Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлдерайым Балагерейқызы Наурызалинаның «мектептегі тәжірибе» кезінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылым бойынша рефлексивті есебі


«Шыбық» тақырыбында тал атауларына байланысты, «Қараторғай»



бет2/5
Дата10.10.2020
өлшемі69,5 Kb.
#64090
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
«Шыбық» тақырыбында тал атауларына байланысты, «Қараторғай» әңгімесін өту кезінде құстарға байланысты топқа бөлдім. «Нан туралы өлең» тақырыбында өлеңнің үзінділеріне сай топтасса, «Түлік туралы сабақта» төрт түліктің пірлерімен топтастырдым.

Сонымен қатар әр сабақтан соң міндетті түрде талдау жүргіздім, соның арқасында ертеңгі сабағыма толықтыруды қажет ететін жолдарды таптым. Енді көбіне көшбасшылық жасап яғни тек дайын ресурсты беріп реттеуші рол атқардым, осыдан соң мен топтарды аралап шығып, үлестірме материалды кімге беру керектігін шешуге болатынын сырттай бақылау мүмкіндігін алдым. Әр оқушы өз алдына мақсат қойып, өз беттерінше оқиды. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік бердім. Оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белседілігі артты.

Үдеріске өздері қатысты. Тренинг өткізген кезде оқушылар өз идеяларын айтып, өздерінше ұйымдастырды. Бірінші сабақта «ақылды терек» тренингін ұйымдастырдым. Психологиялық ахуал оқушыларға жақсы әсер қалдырса керек, сабақ барысында оқушылардың еркін ұстауы, өзара сыйластық деңгейлері, қарым-қатынастары жоғары болды. Сабақ соңында да смаийликтермен де көңіл-күйлерін білдірді.

Жаңа тақырыпты игерту барысында өткенмен байланыстырып, оқушылардың тақырыпты ашуына септігімізді тигізуіміз қажет. Сабақ барысында үй тапсырмасын орындағаннан соң оқушылардың өздері жаңа тақырыпты ашуына байланысты тапсырмалар беріп отырдым. Бұл әдіс оң әсерін беріп отырды. Сабақ кезінде кездескен сұрақтарды, кедергілерді қалай жою керектігін оқушылардың өздерімен пікірлесу арқылы дамытып отырдым. Оқушыларға тақырыпқа қатысты «Сен қалай ойлайсың?» дегендей сұрақтар бере отырып, олардың ойлау деңгейін бақыладым. «Өз жерімізді, табиғатымызды қалай қорғаймыз?» деген сұрақ қойғанымда, олар әртүрлі деңгейде жауап қайтарды. Әр оқушы тәжірибе барысында суреттерді пайдалана отырып әңгімелер құрастыру, эссе, ой толғау жазу олардың сыни тұрғыдан ойлауы дамитынын байқадым. Пән аралық байланыс өте жоғары деңгейде сақталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет