Ақпаратты Қазақстан: жаңа медианың дамуы



Дата18.10.2022
өлшемі72,34 Kb.
#153506
түріБағдарламасы
Байланысты:
слайд

Ақпаратты Қазақстан:жаңа медианың дамуы

  • ХХІ ғасыр – инновация ғасыры. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры деп бекітілген болатын. Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында ХХІ ғасырды техниканың, ақпараттандырудың озық дамыған кезеңі деп көрсетті.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген "Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасында "Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің кезекті кезеңі - ақпараттық коммуникациялық технологияларды өмірдің барлық салаларына енгізумен сипатталады, бұл технологиялар адам өмірінің салтын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жоғары қоғамға көшу үшін іргетас әрі материалдық база болады" деп атап көрсетілген.

Жаңа медианың даму барысына болжау жасаудың өзектілігі бірнеше себептермен тығыз байланысты.

Алғашқысы – дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары яғни баспасөз, радио,телевидениенің заман талабына сай «ескі» медиа» қатарына қосылуы. Оларды ескіргендер қатарына қосу себебі, қазіргі заман адамының ақпаратпен қамтамасыз етудегі талабын толығымен қанағаттандыра алмауында. Адамдар қазіргі ақпарат құралдарынан классикалық немесе дәстүрлі болсын ақпараттық аштықты жедел, шынайы және толығымен қамтамасыз етуді талап етіп отыр.

Алғашқысы – дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары яғни баспасөз, радио,телевидениенің заман талабына сай «ескі» медиа» қатарына қосылуы. Оларды ескіргендер қатарына қосу себебі, қазіргі заман адамының ақпаратпен қамтамасыз етудегі талабын толығымен қанағаттандыра алмауында. Адамдар қазіргі ақпарат құралдарынан классикалық немесе дәстүрлі болсын ақпараттық аштықты жедел, шынайы және толығымен қамтамасыз етуді талап етіп отыр.


Екінші себеп – сандық технологияның қарыштап дамуы. Қазіргі кезде дүниеге келген сәбиді біз сандық немесе digital бала дүниеге келді деп жатқандарын жиі естиміз. Соңғы технологиялық үрдістер қалтаға сиып кететін қорап көлеміндегі мобильді телефон құралының көмегімен бір уақытта бірнеше медиа арналарды қарауға мүмкіндік беруде. Сол құралдың экранынан бейне трансляцияларды, радио ақпараттарды, жаңалықтарды қарап, күнделікті бір мезетте оқып, көріп, естіп отыруға қолжетімділік бар. Яғни қалта телефоны біздің өзімізге күнделікті қажетті айна мен тарақпен теңесіп, бірақ олардан да маңызды құралға айналды. Қазір адамдар қалтасында бет орамалдың немесе айна, тарақтың бар жоғын іздемеуі мүмкін, алайда, мобильді телефонсыз өмірді елестете алмайды.
Үшіншіден, қазіргі ақпарат тұтынушылар дәстүрлі медиа секілді ұсынған дүниемен қанағаттанып қоймайды, олар өздеріне қажетті ақпаратты жинақтағанды, бақылағанды, тіптен медиа ағынға өзіндік үн қосқанды қалайды. Мысалы, интернеттегі пайдаланушылардың ұсынған өнімдері негізінде видеохостингтер, фотохостингтер, подкаст, блог, Вики, әлеуметтік желілер және т.б. көптеген ресурстар құралды. Яғни мазмұнның иесі сол дүниені тұтынушылардың өздері болып табылады. VoD (Video on Demand) немесе тапсырыс бойынша видео – болашақта киноиндустрия нарығындағы DVD дискілерді жалға беру қызметін алмастыратын сегментке айналады. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену арқылы өзіміздің жаңа медиа саласындағы ары қарай даму бағыттарын үйреніп, анықтауға және болашақта оны тәжірибеде қолдануға болады. Қазіргі кездегі жаңа медианың әлемдегі даму жағдайын осылай салыстыра қарастыру тиімді болмақ. Ең маңыздысы әлемдік жаңа медиа нарығының жағдайын түсіну арқылы олардың өзімізде қолдануға мүмкін болатын тұстарын пайдалану.
Әлемдегі жаңа медианың қалыптасуы мен дамуына нақты мысал ретінде келесідей тізімді ұсынуға болады:
• Интернет • Электронды кітаптар (оқуға арналған құрал, электронды қағаз) • Digital Radio (интернет радио)
• Сандық телевидение (кабельдік, спутниктік)
• Видео ойындар (компьютерлік, мобильдік)
• Мобильді байланыс (дыбыстаудың телематикалық қызметінен басқа қосымша қызметтері)
• Медиа-фасад (светодиодтік панелдер, проекциялар және т.б.)
• Киноиндустрия (фильмдер, видеоблогтер)

Жаңа медианың қоғамдағы орыны

Жаңа медиа дайын ақпаратты тұтынушылар тарапынан пайдалы және заманауи болғанымен, оның екінші тұсы мазмұны өндірушілер де солар болып табылады. Жаңа медиада өнімді өндірушілердің (жасаушылардың) міндеті қарапайым және оның бір себебі коммерциялық пайда табу. Мәселен, ақпарат таратушы жаңа арнаның ақылы қызметі шектеулі, ол жарнамалық ақпараттарды тарату арқылы ақы төлегеннен кейін жаңа медиаға қатысы жоқ қызмет көрсетуге қол жеткізуі мүмкін. Жаңа медиада жарнамаға көп жағдайда ірі (кей жағдайда медианың өз қожайыны) немесе өте шағын компаниялар тапсырыс береді. Бірінші топтағы тапсырыс берушілер арқылы сіз барлық мүмкін болатын маңызды ортаға таныласыз. Және ең бастысы бұған олардың жарнамалық және маркетингтік бюджеті жеткілікті. Ал, екінші топтағы тапсырыс берушілер үшін бұл кедейлік, жарнамалық бюджеттің мардымсыздығы, стандарттық емес шешімдерді қабылдаумен салыстырғанда тиімділіктің төмендеу себебінен маңызды. Осы сала мамандары немесе арнайы құрылған ірі желілік агенттіктердің бөлімдеріндегі жарнамалық агенттіктер жаңа медиалық шешімдерді жасап, оны жүзеге асыруда. Әрине, жаңа медиа дамуы қарқынды елдерде осы салаға маманданған арнайы қоғамдастықтар қызмет етеді. Олар әрдайым жаңа медианы дамытуды болжау тақырыбында арнайы семинар, конференция, көрмелер ұйымдастырып, тәжірибе, пікір аламасады. Жаңа медианы дамытудың технологиялық және сандық қамтамасыз етуден басқа оның құқықтық негіздері мен мемлекеттік қолдауға назар аударған маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, әлемде жаңа медиа бойынша жобаларды қолдайтын және қаржылай көмек көрсететін ұйымдар саны аз емес. Мәселен, жақында Германияда жаңа медианы реттеудің заңдық ресімдеу тақырыбында пікірталастар басталды.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет