Қағаз бен қатырмақағазды өңдеу әдіс-тәсілдері


Қағаз және қатырма қағазды белгілеу және өлшеу тәсілдері



бет4/4
Дата10.03.2022
өлшемі34,75 Kb.
#134955
1   2   3   4
Байланысты:
Қағаздар

Қағаз және қатырма қағазды белгілеу және өлшеу тәсілдері.
Қағаз бен қатырма қағазды бір-бірінен қалыңдығына қарай ажыратады. Егер қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін болса, оны қағаз деп, ал қалыңдығы 0,5 мм-ден артық болса, қатырма қағаз дейді.
Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.
Оқушылар қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарында түрлі техникалық операцияларды орындау барысында алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін меңгере бастайды. Осындай жұмыстар үшін қандай құралдар қолданылады.
Сызғыш - өлшеу, белгілеу құралы. Өлшеу және есептеу кезінде көру сәулелерінің сызғышқа тура бұрыш жасап түсу керектігі айтылады. Үшбұрышты сызғыштың екі түрі болуы керек. 1) шеңберлі үшкір бұрыштары бірдей; 2) бүйірлері тең емес, бұрыштары үшкір болуы қажет. Қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарында диаметрлері әр түрлі дөңгелектер қолданылады. Олар циркуль орнына пайдаланылады. Осындай үлгілер әр түрлі мөлшерде болады. Қарындаштың да дұрыс ұшталып, үшкірленуінің үлкен маңызы бар. Әр техникалық операция арнаулы құралдарды қажет етеді. Қағаз, қатырма қағаз жұмыстарына пайдаланылатын пышақтар ұзындығы 5 – 6 см.-ге дейін қысқартылады. Ол өткір болуы керек.
Белгілеудің төмендегідей түрлерін бар: - бүгу сызықтары арқылы; - тор көздер бойынша; - трафарет бойынша; - тепшу тігісімен; - қалып үлгі бойынша; - үшбұрыш және циркульмен.
Ү ш б ұ р ы ш т ы с ы з ғ ы ш (үшбұрыш) – тексеру және өлшеу құралы. Оны сызба сызғанда пайдаланады. Үшбұрыштың көмегімен бұйым бөлшектерінің бұрыштарын сызады. Циркульмен де белгілеуге болады. Ц и р к у л ь – латын сөзі. Ол «дөңгелек» дегенді білдіреді. Құрастырушылар мен жұмысшылар циркульді өлшеуіш және белгілегіш құрал есебінде пайдаланады.
Қағаз бен қатырма қағазды кесу бірінші сыныпта жүздерінің ұзындығы 7 см. қайшылар пайдаланылады. Балалар өздерін жарақаттап алмауы үшін қайшы, пышақ ұштары өткір болмауы керек. Олар үшкір болып келсе, шарықпен доғалануы керек.
Мұғалім балалардың ой-өрісін кеңейту үшін әр түрлі: қағаз, мата кесетін, ал кейінірек қаңылтыр кесетін қайшылар, сым қиятын тістеуіктерді көрсетеді. Материалдар өңдеуге қажетті еңбек құралдарының қасиеттеріне қарай өзгеріп, күрделеніп отыратындығы жөнінде түсінік беріледі. Осыған байланысты әр түрлі құралдар қолданылады. Мысалы, қағаз және іс тігу жұмыстарына қолданылатын қайшылардан екі есе кіші кішкене қайшы керек. Қағаз, қатырма қағазды пышақпен кесу үшін саңылаулы сызғыш пайдаланылады. Бұл кеңсе сызғышына ұқсас. Мұның өзгешелігі – бір жағының ұзын бойына жіңішке етіп жапсырылған темір пластикасы бар. Осы сызғыш түптеу жұмыстарында кітаптың сыртқы қатты беттерін кітаптың ішкі беттерінен артық етіп кесуге қолданылады. Балалар пышақты сызғыш бойымен тура кесуге әдеттендіріледі. Сызғышты пайдалана отырып, техникалық операцияларды дұрыс орындауға үйренеді. Оқу процесі жемісті өту үшін қағаз бен қатырма қағазды сызғыш бойымен дұрыс кесу жолдары жете түсіндірілуі тиіс. Қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарында жиі қолданылатын құралдардың бірі – тескіш, керекті нәрсені ағаш қимасына қойып теседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет