Алматы экономика және статистика академиясы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет6/11
Дата21.04.2017
өлшемі2,21 Mb.
#14358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудің мақсаты мен саласы.

2. Сабақтас шаруашылық серіктестігі дегеніміз не?

3. Бақылау дегеніміз не?

4. Шоғырландырған қаржылық есеп беру түсінігі қандай?

5. Азшылық үлес дегеніміз не?

6. Шогырландырылған қаржылық есеп берудің түсінігі қандай?

7. Шоғырландырылған қаржылық есептер біртүтас ұйым ретіндегі топ туралы қаржылық ақпарат беруі үшін, нелер қажет?

8. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудің пайда болуы және қалыптасуының тарихи аспектісі.


Ұсынатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;

  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400б. ;

  4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 1998 г.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 1998ж.



Тақырып 3. Сабақтас серіктестіктің шоғырландырылған есеп беруі және инвестицияларды есепке алу


  1. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудің пайда болуы және қалыптасуының тарихи аспектісі.

  2. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасау.

  3. Негізгі серіктестіктің жеке қаржылық есеп беруіндегі сабақтас серіктестіктің инвестицияларын есепке алу.

1. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудің пайда болуы және қалыптасуының тарихи аспектісі.

Занды тұлғалар акция хаттамасын сатып алып, басқа заңдық тұлғалар арқылы қаражат салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Инвестиция берілген объектінің шешуші дауыста кемінде 50%-тік акциясына ие болған инвестор осы объектіге бақылау жасауды белгілеу мүмкіндігіне ие болады.

Бақылау дегеніміз - серіктестіх қызметінің қаржылай және өзге де саясатынан пайда түсіру мақсатын айқындау құқығы.

Егер инвестор өзінің инвестиция берген объектісіне 50% тен аса акцияларын сабақтас және тәуелді шаруашылық серіктестіктері арқылы тіке немесе жанама иеленсе, басқа жағдайларда, егер мұндай иеленуге бақылауды айқындауды қажет етпейтіндігі айқын көрсетілсе - бақылаудың күші бар.Мысалы, инвестиция берілген объекті түрған мемлекеттің үкіметі 50%-тен аса акциясын іске асырған шетел инвесторларын мемлекет бақылауына қалдырады.

Инвестиция берілген объектіге жартылай немесе жарты-сына жетпейтін дауыс алған кезде бақылауды, егер:


  • басқа инеесторлармен келісімге келу арқыяы жартысынан аса дауысқа иелену қорытындысымен;

  • инвестор жаргы немесе келісімге сәйкес инвестиция берілген объектінің қаржылық-шаруашылық саясатын айқындау қузырына ие болумен;

  • директорлар кеңесі мүшелерінің көбін тагайындау, орнынан алу қузырына ие болумен;

  • кеңес жиналыстарында директорларды немесе осыған сәйкес басқарма орғанын көпшілік дауыспен сайлау қуқыгын жузеге асыра алады.

Бақылау белгіленген кезде инвестор - негізгі шаруашылық серіктестік (бүдан әрі - негізгі серіктестік), ал инвестиция берілген объеісг - сабақтас шаруашылық серіктестік (бұдан орі - сабақтас серіктестіх) болып табылады. Негізгі серіктестік және оның барлық сабақтас серіктестіктері топ құрайщы.

Негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруін пайдаланушылар - негізгі серіктестіктің қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметтерінің қорытындысы туралы ақпараттар ғана емес, дегенмен барлық топ та оларды қызықтырады. Бұл қажеттілік шоғырландырылған қаржылық есеп берумен қамтамасыз етіледі.

Шоғырландырылған қаржылық есеп беру дегеніміз – бұл жеке топтың қаржылай есеп беруі, яғни бір серіктестіктің есеп беруді ұсынуы. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруге - шоғырландырылған бухгалтерлік баланс, қаржылық-шаруашылық қызметтердің қорытындысы туралы шоғырландырылған есеп беру, ақша қаражатгарын жүргізу туралы шоғырландырылғанн есеп беру және түсініктеме хат кіреді.

Негізгі серіктестік шоғырландырылған қаржылық есеп беруіне өзінің барлық жергілікті және шетелдегі сабақтас серіктестіктерін ендіруі қажет, егер:



  • сабақтас серіктестік таяууақытта сату мақсатымен олынг-ан және оеан бақылау уақытша болған;

  • сабақтас серіктестікке рақ мерзімді қатаң шектеуліліктер ахуалында , мұның өзі сабақтас серіктестікке қаражат беру қабілетін едәуір ауырлататын жағдайларды айтпағанда.

Мысалы: Елде революциялық төңкерістің нәтижесінен шетеддік са-бақтас серіктестікті мемлекет қарамағына алу.

Егер негізгі серіктестік ез кезегшде сабақтас серіктестік болып табылса және толық немесе толыққа жақын басқа серіктестіктің иелігінде болса , егер негізгі серіктестік талап етпесе жоне бүған азшылық иелерінің келісімі болатын болса,онда олардың шоғырландырылған қаржылай есеп беруді жасауының қажеті жоқ.

Мысалы: «В» атты негізгі серіктестіктің «А» және «С» атты (80%-тік дауысалған акциясы бар) сабақтас серіктестігі бар болса, аз-шылық ұлесі тиетін иелік* келісімімен шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасамайды, өйткені оның (90%-тік дауыс ал-ған акциясы бар) негізгі серіктестігі «К» оны талап етпейді.Сонымен «К» негізгі серіктестігі «К», «В», «А» және «С» серіктестік топтары бойынша осы серіктестіктердің жеке-жеке қаржылық есеп беруі негізіңце шоғырландырылған қаржьшай есеп беруді жасайды.
2.Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасау.

Негізгі серіктестіктің және оның сабақтас серіктестпсгерінің қаржылық есеп беруі - баптар және тармақтар бойьгаша активтер, міндетгемелерді,жеке капитал,табыс жөне шығындар жөніндегі мәліметтерді қосу арқылы біріктіріледі. Бұл үшін, шоғырландырылған қаржылық есеп беруде біріккен серіктестік топ туралы қаржы ақпаратгарын ұсьшғанда, кейбір баптар бойынша қайталаулар алынып тасталуы қажет. Бұл үшін шоғырландырылған қаржылық есеп берулерді жасаған кезде жасалған есептеулер негізінде түзетулер енгізілуі қажет. Шоғырландырылған қаржылық есеп берулерге дайындық жүріп жатқан кезде жұмыс кестесіне түзетулер енгізіледі және негізгі, немесе сабақтас серіктестіктердің бухгалтерлік есеп берулерінде көрсетілмейді.

Негізі серіктестіктің жеке бухгалтерлік балансында көрсетілген сабақтас серіктестік тобының инвестициялық есебін жасау кезінде, сабақтас серіктестіктің таза ақгивтерінің мәліметгерімен өзгертіледі. Бұл үшін негізгі серіктестіктің инвестициялық баланстық құнынан әрбір сабақтас және негізгі серіктестіктің үлесін, әрбір сабақтастың меншік капиталынан алып тастау қажет. Негізгі серіктестіктің сабақтасты инвестициямен сатып алу күнгі
шығындары:


  1. негізгі серіктестіктің сабақтастың меншік капиталындағы үлесі тепе-тең;

  2. негізгі серіктестіктің собақтастың меншік капиталындағы үлесі жогары;

  3. негізгі серіктестіктің сабақтастың меншік капиталындағы үлесі төмен болуы мүмкін.

Сатып алған серіктестіктің таза активтер үлесінен сатып алған құны асып түссе,сатып алынған активтердің ағым-дағы құны мәміле бойынша ауысқан міндеттемелерден шегерілген гудвиллмен (фирма бағасымен) айқындалады және шоңырландырылған бухгалтерлік баланста актив ретінде жеке баппен көрсетіледі. Егер сатып алған серіктестіктің таза активтер үлесінен сатып алынған ақ-тивтер мен міндеттемелердің ағымдағы құны сатып алғ-ан күнінен төмен болса, бұл шыққан айырма қарама қай-шы гудвилл құрайды, бұны шоғырландырылған бухгалтерлік баланста жеке баппен көрсетеді.

Мысалы: Негізгі серіктестік сабақтас серіктестігіне 2 млн.теңге сомасывда кредит берді делік. Негізгі және сабақтас серіктестіктердің жеке бухгалтерлік баланстарында дебиторлық және кредиторлық қарыздар көрсетіледі, ал топтың көзқарастары бойынша не алған кредит жөнінде, не оны өтеуте алынған міндеттемелері жоқ бол-ғандықтан шо гырландырылған бухгалтерлік балансты дайындау ксзінде оны элиминирлеу қажет. Жұмыс кестесіндс бірдей және сондай көлемдегі (2 млн.теңге) дебиторлық және кредиторлық қарыздарды элиминирлеу көрсетіледі.

Ол үшін қаржылық-шаруашылық қызметтердегі қорытынды туралы шоғырландырылған есеп беруде сату немесе сатып алу көлемдері ұлғаймауы тиіс,біріккен бірдей салалардағы серіктестер арасында жүзеге асырылатын операциялар жүргізілмейді.

Топ ішіндегі операцияларға жататындары:



  1. тауарлар мен қызмет көрсетулерді сату және сатып алу;

  1. негізгі қаржылар мен материалдық емес активтерді сатып алу және іске асыру;

  1. заемдарды усыну және алу;

  2. басқалары.

Мысалы: «А» негізгі серіктестігі мен оған 100% тәуелді «В» сабақтас серіктестігі арасында 2006 жылы төмендегідей операциялар орын алды: 1) негізгі серіктестік сабақтас серіктестігіне 5 млн.теңге сомасында тауарларды сатты, сонан соң олар топтан тыс тұтынушыға қайта сатты; 2) сабақтас серіктестік негізгі серіктестікке кредит бойынша 300 мың теңге көлемінде (мүдделі) сыйақы төледі. Қаржылық-шаруашылық қызметтері туралы шоғырландырылған есеп беруді дайындау кезінде төмендегілер бойынша түзетулер енгізілуі қажет: 1) сату көлемінің азаюы және 5 млн.теңгеге са-тылған өнімдердің сатылған өзіндік құны; 2) негізгі қызметген басқадан түскен пайданың азаюы және 300 мың тсңге сомасында (мүдделі) сыйақыға төлеген шығын.

Қаржылық-шаруашылық қызметтердің қорытындылары туралы шоғырландырылған есеп беру топтан тыс жасалған операциялардың қаражаттық қорытындыларын көрсетуі тиіс. Ішкі топтар операциясы бойынша кейбір серіктестіктерде толығымен біткен және басқаларында бітпеген, әлде толығымен бітпеген уақытта - табыс (шығын) болмайды. Іске асырылмаған табыстар мен шығындардан уақытша туындайтын айырмалар «Табыс салығы бойынша есептеу» 11 БЕС-ке сәйкес есептеледі.



Мысалы: Енді, «А» негізгі серіктестігі мен оның «В» сабақтас серіктестігі не келелік, мәселен, негізгі серіктестіктің бухгалтерлік балансты жасаған күні барлық сатылған тауарларының 50%-і са-бақтас серіктестпсгің өкілеггілігшде делік. Есеп беру мерзімі кезінде негізгі серіктестік сабақтас серіктестігіне сату үшін берілген та-уарларынан 500 мың теңге көлемінде пайда түсірді және мұны 2006 жылғы 1 қаңтарға арналған "А" негізгі серіктестІгінің қаржылық-шаруашылық қьізметтерінің қорытындысы туралы шоғырлаңдырылған есеп беруін жасау үшін жұмыс кестесі

Мың теңге

Көрсеткіштер



Негізгі серіктест. есебі

Сабақтас серікт. есебі

Түзетулер

Шоғырылғанд. есеп беру

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

Сыртқы ұйым. сату

5000

8000

-

-

13000

Енш. серікт. сату

5000

-










Жиынтығы

10000

8000

5000 1/




13000

Сатқан өнімнің өзіндік құны
















Жыл басындағы ТМҚ

5000

3000







8000

Сатып алу

6000

5000




5000 1/

6000

Жыл соңындағы ТМҚ

3000

2000







5000

Барлық өз. құны

8000

6000







9000

Тасуға кеткен шығын




300




300 2/




Негіз. қызм. басқа пайда

800




300 2/




500

Салық салған. дей. пайда

2800

1700







4500

Табыс салығы

840

510







1350

Дивиденттер
















Бөлінбеген пайда

1960

1190

5300

5300

3150

жеке қаржылық есеп беруінде көрсетті. Топтың іске асырылма-ған пайдасы 250 мың теңге көлемінде (500 мың теңге х 50% : 100%).

Уақытша айырмадан шыққан салық нәтижесі 75 мың теңге (250 х 30%:100%).

Жұмыс кестесіндегі 11 тармақта көрсетілген 1-2 түзетулер енгізу жазбаларына төмендегілер бойынша жазбалар енгізіледі:

3) топтың сатылған өнімдерінің өзіндік құны өседіжоне тауарлық-материалдық қорлардың құны 250 мың теңге сомаға азаяды.

4) шоғырландырылған баланста «Табыс салығының мерзімін ұзарту» бабы бойынша 75 мың теңге сомаға та-быс салығы бойынша шығын азая ды және активтер өседі.

5) сабақтас серікгестік инвестициясының баланстық құны алынып тасталады және 13 млн.теңгеге жарғы капиталы азаяды негізгі серіктестіктік үлесі сабақтастың таза активтерінде). Қаржылық-шаруашылық қызметтердің қорытындысы туралы шоғырландырылған есеп берудегі «Бөлінбеген пайда» жолындағы шоғырландырылған есеп беру мәліметгерін байланыстыру мақсатында «Бөлінбеген пайда» жолы шоғырландырылған бухгалтерлік балансқа көшіріледі.

2006 жылға арналған "А" негізгі серіктестігінің

қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындысы туралы



шоғырландырылғаи есеп беруді жасау үшін жұмыс кестесі

Мың теңге

Көрсеткіштер

Негізгі серіктест. есебі

Сабақтас серікт. есебі

Түзетулер

Шоғырылғанд. есеп беру

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

Сыртқы ұйым. сату

5000

8000

-

-

13000

Енш. серікт. сату

5000

-

5000/1/




-

Жиынтығы

10000

8000







13000

Өзіндік құны
















Жыл басындағы ТМҚ

5000

3000







8000

Сатып алу

6000

5000




5000 1/

6000

Жыл соңындағы ТМҚ

3000

2000

250/3/




4750

Барлық өз. құны

8000

6000







9250

Проц.төлеуге Арн. шығын




300




300 2/




Негіз. қызм. басқа пайда

800




300 2/




500

Салық салған. дей. пайда

2800

1700







4750*

Табыс салығы

840

510




75/4/

1275

Таза пайда

1960

1190







2975**

Дивиденттер
















Бөлінбеген пайда

1960

1190

5550

5375

2975*

жұмыс кестесінің осы санын қараңыз сома баған және жол бойынша есептелді, түзетілген жазу өнімдердің өзіндік құнына қатысты сома баған бойынша есептелді

2006 жылдың 1 қаңтарына арналған А негізгі серіктестіктігішң шоғырландырылған балансын жасау үшін жұмыс кестесі



Мың теңге

Баланс баптары

Негізгі серіктест. балансы

Сабақтас серікт. балансы

Түзетулер

Шоғырылғанд. баланс

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

Негізгі қаржы

85000

15000

-

-

100000

Инвестиция

13000

-




13000/5/




ТМҚ

3000

2000




250/3/

4750

Мерз. ұз. табыс салығ.







75/4/




75

Дебиторлық қарыз

2000

10000







3000

Ақша қаржы

6000

500







1100

Активтердің жиынтығы

1036000

18500







108925**

Жарғы капиталы

94000

13000

13000/5/




94000

Бөлінбеген пайда

1960

1190

5550

5375

2975

Міндеттемелер

7640

4310







11950

Капитал және міндет жиынтығы

103600

18500

18625

18625

108925**

Егер де топ ішіндегі операциялар шығынға отырса, онда шоғырландырылған есеп беруде пайда есебінде көрінеді. Уақытша сыйпатты төмендеуден баска, ағымдағы активтерді сатудьщ таза құнынан төмендеуден немесе ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнынан төмендеуден
туындайтын - шығындар өтелмейді жоне элиминирлеуге жатпайтын болып табылады.

Негізгі серіктестік сабақтас серіктестігінің кемінде жүз проценттік акциясын иеленетін болса, меншіктерінде кемінде елу проценттік акциялары бар акционерлердің мүдделері де ескерілуі тиіс. Азшылықтың мүдделері болып саналатын бұл акционерлердің мүдделері сабақтас серіктестіктің таза активтер мен таза пайдада (шығында) олардың үлестеріне сәйкес сомалары шоғырландырылған қаржылық есеп берулерінде көрсетілуі тиіс.

Азшылықтың үлесі- есеп беру кезеңінде алынған сабақтас серіктестіктің таза пайдасымен (шығынымен),таза пайдамен шықкан сомасымен айқындалады, және негізгі серіктестікке жатпайтын сабақтас серіктестіктің таза пай-дасының көлемін көрсетеді. Азшылықтың үлесі - қаржылық шаруашылық қызметтердің қорытындысы тура-лы шоғырландырылған есеп беруде жеке баппен ұқсас атаумен азайған (кебейген) шоғырланған таза пайданың көрсеткішімен көрсетіледі.



Мысалы: «Б» негізгі серіктестігі сабақтас серіктестігінің 70%-тік акциясын иеленеді.Сабақтас серікгестік қаржылық-шаруашьшық қызметтердің қорытындысы бойынша есеп беру мерзімінде 400 мың теңге көлемінде таза пайда түсірді. Сабақтас серіктестіктің таза пайдасындағы азшылықтың үлесі - 120 мың теңге (400*30%:100%) құрайды. Шоғырландырылған қаржылай есеп беруді жасағанда бұл - төмендегідей жағдайда жұмыс кестесінде көрініс береді.

2006 жылга арналған "Б" негізгі серіктестігінің қаржылық-шаруашылық қызметгердегі қорытыңдысы туралы шоғырландырылған есеп беруді жасау үшін жұмыс кестесі сома жол бойынша жөне баған бойынша есептелді


Мың теңге

Көрсеткіштер



Негізгі серіктест. есебі

Сабақтас серікт. есебі

Түзетулер

Шоғырылғанд. есеп беру

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

Сыртқы ұйым. сату

20000

8000

-

-

28000

Сатылған өнімд. өз құны

16000

6000







22000

Кезеңдегі шығын

3000

1400







4400

Салық салған. дей. пайда

1000

600







1600

Табыс салығы

300

200







500

Таза пайда

700

400







1100

Азшылық үлесі







120




120

Дивиденттер
















Бөлінбеген пайда

700

400

120




980

Азшылық үлесі - біріккен қаржылық есеп беруді жасаған күнгі еншілес серіктестіктің жеке капиталының сомасы-нан сабақтас серіктестіктің таза активінен анықталады-.Азшылық үлесі - сабақтас серіктестіктің шоғырланды-рылған бухгалтерлік балансында міндеттемелер мен жекекапиталдан басқа «Азшылық үлесі» бабы бойынша таза активтерде көрсетіледі және сабақтас серіктестіктің негізгі серіктестікке жатпайтын таза активтер көлемінің көрінісі болмақ.

Мысалы: «Б» негізгі серіктестігі мен оның сабақтас серіктестігіне қайта келелік. Сабақтас серіхтестіісгің жеке капиталы 2006 жылдың аяғында 23500 мың теңгені құрады (жарғы капиталы -15 млн.теңге, акция бойынша сыйақы - 5 млн. теңге , өткен жыл-дардың бөлінбеген пайдасы - 3100 мың теңге, есеп бергенге дейінгі мерзімдегі бөлінбеген пайда - 400 мың теңге).

Таза активтердегі азшылық үлесінің құрамы:

Жарғы капиталы (15 000х30%:100%) - 4 500 мың теңге

Акциялар бойынша

сыйақылар (5 000x30%: 100%) - 1 500 мың теңге

Бөлінбеген пайда -

өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы - 930 мың теңге

Есеп беру мерзіміне дейінгі бөлінбеген

пайда (400x30%: 100%) - 120 мың теңге

Азшылық үлесінің жиынтығы - 7 050 мың теңге



шоғырландырылған бухгалтерлік балансты дайындау кезінде, есеп беруді жасаған уақытта таза активтердегі азшылық үлесін анықтаумен қатар , негізгі серіктестіктің сатып алу мерзіміне арналған таза активтердегі үлесін де айқындау қажет. «Б» негізгі серіктестігінің 2006 жылдың қаңтарында сабақтас серіктестіктің 18 170 мың теңгеге 70% акциясын сатып алға-нын есептесек, онда сабақтас серіктестіктің сатып алған күнге дейінгі таза активтері 23 100 мың теңгені құрайды (жарғы капиталы - 15 млн.теңге, акциялар бойынша сыйақылар -5 млн.теңге, бөлінбеген пайда - 3 100 мың теңге), ал сатып алған күнге дейінгі негізгі серіктестіктің таза активтері төмендегідей:

Жарғы капиталы (15 000х70%:100%/ - 10 500 мың теңге

Акциялар бойынша

сыйақы (5 000x70%: 100%) - 3 500 мың теңге

Сатып алғанға дейінгі

бөлінбеген пайда (3 100х70%:100%) - 2 170 мың теңге



Жиынтығы - 16 170 мың теңге

Сатып алу бағасы - 18 170 мың теңге



Гудвилл - 2 000 мың теңге

Жұмыс кестесіне төмендегілер бойынша түзетулер енгізіледі:

  1. таза ақгивтердегі азшылық үлестеріне арналған меншік капиталының азаюын және азшылықтың өз үлестерінің 7050 мың теңге сомасына көбейгендігін көрсетеді;

  2. сабақтас серіктестік инвестицияларының 18 170 мың теңге сомалық баланстық құны алынып тасталады және негізгі серіктестіктің меншік капиталы сабақтас серіктестіктегі таза активтер үлесінде 16 170 мың теңгеге азаяды және гудвилл сомасы 2 млн.теңгеге ұлғаяды.

2006 жылгы 1 қаңтарға арналған "Б" негізгі серіктестіктігінің шоғырландырылған бухгалтерлік баланс жасау үшін жұмыс кестесі сома баған бойынша есептелді.

Мың теңге



Баланс баптары

Негізгі серіктест. балансы

Сабақтас серікт. балансы

Түзетулер

Шоғырылғанд. баланс

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

Негізгі қаржы

85000

15000

-

-

100000

Инвестиция

18170

-




18170 /2




Гудвилл







2000 2/

-

2000

ТМҚ

15000

9000







24000

Дебиторлық қарыз

46930

20000







66930

Ақша қаржы

10000

5000







15000

Активтердің жиынтығы

175100

49000







207930*

Жарғы капиталы

110000

15000

15000 1/2/




110000

Акциялар бойынша сыйақы

10000

5000

15000 1/2/




10000

Өткен жылдардағы бөлінб. пайда
















Есеп беру мерзім. бөлінб. пайда

700

400

120 1/




980

Азшылық үлесі










7050 1/

7050

Міндеттемелер

52000

25500







77500

Капитал және міндет жиынтығы

175100

49000

23220

23220

207930*

Біріккен есеп беруге енетін негізгі серіктестік пен оның
сабақтас серіктестігінің қаржылық есеп беруі, жалпы алғанда арнайы бір күнге жасалады. Мұндайды іске асыра алмаған кейбір жағдайларда, аралығы үш айдан аспайтын әрқилы есеп беру күндерін келісіп, қаржылық есеп
берулерді пайдалануға болады. Әрқилы есеп берулер күндеріне арналған шоғырландырылған қаржылық есеп берулер болған кезде, осы күндер аралығында өткен маңызды операциялар немесе басқа оқиғалардың қорытындысы болып табылатындардың өзгерістеріне түзетулержасалады.

Мысалы: «К» негізгі серіктестігі Қазақстан Республикасынан сыр-тта тұратын «А» серіктестігіне бақылауды жүзеге асырады. «А» сабақтас серіктестігі есеп беру мерзіміне арналған 2006 жыдцың 1 наурызының ахуалы бойынша жеке қаржылай есеп бсру жасайды. Сабақтас серіктестікке шоғырландырылған қаржылық есеп жасау үшін 2006 жылдың 1 қаңтарының ахуалы бойынша аралық қаржылық есеп берулер жасалуы тиіс. Аралық есеп беруді жасау мүмкін болмаған жағдайда, «А» сабақтас серіктестігі бойынша шоғырландырылған қаржылық есеп беруге қаржылық есеп берулердің мәліметтері енгізіледі, өйткені 1 наурызда жасалған «А» серіктестігінің шоғырландырылған қаржылық есеп беру күнінің есебі мен қаржылық есеп беру күнінің есебінің аралығындағы айырма 3 айдан аспауы тиіс.



Негізгі серіктестіктің және оның сабақтас серіктестігінің шоғырландырылған есеп беруге енетін қаржылық есеп берулері , жалпы алғанда үқсас операциялар мен қаржылық-шаруашылық қызметтер оқиғаларына бірыңғай есептеу саясатын пайдалану үшін дайындалады. Егер топ мүшесі шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасау үшін қабыдданған есептеу саясатынан өте тиімдісін пайдаланса, онда оның шоғырландырылған қаржылық есеп берулеріне сәйкес түзетулер енгізіледі. Егер мұндай түзетулер мүмкін емес деп есептесек, онда шоғырландырылған қаржылық есеп беруге әрқилы есептеу саясаты қолданылғандарға қатысты баптар бөлім дерімен бірге мәліметтер ашылып көрінуі тиіс.

Сабақтас серіктестіктің шаруашылық қызмеггерінің қорытындылары оның сатып алған күнінен бастап шоғырландырылған есепке енгізіледі. Сондықтан серіктестік жыл бойы сатып алынатын болса, оның қаржылық-шаруашы-лық қызметтерінің қорытьшдысы бойынша бір жылға арналған мәліметтерін біріктіру мақсаты үшін есеп беру мерзімін екіге бөліп жасайды: сатып алғанға дейін және сатып алғаннан кейін.

Мысалы: 2005 жылдың қыркүйек айында негізгі серіктестік «В» серіктестігінен 80% акцияны 20 млн.теңгеге сатып алды. Есеп бергенгс дсйінгі мерзімде түскен пайдалар біркелкі жинақталған делік,сабақтас серіктестікті сатып алғаннан кейінгі қаржылық-шаруашьтлық қызметгерінің қорытындылары туралы мәліметгерді алу үшін төмендегідей есептеулерді пайдалану қажет. «В» серіктесгігінің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындылары туралы есептеулерінің барлық көрсеткіштері бойынша бір айлық орташа сомасын айқындаймыз, сонан соң алынған соманы біріккен топтың құрамындағы осы серіктестіктің жұмыс мерзіміне түсетін ай санына көбейтеміз. Біздің мысалымызда бұл 3 ай көлемінде берілген.

2005 жылға арналған "В" сабақтас серіктестігінің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің корытындылары туралы шоғырландырылған есеп беруді жасау үшін жұмыс кестесі

Мың теңге

Көрсеткіштер



Негізгі серіктест. есебі

Сабақтас серік. есебі

Шоғырылғанд. есеп беру

1 жыл

3 ай

1

2

4

5

6

Сыртқы ұйым. сату

20000

8000

2000

22000

Сатылған өнімд. өз құны

16000

6000

1500

17500

Кезеңдегі шығын

3000

1400

350

3350

Салық салған. дей. пайда

1000

600

150

1150

Табыс салығы

300

180

45

345

Таза пайда

700

420

105

805

Азшылық үлесі







21

21

Бөлінбеген пайда










784

3. Негізгі серіктестіктің жеке қаржылық есеп беруіндегі сабақтас серіктестіктің инвестицияларын есепке алу.

Негізгі серіктестіктің жеке қаржылық есеп беруіне сабақ-тас серіктестіктің инвестициялары енген шоғырландыры-лған қаржылық есеп беруінде пайдалану:

үлес қатысындаеы әдістемелік («Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестицияларын есепке алу» 14-БЕС-на сәйкес), немесе:



негізгі серіктестік пайдаланатын ұзақ жылдар инвестіщияла-рын есепке алу әдістемесі («Қаржыяық инвестицияяарды есеп-ке алу» 8-БЕС-на сәйкес) ескеріпеді.

Егер негізгі серіктестіктің тәуелді шаруашылық серіктестіктері бар болса, инвестицияларды есепке алу үлес қатысындағы әдістемелікпен жүзеге асырылады,сабақтас серіктестіктің инвестициялары да осы әдістемемен есепке алынуы тиіс.
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет