А. Т. Работнов бойынша популяциядағы түрлерді жастық қатынасына қарай топтарға бөлу қалай жүргізіледі?



бет4/5
Дата24.04.2023
өлшемі29,07 Kb.
#175315
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сессия Геоботаника
darister1-15. geobotania (1), бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1), 1.8.Сақ мәдениеті (1)
Флора – белгігі бір территорияда немесе акваторияда геологиялық өткен дәуірлерде өскен немесе өсіп тұрған тарихи қалыптасқан өсімдік түрлерінің жиынтығы.
Өсімдік – белгілі бір территорияда немесе акваторияда өскен немесе өсіп тұрған өсімдіктер қауымдастығының (фитоценоз ) жиынтығы.
Өсімдіктер жамылғысы (өсімдіктер әлемі) – құрылымына флора және өсімдіктер кіретін өсімдіктер әлемінің рангасыз жүйесі
8.
Фитоценоз және оның тіршілік ортасы дегеніміз не ?
Өсімдік бірлестігі немесе Фитоценоз — бірдей жағдайда өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресетін өсімдік түрлерінің жиынтығы. Өсімдік бірлестігінің құрамына мүктер, қыналар, микроскопты балдырлар кіреді. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады. Фитоценоз — ашық биология жүйе, яғни, адам мен гетеротрофты жануарларға қажетті органиктік зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады. Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіп биоценоз құрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т.б.) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бір микроклиматтың құрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады
Тіршілік ортасы - организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта.
9.
Фитоценоздың анықтамасы.
Өсімдік бірлестігі немесе Фитоценоз — бірдей жағдайда өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресетін өсімдік түрлерінің жиынтығы. Өсімдік бірлестігінің құрамына мүктер, қыналар, микроскопты балдырлар кіреді. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады. Фитоценоз — ашық биология жүйе, яғни, адам мен гетеротрофты жануарларға қажетті органиктік зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады. Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіп биоценоз құрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т.б.) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бір микроклиматтың құрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады.
10.
Өсімдіктердің тіршілік формасы қандай?
Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз — формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант). Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз — өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді.
Фанерофиттер - жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25 см жоғары орналасқан, олар қыстайды және құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады. Осыған байланысты бүршіктері бүршік қабыршақтарымен жабылған. Бұлай етпейтін фанерофиттер де бар. Олар - ылғал тропикалықорман өсімдіктері. бұл тіршілік формасы 15 тип тармаққа бөлінеді.
Хамефиттер - бүршіктер топырақ бетінен аздап қана жоғары (25 - 30 см) орналасқан. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шыға алады.
Гемикриптофит бүршіктері топырақ деңгейінде немесе онымен шамалы ғана жамылып жатады. Қыстап шығатын Бүршіктерін өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қарғайды. Бұл өсімдіктер жылы және салыстырмалы ылғалды аймақтардан басқа жерлердің барлығында кездеседі.
Криптофит – жандану бүршігі немесе өркендердің ұшы топырақ астында немесе су түбінде болады.
Терофиттер – біржылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегетациялық кезеңде аяқталады. Жылдың қолайсыз кезеңдерін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.

11.
Доминантты және эдификатор турлер .


«Доминант» және «эдифкатор» түсініктерінің айырмашылығы эдификаторлар – өсімдіктер қауымдастығының ортасын анықтайтын доминанттар. Олай болса әрбір эдификатор доминант бола алады, бірақ әрбәр доминант эдификатор бола алмайды. Мысалы, емен арасындағы шөптесін жамылғы бидайықтар басымдық көрсететін өсімдіктер, мұндағы емен – доминант және эдификатор, ал бидайықтар тек доминант. Демек, «доминант» ұғымы «эдификатор» ұғымымен салыстырғанда кең мағынаны білдіреді.
Б.А. Быков доминанттарды бірнеше топқа біріктіруді ұсынады:
Коннектор – вегетативті жолмен жылдм көбейтіп, тұтас ну тоғай өсімдіктер.
Патулектор – сирек тұрақты, бірақ өзінің кең алқапты алып жатуына байланысты басқа өсімдіктердің арасында басымдық жасайтыны сөссіз.
Дензектор – бұл топтың басқа өсімдіктері. Белгелер санының сипатталуы жеткіліксіз болғандықтан, бұлмм классификациясының қолдану аясы шектеулі болды.
Күрделі өсімдіктер қауымдастығында екі түрдің бірдей эдификатор болуын кодаминанттылық деп аталады. Соңында А.А. Ниценко (1965) доминанттар жүйесін олардың ярустық жағдайын және молдығын ескере отырып құрастырады. Бұл классификация түрлердің фитоценотипіне арнап жасалған.
Бірінші санатқа жататын доминант – эдификаторлар. Бұл қауымдастықта негізгі ярусты құрайтындар, фитоценоздың құрамына және қоршаған ортаға тікелей әсері бар түтлер кіреді. Басты ярус жоғарғыны құрау міндетті емес. Мысалы, мүкті батпақта, бұлар төменгі ярусқа жататыны сөссіз.
Екінші санатқа жататын доминант – эдификаторлар. Ярустық басымдық көрсетеді, бірақ фитоценоздың құрылымына, құрамына және қоршаған ортаға ықпалы аздау.
Доминант – субэдификатор. Бұл екінші деңгейлік ярустағы эдификаторлар. Негізінде олардың барлығы екінші деңгейлік әсер етушілер.
Доминант – эдификатор еместер. Негізгі яруста доминантты, ббірақ олардың құрылымын және қауымдастықтың ортасын анықтай алмайды.
Кеңістікте субдоминанттылар. Екінші деңгейлі ярустағы эдификатор – доминанттар.
Уақытша субдоминантты. Белгілі бір мерзімінде доминантты, эдификатор және субэдификатор бола ламайды.
Серіктестер (спутник) қауымдастықта сирек және шашыраңқы кездесетін доминант бола алмайтын түрлер болыр табылады.
12.Фитоценотип сипаттамасы .
Фитоценотиптер — биоценозда тұрақты орын алуға биологиялық мүмкіншіліктері бірдей түрлер жиынтығы. Фитоценотиптердің бірнеше жіктелімі бар. Мыс., В.Н. Сукачевтің (1928) жіктелімі бойынша фитоценотиптерді: эдификаторлар (қауымдастықты құрушылар. фитоортаға негізгі әсер етушілер). ассектаторлар (фитоортаға әсері шамалы қауымдастықты құруға қатысушылар); Л.Г. Раменскийдің (1938) жіктелімі бойынша: виоленттер (әсері күшті өсімдіктер). патиенттер (қолайсыз орта жағдайына төзімді өсімдіктер).
13.
Фитоценозда түрлердің тұрақтылығын қалай айтуға болады?
А.А. Ниценко (1965) фитоценоз тіршілігінде түрлердің маңызын бағалауда екі көзқарасын көрсетті. Біріншісі, фитоценоз тіршілігінде ұқсас маңызды роль атқаратын, белгілі бір құрылымды сипаттайтын фитоценотип (цинотип) деп аталатын өсімдік топтарын бөліп қарады. Бұл түсінікте фитоценотип түрлердің тұрақты бірлестігін, әрбір түр тек бір фитоценотипке жатқызылады. Екінші көзқараста фитоценотип түрлердің бірлестігі емес, популяциядағы түрлердің шартты жиынтығы. Бұл жағдайда бір түрдің өкілдері әр түрлі жағдайда кездесетін болса, әр түрлі фитоценотипке жатқызылады. Мысалы, бір қауымдастықта эдификатор болуы мүмкін, ол басқасында бағынышты роль атқаруы мүмкін.
14.
Фитоценозды зерттеп ,оның морфологиялық құрылысын анықтаудың маңыздылығы неде?

Ярустылық – фитоценоздардың әртүрлі дережеде қабысқан ассимиляцияға, заттар және энергия жинақтауға әр қалай қатысатын қабаттарға, ярустарға, қалқаларға, биогоризонттарға, яғни структуралық немесе функциональдық бөлімдерге бөлшектенуі.


Фитоценоздардың көлденең жазықтықта біркелкі болуы өте сирек кездеседі. Соған байланысты фитоценоздардың құрылысында әртүрлі бөліктер ажыратылды, мысалы, микроптар немесе микрофитоценоздар ценоэлементтер және парцеллалар. Л.Г.Раменский /1938/ фитоцеоздар теңбілділігін экологиялық, фитоценотикалық және эпизодтық /ауық-ауық/ деп бөлуді ұсынды. Ал Т.А.Работнов /1972/ теңбілділіктің /мозаиканың/ жеті түрін ажыратуды ұсынды:
Фитоценоздардың өнімділігінің үлгісін жасау үшін олардың геометриялық структурасының сандық бейнесін білу қажет. Фитоценоздардың геометриялық структурасы дегеніміз – фитоценоздағы өсімдіктер жапырақтарының тіршілік ету орнына бейімделуіне байланысты кеңістікте орналасуы. Фитоценоздардың геометриялық структурасы олардың құрамындағы өсімдіктердің белгілі бір биіктікке және кеңістікке бейімделген жапырақтарының белгілі бір көлем мөлшеріндегі аумағымен сипатталады. Эстон ғалымдары О.К.Росс /1975/, Х.Р.Томинг /1978/ және т.б. ұсынған фитоценоздардың геометриялық структурасын зерттеу әдістері көпшілікке танылған.
15.
Тұқымды өсімдіктердің жастық кезеңдері және тіршілік күйі.
Фитоценоздың жастық кезеңінің ұзақтығы түрдің осы фитоценоздағы жағдайына және тұқымдарының өнімділігімен өлшенеді.
Мысалы, Б.Н. Колесниковтың (1968) көрсетуі бойынша, орман фитоценозының онтогенетикалық ауысуы ондағы ағаш түрлік құрамыарқылы, сонымен қатар төменгі ярустағы орман ассоциациясы ішінде белгілі бір уақыт аралығын қамтиды, яғни кем дегенде орман түзуші түрлердің бір ұрпағының тіршілік ұзақтығына тең келетін кезеңді қамтиды (көптеген орман типтерінде 40-300 жылға созылады.) Онтогенетикалық қатардың түзілуі кезінде біртекті сатылардың (этап) морфологиялық белгілерінің ауысу шеңберге белгілі бір заңдылықпен қайталанып отырады. Нақтырақ тоқталар болсақ, орман құраушы породалардың отнтогенетикалық ауысу циклі ұрпақтан-ұрпаққа қайталана отырып, орман түзілу режиміне біртіндеп өзгерістер жинақталады, нәтижесінде орман типі қайтымсыз бағытқа өзгереді.
Түрлердің тіршілік жағдайын бағалау үшін реттік сипаттама жеткіліксіз болады. Бұл тек өсімдік түрлерінің гүлдеп немесе жеміс беріп, болмаса кері қысым болғаны көрінген жағдайда ғана мүмкін. Егер өсімдік вегетациялық кезеңде болса және кері қысым байқалмаса, онда бір реттік сипаттаудан олардың гүлдеу және тұқым беру ерекшеліктерін сипаттау мүмкін емес, сондықтан барлық өсімдіктердің немесе фитоценоздың тіршілігін сипаттауда маусымдық бірнеше қайтара бақылаудан кейін қорытындылау қажет.
16.
А.Т.Работнов бойынша популяциядағы түрлерді жастық қатынасына қарай топтарға бөлу қалай жүргізіледі?
Тұқымынан (дәнінен)
көбейетін көпжылдық өсімдіктерді
жастық топтарға бөлгенде, олардың
тіршілік циклдері төрт кезеңнен тұ-
рады (Работнов 1945, 1950). Ол ке-
зеңдер мыналар:
жасырын (латентный) - бірінші
- виргинильді (қыздық кезең) -
тұқымның өсуінен бастап дербес
организмнің генеративтік жолымен
көбеюіне дейін;
- генеративтік кезең;
- сенильді (кәрілік) кезең.
17.
А.Раункир бойынша өсімдіктердің тіршілік формалары қандай?
Раункиер бойынша тіршілік формаларының типтері: фанерофит 1, хамефит (2 - жартылай бұта, 3 - қарқынды хамефит), гемикриптофит - 4, криптофит (5 - тамыр сабақты геофит, жуашықты геофит, 7 - гелофит, 8 - жүзбелі жапырағы және тамыр сабағы бар гидрофит, 9 - суда еркін жүзетін гидрофит), терофит
18. А.А. Ниценко (1965) фитоценоз тіршілігінде түрлердің маңызын бағалауда қандай екі көзқарасын көрсетті?
А.А. Ниценко (1965) фитоценоз тіршілігінде түрлердің маңызын бағалауда екі көзқарасын көрсетті. Біріншісі, фитоценоз тіршілігінде ұқсас маңызды роль атқаратын, белгілі бір құрылымды сипаттайтын фитоценотип (цинотип) деп аталатын өсімдік топтарын бөліп қарады. Бұл түсінікте фитоценотип түрлердің тұрақты бірлестігін, әрбір түр тек бір фитоценотипке жатқызылады. Екінші көзқараста фитоценотип түрлердің бірлестігі емес, популяциядағы түрлердің шартты жиынтығы. Бұл жағдайда бір түрдің өкілдері әр түрлі жағдайда кездесетін болса, әр түрлі фитоценотипке жатқызылады. Мысалы, бір қауымдастықта эдификатор болуы мүмкін, ол басқасында бағынышты роль атқаруы мүмкін.
Бұл жағдайда бір авторлар түрлердің маңызын бағалауда сандық, сапалық көрсеткіштерді пайдаланса, ал басқалары фитоценоздағы өсімдіктердің молдығын сипаттауда фитоценотип градацияның синонимі деп түсінеді.
А.А. Ниценконың ұсынуы бойынша, фитоценотип түрлердің бірлестігі емес, популяциялардың бірлестігін «фитоценотиптің позициялық типін» көрсетеді немесе біріншісін түрлік фитоценотип, ал екіншісін популяциялық фитоценотип деп атауға болады.
19.
Фитоценозға толықтай сипаттама беруде түрлердің сандық қатынасы ,жиілігі ,жабыны және фитоценоздың әрбір аймақта орналасу сипатын аныштаудың қанша әдістері бар ?
паразитті өсімдіктердің сандық мөлшерін анықтауға береді.
Фитоценоздығы өсімдәктердің (немесе түрлер тобының )сандық қатынасы төмендегідей сипатта болуы мүмкін:
1)әрбір түрдің молдығын көзбен салыстырмалы бағалау (дарақтардың барлығы қосылып, осы фитоценоздың түрлерің құрайды);
2)әрбір түр алып жатқан алаңшалардың жабынын анықтау (немесе түрлер тобының);
3)салмақтық арақатынасын анықтау ( түрлердің жербетілік және жерастылық массасын);
4)түрлердің көлемдік арақатынасын анықтау;
Фитоценоздағы түрлердің жиілігін анықтау әдістері: субъективті (көзбен өлшеу) бағалау, аймақтардың жеке түр бірліктерінің санын (тығыздығын) анықтау , өлшеп талдау және көлемін анықтау әдістері.
Фитоценозға толықтай стпаттама беруде түрлердің сандық қатынасы жиілігі, жабыны және фитоценоздың әрбір аймағында орналасу сипаты берілуі керек.
Фитоценоздағы түрлердің жиілігі 3 әдіс бойынша анықталады:
1. Субъективті (көзбен өлшеу) бағала әдісі.
2. Аймақтағы жеке түр бірліктерінің санын (тығыздылығын) анықтау әдісі.
3. Өлшеп талдау әдісі.
Көзбен өлшеу әдісіне жиілінін анықтауда арнайы шкала пайдаланылады. Қазіргі уақытта фитоценоздағы түрлердің жиілігін анықтауда геоботаник О. Друде шкаласы бойынша белгілеу жиі қолданылады
Алаңшалардың жабыны немесе проективті жабын дегеніміз – топырақтың бетіндегі барлық өсімдіктердің немесе популяциядағы түрлердің, жеке өсімдіктердің көлденең (горизогтальды) проекциясы. Ол жербетілік алаңшаның жалпы жабынының пайыздық 100% көрсеткішімен есептеледі. Шөптесін өсімдіктер үшін проективті жабынды анықтау әдісін Л.Г. Раменский ұсынды.
Проективті тығыздық немесе жалпы проективті жабын – топырақты жауып тұрған өсімдіктердің проценттік мөлшері.
Ярустық жабын – өсімдіктің жербетілік және жерастылық жабынының деңгейі. Мысалы, біз өсімдіктің төменгі ярусы-13% , ал жоғарғы ярусы 7%, яғни жлғарғы және төменгі ярустардың жабыны 6%-ды құрайды.

20.
Друде шкаласы бойынша фитоценоздың молдығын бағалау .


Төрт балдық Друде шкаласы кейде үш деңгейде алты балдық жолмен анықталады. Мысалы: сор1 , сор2 , сор3 .Кейбір авторлар Друде шкаласын пайдалана отырып unicusn (un) бағалауын енгізіп, яғни есепке алу алаңында өсімдіктердің бір ғана данасы болған жағдайда. Друде бойынша түрлердің молдығын бағалау шкаласы.
Жиілікті Друде бойынша көзбен өлшеу шөптесін өсімдіктерді, олардың ярустарын 100 метрлік алаңкайлар арқылы анықтауда пайдаланылады.
Друде бойынша көзбен өлшеп бағалаудың оңды жағы фитоценозға кіретін барлық түрлер қамтылады, теріс жағы субъективтілігіне, яғни екі геоботаник бір фитоценозға 2 түрлі баға беруі мүмкін. Друде шкаласындағы көзбен өлшеу әдісінің бір кемшілігі бір, шкаладан екіншісіне өт кезінде шектулер белгіленбеген.
О. Друде шкаласынан басқа балдық шкала А. Тэнсли және Чипп, Ж. Браун-Бланке, Хэнсон, Лава және Вебердің 10 балдық шкаласы бар.
21.
Хэнсон шкаласы бойынша фитоценоздың молдығын бағалау .
Хэнсон өзінің шкаласында 1 м² жердегі кездесу негізінде түсіндірді. Өсімдіктердің алаңда қанша дана екендігін санау, олардың арақашықтығын есептеу, олардың молдығын анықтау әдісіне ауысуды білдіреді. Шөптесін, бұта, ағаштарға санақ жүргізу үшін таңдап алынған аймақтардың мөлшері әр түрлі болуға тиіс (4-кесте).
Ағаштарды санауға алынған алаңдар 1600 м² (20x80), бұталарды санауға алынған алаңдар 100 м² , ал шөптесіндер үшін 1 м² болуы керек. Бір рет белгіленіп алынған аймақтан фитоценоздағы кездесетін барлық түрлерді табу қиынға соғады, сондықтан орташа көрсеткішін анықтау үшін фитоценозды қамтитындай 25 алаңды таңдап алу керек.
22.
Түрлердің тығыздығын анықтаудың маңыздылығы .
Түрлердің тығыздық жағдайы. Түрлердің тығыздық жағдайы- бір түрдің бір данасы болса да кездесетін алаң. Мұнда солалаңда кездесетңн басқа түрлердің дараларына көңіл аударылмайды. Өсімдіктердің тығыздық жағдайы формуламен анықталады: P= ,
Мұндағы P- түрлердің тығыздық жағдайы; S- зерттеліп отырған алаңның мөлшері; n-дарақтар саны; Кері өлшемде алаң бірлігіне кіретін осы түр өсімдіктерінің дарақтар санымен сипатталады:
S =
В.Н. Сукачевтің ұсынған формуласы арқылы даралардың орташа қашықтығын және түрлердің тығыздық жағдайын анықтаға болады.
1= ,
Мұнда 1 – түр даралары арасының орташа қашықтығы; d - өсімдік сабағының ортага диаметрі.

23.
Фитоценоздағы өсімдіктер жабынын бағалау:жалпы проективті жабын,ярустық жабын,проективті молдық.


Проективті тығыздық немесе жалпы проективті жабын – топырақты жауып тұрған өсімдіктердің проценттік мөлшері.
Ярустық жабын – өсімдіктің жербетілік және жерастылық жабынының деңгейі. Мысалы, біз өсімдіктің төменгі ярусы-13% , ал жоғарғы ярусы 7%, яғни жлғарғы және төменгі ярустардың жабыны 6%-ды құрайды.
Проективті молдық – жеке түрлердің немесе топтардың проективті жабыны.зеркальды тор немесе тармалық әдіспен нақты зерттеледі. Өте нақты зерттеуде нақтылығы 0,1-0,05% немесе 0,3-0,5-1,0% анықталады. Түрлерді немесе топтардың проективті молдығының жиынтығы, проективті тығыздық пен ярустық жабынға сәкес келу керек. Шалғындық 1 м² жердегі өсімдіктердің проективті молдығына Раменский бойынша анықтау үшін шамамен 30 минут , ал бірнеше алаңшаны қарау үшін 5 сағаттай уақыт керек. Сондықтан көптеген зерттеушілер көзбен өлшеу әдісін пайдаланады.

24.
Биомасса,өнімділік дегеніміз не ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет