Қан кету. Оның түрлері. Қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек


Іш қуысына қан кету белгілері: Бозару, әлсіз және жиі пульс, шөлдеу, ұйқышылдық, көздің қарауытуы, естен тану



бет4/4
Дата24.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#104738
1   2   3   4
Байланысты:
индира уй жұмысы
тарих экзам, СРО-26

Іш қуысына қан кету белгілері:

Бозару, әлсіз және жиі пульс, шөлдеу, ұйқышылдық, көздің қарауытуы, естен тану.

Кей жағдайда қан кету орнын құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің кернелуінен, ішек шуларының жоғалуынан білуге болады.

Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары

Қан тоқтату — уакытша жөне түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі тәсілдер бойынша жүргізіледі:

1)дененің зақымданған белігін кеудеге қатысты алған- да — көтеріңкі калыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім кою);

2)кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);

3)аяк-қолды мейлінше шүғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буынын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды аркаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру).


Жгут салып тоқтату

турникет салып тоқтату

Бұрау салып,қысатын таңғыш салу

Саусақпен басу


1.иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі жағынан басады; 2. балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап,ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны тауып, сүйекке басады);

3. Сан жараланғанда — сан артериясының шап астын- дағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады;

4. Бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);

5. Беттен кан кеткенде — жақ артериясьн басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді және жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі);

6. Мойындағы жара кезінде — жара жақтағы жә-не одан төмен ұйкы артериясын басады (трахея жағында);

7. Иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтык айналасындағы жара кезінде бүғана асты артериясын бұғана астындағы шұңкырға (бірінші қабырғаға) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады.

 

Жгут салу техникасы 1. Зақымдалған қолдың жарасынан жоғары жгут салып, максимальды күшпен созу керек.

2. Жгуттың бірінші турын бекітіп, кәрі жілік артериясында пульс болмауына көз жеткізу.

3 .Жгуттың келесі турларын аз күшпен тартып салу.

4 .Жгут айналасына бекіткіш ілмекті салу.

5. Ілмекті тартып жгуттың бос шетіне енгізу.

6 . Ілмек резинасы астына жгутты салу уақыты жазылған қағазды қыстыру


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет