4
1-бөлім. ЖАСуШАлық БиОлОгия
§1. Прокариот және эукариот
жасушаларының құрылысы
Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстыру
Өсімдік және жануар жасушалары қандай үш бөліктен тұрады? Прока-
риот жасушаларының эукариот жасушаларынан қандай айырмашылығы
бар? Оларға қандай ағзалар жатады? Жасуша қабығы, ядро, вакуоль мен
пластидтер не үшін керек? Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан
қандай айырмашылығы бар?
Жасуша
– тіршіліктің негізгі құрылымдық және қыз мет тік бірлігі.
Барлық ағзалар жасушалардан тұрады. Әрбір жасушаға
тірі
ағзалардың
қасиеттері
: көбею, өсу,
зат алмасу, тұқымқуалаушылық пен өзгер-
гіштік, қартаю және т.б. тән. Тірі ағзалардың барлық жасушалары өзара
химиялық құрамы мен құрылысы бойынша ұқсас.
Бактерия жасуша-
сында ядро жоқ, тек қабық шасы мен цитоплазмасы болады. Сондықтан
оларды
прокариоттар
– ядросы қалыптаспаған (ядро түзілгенге дейін
пайда болған) деп атайды (1-сурет). Өсімдік, саңырауқұлақ және жануар
жасушалары үш бөліктен:
қабықша
,
цитоплазма
мен
ядродан
тұрады
(2, 3-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: