Анықтамасы


Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы



бет3/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак
Химия. №1 дәріс, Туберкулез органов дыхания у взрослых
Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы.
Еңбекке уақытша жарамсыздықтың орташа мерзімдері. Жеңіл даму барысының қайталауында 10-14 күн, орта ауыртпалықты түрінің қайталауында – 18-30 күн (стационарда 3 аптаға жуық), ауыр даму барысының қайталауында – 6-8 апта. Ремиссия кезінде науқас адамдарды сәйкес жұмысқа орналастыру керек. Ауыр дене қызметімен, вибрациямен байланысты қызметпен және гастротропты улармен байланысты қызметтермен шұғылдануға болмайды.
Диспансерлеу. СП ауыратын науқастарда диспансерлік есепке алу керек. Тексеріп қарау жиілігі: аурудың жеңіл дәрежесінде жылына 2 рет, орташа ауыртпалықты дәрежеде 3 рет, аурудың ауыр дәрежесінде – жылына 4-6 рет.


2.Семіздік. Метаболикалық синдром, анықтамасы. Қауіп факторлары. Диагностикасы. Амбулаторлық жағдайдағы медикаментозды емес және медикаментозды коррекция принциптері. Алдын алуы.
Семіздік майдың шектен тыс жиналуымен мінезделетін созылмалы жағдай.
Метаболикалық синдром- висцеральдық май массасының артуы, перифериялық тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендеуі және компенсаторлы гиперинсулинемия, бұл өзгерістер көмірсу, май, пурин алмасуының бұзылысын, сонымен қатар артериальды гипертензияны тудырады.
Метоболикалық синдромның ең негізгі қауіп-қатер факторлары:

  • Дененің ортаңғы және жоғарғы бөліктерінде артық салмақтың жиналуынан (орталық семіру), денені «алма тәрізді» деп сипаттауға болады.

  • Инсулинге төзімділік. Дене инсулинді қалыпты жағдайға қарағанда төмен пайдаланады. Инсулин ағзадағы қантты бақылау үшін қажет. Инсулинді тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде, ағзадағы қант пен майдың мөлшері артады.

Басқа қауіп-қатер факторына жатады:

  • Жасы

  • Метаболикалық синдромның пайда болуына генетикалық бейімділік

  • Гормоналды өзгерістер

  • Артериальды гипертония

  • Қант диабеті, 2тип (немесе диабет алды,предиабет)

  • ЖИА, атеросклерозбен байланысты перифериялық қантамырларының аурулары, цереброваскулярық аурулар

  • Гиперлипедемиясы, семіздігі, қант диабеті немесе ЖИА-ы бар жақын тумаластар

  • Аз қозғалысты өмір салты

  • Поликистозды анабезі синдромы

  • Эректильді дисфункция

  • Зәр қышқылы алмасуының бұзылысы(гиперурикемия немесе подагра)

  • Әйелдердегі менопаузалық кезең

Науқас метаболикалық синдромнан зардап шегеді, егер төменде көрсетілген үш немесе одан да көп симптомдар болса:
Негізгі белгісі: орталық(абдоминальды) типті семіздік – әйелдердегі бел айналымы 80 см-ден жоғары, ерлерде 94 см-ден жоғары (европеоидтар үшін). Сонымен қатар, семіздік дәрежесін және жүрек-қантамыр асқынуларының дәрежесін анықтау үшін дене массасының индексін өлшейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет