердің осы қуатты әрі жетілген программалық графикалық жүйесі бойынша әрі қарай өз бетінше білімдерің тереңдетіп, қыр-сырын меңгерулеріне тура бағыт сілтеу, оқу процесінде компьютерлік технологияны кеңінен қолдану, студенттердің басқа пәндерде алған базалық білімдерін курста оқып-үйренгендерімен ұштастыра білуге үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: инженерлік геодезия, компьютерлік біліктілік, информатика және есептеу техникасы.

Курстың/пәннің мазмұны: Кіріспе. Жүйенің құрылымы. Автоматтық жобалау жүйесінің қазіргі жағдайы және келешектегі даму барысы. AutoCAD LT бағдарламасымен жұмысты бастау. New (жаңа), Save (сақтау), Save as (қалай сақтау), Open (ашу), Quit (шығу) командалары.Units (өлшем бірліктері), Limits (шекаралар) командалары.Сызықтар. Line (Кесінді), Cartesian Coordinate System (Тік бұрышты координаталар жүйесі) Polar Coordinate System (Полярлық кординаталар жүйесі). Бұрыштардың санақ жүйесі, Absolute Coordinates (Абсолюттік координаталар), Relative Coordinates (Салыстырмалы координаталар), ПКЖ-ні ауыстыру, қолдану, Command options (Командалар опциялары), Undo (Кері қайтару), Redo (қайталау), Close (тұйықтау) Өлшемдерді қою. Linear (Сызықтық), Aligned (Параллель), Quick (Жылдам) командалары. VIEW (Көрініс). Zoom All, Zoom in, Zoom out, Zoom realtime, Pan realtime функцияларын сызу барысында қолдану. Объектілік байланыстырулар. Уақытша объектілік байланыстыру. From (жылжыту) Point style (Нүкте стильдері), Single point (дара нүкте), Multiple point (бірнеше нүкте), Size (нүкте өлшемі), Degrees, Minutes, Seconds (Градустар, Минуттар, Секундтар), DIMSTYLE. Бұрыштың өлшем бірліктері. Regen (регенерирлеу), Redraw (қайта салу) командалары Тұрақты объектілік байланыстыру. Object snap locations (Об. байланыстыру нүктелері), TOOLS (құралдар), Drafting Settings (Сызу параметрлері) Circle (шеңбер) командасы, Circle (шеңбер) командасының опциялары. Break (үзу), Diameter dimension. Radius dimension. Arc (доға), Start, Center, Angle (Старт, Центр, Бұрыш), Доғаның бағыты Tangent (Жанама), Fillet (Түйіндестіру) командасы. Radius (Радиус), Trim/Notrim (Қию/қимау) опциялары Chamfer (Фаска) командасы. Фасканың геометриялық параметрлері, Angle (Бұрыш), Distance (Қашықтық) опциялары Trim (Кесу) командасы. Кесу шектері. Use shift (Бірге өзгерту) Rectangle (Тіктөртбұрыш) командасы. Offset (ұқсас) командасы. Through (Нүкте) опциясы Extend (Ұзарту) командасы. Polygon (Көпбұрыш) командасы. Divide (Бөлу), Measuar (Интервал) Grid (Тор) режимі. Grid Spacing (тор масштабы). Snap (қадам). Snap Spacing (қадам масштабы).

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Финкельштейн Э. AutoCAD 2000. Библия пользователя.: Пер. с англ.- М.: Издательский дом “Вильямс”, 2000.

  2. Полищук В.В., Полищук А.В. «AutoCAD 2000» Практическое руководство, Москва «Диалог-МИФИ» 1999.

  3. W.Baumback, P.Fahie, B,Davies «AutoCAD Modules AutoCAD I Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1998.

  4. W.Baumback, P.Fahie, B.Davies «AutoCAD Modules AutoCAD II Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1998.

  5. W.Baumback, P.Fahie, B.Davies «AutoCAD Modules AutoCAD I Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1999.

  6. Чигарев Ю.Н., Мезин Д.Г. Справочник команд AutoCAD LT 2000,Consistent Software 2000.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: «AutoCAD LT2000», «CREDO» бағдарламалары, оқу материалдар кешені, компьтерлік сынып, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер құқығы



Пәннің коды: ZhK 4209

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 4-ші

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Алдабергенова А.А. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: жерді қорғау мен оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету; топырақтың құнарлылығын арттыру және табиғи ортаны қорғау мен жақсарту; шаруашылық жүргізудің барлық түрлерінің тең дәрежеде дамуы үшін жағдай жасауда, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге деген құқығын қорғауда, жылжымайтын мүліктің нарығын құру мен дамытуда және жер қатынастары саласында заңдылықтарды нығайту мақсатында жер қатынастарын реттеуді үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру мен кадастрдың ғылыми негіздері, жрге орналастыру жобалауы, жер учаскелерін, жылжымайтын мүлікті тіркеу және есепке алу.

Курстың/пәннің мазмұны: Жер құқығының сипаттамасы мен пәні. Жер құқығы қатынастары. Жер құқығының даму негіздері. Жерге меншік құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар. Жер пайдалану құқығы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі. Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық режимі. Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі. Су қоры жерлерінің құқықтық режимі. Босалқы жерлердің құқықтық режимі. Мемлекеттік жерге орналастырудың құқықтық негіздері. Мемлекеттік жер кадастрының құқықтық негіздері. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Жер дауларын шешу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. Алматы: «Юрист», 2010.

2. Жер туралы заңнамалар. Нормативтік актілер жиынтығы. Алматы: «Юрист», 2010.

3. Хаджиев А. Х. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Алматы: «Юрист», 2002.

4. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілердің жинағы. Астана, 2003.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: «Юрист», 2010.



Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, нормативтік актілердің жинағы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу



Пәннің коды: ZhKМR 4206

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 4-ші

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 4 KZ кредиті = 6 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Будикова К.М. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: нарықтық экономиканы қалыптастыру жағдайындағы және жер пайдаланудың әртүрлі формаларындағы жер қатынастарын реттеудің принциптері, түрлері және әдістері туралы теориялық және практикалық білім беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру және жер қатынастарының тарихы, жерге орналастырудың ғылыми негіздері, жер кадастры, жер құқығы, жерге орналастыруды жобалау пәндері.

Курстың/пәннің мазмұны: Жер қатынастарының теориялық негізі. Жер қатынастарының қоғамдық қатынастарда қалыптасу механизмі. Жер қатынастарының құқықтық, экономикалық және экологиялық қызметінің сипаттамасы. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің жер құқығы, жер мониторингы және жер кадастрымен байланысы. Жер қатынастарының қалыптасуы мен дамуы. ҚР-дағы жер реформасының даму кезеңдері. Нарықтық экономика және жер қатынастарын реттеу. Қазіргі нарықтық қатынастарды дамытудағы жер саясаты. Жер қатынастарын дамытудың заңды және нормативті базаларын дамыту. Жер қатынастарын реттеу жүйесі, принципі, әдістері. Жер қатынастарын реттеудегі мемлекеттің ролі. Мемлекеттік жер қатынастарын жүзеге асыратын органдар және олардың құзыреті. Шетелдердегі мемлекеттік жер қатынастарын реттеу жүйесіне талдау жасау. Шетелдердегі жер қатынастарын дамыту тенденциясы. ҚР- да жер қатынастарын реттеуді жетілдіру үшін шетелдік тәжірибелерді қолдану. Жер қатынастарын реттеудің құқықтық механизмі. Меншік иелерінің жер қатынастарын реттеу. Жер пайдалану мен жерді жалға беруге байланысты құқықтық қатынастар мазмұны. Жер қатынастарын экономикалық реттеудің методикалық негізі. Жер қатынастарын экономикалық реттеудің негізгі шаралары. ҚР жер қатынастарын экономикалық реттеудің ерекшеліктері. Жер қатынастарын реттеудегі жерге орналастыру қызметінің әрекеті. Жер қатынастарын реттеуді ақпараттық қамтамасыз ету. Жер пайдалануды ұйымдастыру бойынша жобалық жұмыстар. Жер қорын басқаруда жер қатынастарын реттеу. Жаңа экономикалық шарттардағы жер қорын басқару мақсаты мен мазмұны. Жер қорын басқаруды орталықтандыру.

Ұсынылатын әдебиет:

1. ҚР Жер Кодексі – Алматы, 2003

2. Гендельман М.А., Крыкбаев Ж.К. Научные основы землеустройства и кадастра: Учебник – Астана: Фолиант, 2004.

4. Троицкий В.П., Волков С.Н., Гендельман М.А., Носов С.И. Научные основы землеустройства. Учебник для вузов – Москва: Колос, 1995.

5. Есполов Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной системы земельных отношений в Казахстане. – Алматы, 2002.

5.Подольский Л.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория. Учебное пособие – Алматы, 2000.

6.Сейфуллин Ж.Т.Управление земельными ресурсами в рыночных условиях – Алматы, 2001.

7.Карбозов Т.Е. Агроқұрылымдарды жерге орналастыру. Оқу құралы – Астана, 2006.



Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: нормативтік актілердің жинағы, құқықтық нормативтер, әдістемелік нұсқаулар.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Елді мекендердің жерлерінің кадастры, территорияны жоспарлау және үйлестіру



Пәннің коды: EMZhKTZhU 4304

Пәннің типі: Кәсіптендіру, міндетті пән

Оқу жылы: 4-ші

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Будикова К.М. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Елді мекендер жерлерінің кадастры, олардың территориясын жоспарлау мен үйлестіруді игеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жер кадастры, жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар, жер учаскелерін тіркеу және есепке алу.

Курстың/пәннің мазмұны: Елді мекендерді жіктеу және олардың аумағын аймаққа бөлу. Қала жерлерінің санаттары және олардың функционалдық мақсаты. Елді мекендер шегін айқындау және өзгерту. Территориялық-кеңістіктік жоспарлаудағы кадастрдың маңызы. Қалалық және ауылдық мекендердің аумақтарын дамыту концепциясы және жалпы ұйымдастырылуы. Қалалық қоныстану және оны дамытудың жолдары. Елді мекен кадастрының әдістемелік негіздері. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры. Жылжымайтын мүлік объектілерінің топтары. Қалада жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті тіркеу және есепке алу. Қалалық жер қатынастарын заңды реттеу. Қала жерлерін бағалаудың теориялық аспектілері. Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау. Қала жерлері мен жылжымайтын мүлікті бағалаудың негізгі принциптері мен әдістемесі. Ірі қалалар территориясын бағалық аймақтаудың ерекшеліктері. Салық салу мақсаты үшін қала жерлерін экономикалық бағалау әдістемесі. Қазақстан Республикасында елді мекен жерлерін кадастрлық бағалау. Қала жерлерін экономикалық бағалаудың әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Жер Кодексі, 20 маусым 2003.

  2. Об оценочной деятельности в РК/ Казахстанская правда. 13 декабря 2000.

  3. Баденко В.Л., Гарманов В.В., Осипов Г.К. Государственный земельный кадастр (на землях населенных пунктов) Под редакцией Н.В.Арефьева, Москва «Питер», 2003.

  4. Чешев А.С., Вальков В.Ф. Основы землепользования и землеустройства. Ростов-на-Дону, изд. Центр «МарТ», 2002.

  5. Нагаев Р.Т., Рабинович Л.М., Тимирясов В.Г. Оценка земли: Курс лекций. – Казань: Издательство «Таглимат», 2001.

  6. Экономика градостроительства. Под редакцией Н.Н. Титомирова. Учебное пособие для вузов. Москва: Издательский центр «МарТ», 2003.

  7. Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылыстарын салу. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002, Астана, 2004.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аудандардың жерге орналастыру схемалары, нормативтік актілердің жинағы, құқықтық нормативтер, әдістемелік нұсқаулар, жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жер кадастрындағы және жерге орналастырудағы геоақпараттық жүйе және сандық картография

Пәннің коды: ZhKZhOGZhSK 4306

Пәннің типі: кәсіптендіру, міндетті пән

Оқу жылы: 4-ші

Оқу семестрі: 8

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Елеуова Э.Ш. - аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Геоақпараттық мәліметтерді жинап, оларды бағдарламалық-техникалық кешенде сақтап, өңдеп және қайта қолдану, тұжырым жасау және өңделген ақпараттарды шығаруды игеру. ГИС бағдарламаларын, картографиялық ақпараттарды сандық түрге ауыстыру және оны өңдеуді жүзеге асыратын бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Геодезия, карта мен жобаларды графикалық безендіру, жер кадастры, жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар, жер учаскелерін тіркеу және есепке алу.

Курстың/пәннің мазмұны: Геоақпараттық жүйені ақпаратпен қамтамасыз ету. Геоақпараттық жүйеде мәліметтерді ұйымдастыру. Геоақпараттық жүйеде графикалық мәліметтерді енгізу. Кадастрлық ақпаратты сақтау. Геоақпараттық жүйемен жұмыстарды ұйымдастыру. Мәліметтерді талдау және модельдеу.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Волков С.Н. Землеустройство. Системы автоматизированного проектирования в землеустройстве. Москва, Колос, 2002.

  2. Калабаев Н.Б. Географические информационные системы и цифровое картографирование. – Алматы, 2002 -225 с;

  3. Credo Dat 3.0. Практическое пособие. –НПО «Кредо-Диалог», Минск, 2001.

  4. Credo Mix 3.0. Цифровая модель проекта. Руководство пользователя. - НПО «Кредо-Диалог», Минск, 2001.

  5. Credo Ter 3.0. Цифровая модель местности, Минск, 2001г. - НПО «Кредо-Диалог»

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: 5В0903 – «Жерге орналастыру» және 5В0907 - «Жер кадастры» мамандықтарының білімалушыларына арналған заманауи компьютерлер мен жаңа версиялы бағдарламалармен жабдықталған зертханалық сынып, кітапхана қоры. «CREDO жерге орналастыру және кадастр» бағдарламалар кешені, аудандардың жерге орналастыру схемалары, жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу



Пәннің коды: ZhKABZhSS 4308

Пәннің типі: кәсіптендіру, міндетті пән

Оқу жылы: 4-ші

Оқу семестрі: 8

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Будикова К.М. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: агроклиматтық, табиғи, ауылшаруашылық аудандастыруды, өндірістік мамандандырылуы топырақ пен өсімдіктің сапалық сипаттамасын, олардың экологиялық жағдайын ескеріп, ауылшаруашылық алқаптарды аудан деңгейінде бағалау жердің бағасын нақты және дәл анықтауды үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру мен кадастрдың ғылыми негіздері, жерге орналастыру жобалауы.

Курстың/пәннің мазмұны: Агроклиматтық, табиғи-ауылшаруашылық аудандастыруды, өндірістің мамандандырылуы топырақ пен өсімдіктің сапалық сипаттамасын, олардың экологиялық жағдайын ескеріп ауылшаруашылық алқаптарды аудан деңгейінде бағалау, жердің бағасын нақты және дәл анықтау туралы түсінік. Ауылшаруашылық алқаптарды бағалық аймақтаудың жалпы жағдайлары. Бағалық аймақтау жұмыстарының технологиясы. Бағалық аймақтаудың дайындық жұмыстары. Бағалық сипаттамаларды есептеу технологиясы. Ауылшаруашылық алқаптарды бағалық аймақтаудың картограммасының авторлық данасын құрастыру мен рәсімдеу. Табиғи жағдайлар. Жер қоры және оның құрылымы. Ауылшаруашылық алқаптардың нормативтік бағасын есептеу қағидалары. Табиғи жем-шөп алқаптары жерлерінің нормативтік бағасын есептеу. Ауылшаруашылық алқаптарының бағалық санаттарын сипаттау. Егістік. Табиғи жем-шөп алқаптары. Табиғи жайылымдарды бағалық аймақтау. Бағалық аймақтау қағидалары. Егістік. Табиғи жем-шөп алқаптары. Аудан. Контур. Бағалық аймақтаудың материалдарын және жердің нормативтік бағаларын қолдану туралы түсінік. Жер үшін төленетін төлемдер. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау. Жер учаскелері үшін төлем ақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін пайдалану ережелері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Иванов А.И., Подольский Л.И. Кормовые растения сенокосов и пастбищ Казахстана. Кайнар, Алматы, 1996.

2. Подольский Л.И. Научные основы оценки земель. Вестник сельхоз науки казахстана, НИЦ «Бастау», Алматы, 1997.

3. Подольский Л.И. Экономические и экологические проблемы оценки земель. Материалы конгресса часть 2. 1-ый Международный конгресс возрождения «Экологическая методология возрождения человека и планеты Земля», Алматы, 1997.

4. Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области. ТОО «Бастау», Алматы, 2002.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аудандардың жерге орналастыру схемалары, нормативтік актілердің жинағы, құқықтық нормативтер, әдістемелік нұсқаулар, жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерді және жылжымайтын мүлікті бағалау



Пәннің коды: ZhZhMB 4303

Пәннің типі: кәсіптендіру, таңдау пән

Оқу жылы: 4-ші

Оқу семестрі: 7, 8

Кредит саны: 5 KZ кредиті = 8 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Альмағанбетова Э.А. - оқытушы

Курстың мақсаты: жер кадастры туралы теориялық білім беру, жердің сапасын есепке алу мен жердің және жылжымайтын мүліктің кадастрлық құнын анықтау бойынша практикалық дағдыландыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жерге орналастыруды жобалау, жер кадастры, топырақтану, агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орналастыру

Курстың/пәннің мазмұны: Мемлекеттік жер кадастрының құрамындағы жер-бағалау жұмыстары. Жер-бағалық аудандастыру. Жерді және жылжымайтын мүлікті бағалаудың жалпы принциптері. Жерді және жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемесі. Жерлерді сапалық бағалау Топырақтың агроөндірістік топтарын және бонитеттеу шкаласын құру. Жерлерді экономикалық бағалау. Жерлерді экономикалық бағалау шкаласын құру. Жақсартылған жерлер мен табиғи жем-шөп алқаптарын бағалау. Ауыл шаруашылығы алқаптарын ішкі шаруашылық бағалау негіздері. Жерді ішкішаруашылықтық бағалаудың әдістемелік тәсілдері. Жерлерді ішкі шаруашылықтық сапалық бағалау. Жерлерді өнімділігі бойынша бағалау. Топырақтың салмақ көтеруге беріктілігін бағалау. Жерлерді ішкішаруашылықтық бағалау көрсеткіштерін қолдану.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Чешев А.С., Фесенко И.П. Земельный кадастр. Учебник для вузов. – М.: Издательство «ПРИОР», 2001.



  1. Магазинщиков Т.П. земельный кадастр.- Львов: Высшая школа, 1980.

  2. Чешев А.С., Вальков В.Ф. Основы землепользования и землеустройства: Учебник для вузов. – Ростов н/Д: - «МарТ», 2002.

  3. Оценка земли и использование ее результатов. Под редакцией М.А.Гендельмана. Алматы, «Кайнар», 1979.

  4. Сейфуллин Ж.Т. Жер кадастры. ҚазҰАУ, 2001.

  5. Апарин Б.Ф., Русаков А.В., Булгаков Д.С. Бонитировка почв и основы государственного земельного кадастра: Учебное пособие.- СПб.: Издательство С.- Петерб. Ун-та, 2002.

  6. Нагаев Р.Т., Рабинович Л.М., Тимирясов В.Г. Оценка земли: Курс лекции.- Казань: Изд «Таглимат», 2001.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аудандардың топырақ картасы, нормативтік актілердің жинағы, әдістемелік нұсқаулар, жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры.

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





Бекітемін

Тарих, құқық және экономика институтының директоры, э.ғ.к.,

__________ Дүзелбаева Г.Б.

«____» ________2013ж.




5В090900 – «Логистика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
АҚПАРАТТЫҚ ПАКЕТІ


Кафедра мәжілісінде бекітілген

№____хаттамасы, «____» __________2013ж. Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к.__________ Сайлыбаева Г.Б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет