Мың бір түн араб әдебиетінің классикалық мұрасы. Мың бір түннің шығу төркіні жайлы айтар болсақ, Қазақ кеңес энциклопедиясында мынадай мәлімет берілген: «Мың бір түннің түп негізі жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Біреулер парсының «Мың ертегісінен» таралған десе, енді бірсыпырасы Масудидің «Алтын тоғай» атты шығармасы әсерімен пайда болған деп есептейді».
Лубнанның (Ливан) астанасы Бейрутте «Әл-Мактабат әл-сақафия» баспасынан араб тілінде шыққан «мың біртүн қиссасы» кітабының алғысөзінде мынадай мәлімет берілген:
ملك "شهريار" اكتشف خيانة زووجته له، فقتلها، وأخذ على نفسه أن يتزوج كل ليلة فتاة ويقتلها في الليلة ذاتها، وبقي على هذه الحال ثلاث سنين، إلى أن هربت كل الناس ببناتها، إلا بنتي الوزير، أولاهما ذات حسن اضافت غليه الاطلاع على تواريخ الأمم السابقة وأخبار الأدباء والشعراء تدعى "شهرزاد"، وأختها تدعى "دنيازاد". فطلبت "شهرزاد" من أبيها أن يزوجها من "شهريار"، إما أن تعيش أو تكون فداء لبنات جنسها. واشترطت أن ترافقها أختها، و تم ذلك فتزوجها الملك، وحين أراد قتلها استدرجته "دنيازاد" ليطلب من "شهرزاد" أن تحكي له حكاية يقطعون بها سهر اللية، فاستأذنت "شهرزاد" "شهريار" وبدأت خديثها في قصة "ألف ليلة وليلة".
Аудармасы: «Шаһрияр патша әйелінің өзіне жасаған қиянатын біліп қалып, оны өлтіреді. Содан соң өзіне әр түні жас бойжеткенге үйленіп әрі сол түні оны өлтіріп тастауды серт етеді. Осы жағдай үш жылға созылады. Уәзірдің екі қызынан басқа қаншама адамның қыздары жастай кетеді. Үлкені алдыңғы өткен қауымдар тарихын, әдебиетшілер, ақындар жайында айтып беруші еді. Есімі Шаһризад. Кішісінің аты Дунязад. Шаһризад әкісінен өзі патшаға күйеуге беруін өтінген болатын. Өмір сүрем немесе өзі сияқты бойжеткендер үшін құрбан болатындығын айтты. Өзімен бірге сіңілісінің баруында сұрады. Осылайша болып, патша оған үйленді. Патша ол қызды да өлтірмек болғанда Дунииязад түн өткізіп әпкесінің жанын аман сақтап қалу ойымен, патшаға қисса айтып беруді өтінді. Шаһризад Шаһриярдан рұқсат алып, осылайша мың біртүн қиссасы басталып кетті».
Мың бір түн кітабының араб тіліндегі нұсқасын Сурияда Дамаск университетінің әдебиет факультетінің кітапханасынан көрдім. Кітап Ливанда «Әл-Мактабат әл-сақафия» баспасында басылған. Ол кітаптың 23-27 беттерінде «Балықшы және ғифрит» деген атпен қисса берілген. Араб тілінде жазылған қисса мен Шамсуддиннің жырлаған дастанында айырмашылық көп емес. Адам аттары оқиға болған жерлер сақталған. Араб тіліндегі нұсқа 4 бет, ал Шамсуддин 75 бетті дастан етіп жазған. Шамсуддин жын демеген, ғифритдин деп атаған. Ғифрит араб тілінен аударғанда шайтан секілді қу, қатігез шайтан, дию, пері, жын деген мағына береді. Ал Қалқаман Әбдіқадыровтың араб, парсы, түрік тілдеріндегі басылымдарды негізге ала отырып аударған мың біртүнінде балықшы жайында әңгіме бар. Балықшы жайыдағы әңгімені Шахризада патшаға 4-ші түні айтып береді. Ар орыс тіліндегі аудармада және араб тіліндегі нұсқада балықшы жаындағы ертегіне 3-ші түні айтып береді деп жазылған. Бейрутте шыққан нұсқада балықшы шалдың кемпірі және 3 ұлы бар деген , Қ.Әбдіқадыровтың аудармасында шалдың кемпірі және 2 ұлы бар делінген.
Ал Мәскеуде «Правдадан» 1988 жылы шыққан «Халиф на час» Шалдың кемпірі және үш ұлы бар деп жазылған. Мың бір түнде шығарманың ұзына бой өзегі Шаһризаданың ажалмен бетпе-бет арпалысы үстінде өрбігенімен, оның зинақор патшаға әңгімелеген хикаялары қиялыңның қарымы өскен сайын өзінен-өзі туып өрби беретін, саны санаға сыймас ғарыш жұлдыздарындай біріне-бірі ұласып кете береді. Осылайша, Шаһризада мың бір тәуліктің мың бір түні ішінде бір ғана хикаядан мың да бір хикаят туындатып, сол мерзім аралығында өзінің «Ұлы бақытты патшасынан» үш ұл көріп. Хикаят саны мың да бірге жетенде сол ұлдарын бетке ұстап, өзіне деген кесікті өлімді үзілді-кесілді тоқтатады.
“Мың Бір Түн” белгілі бір қаламгердің шығармасы емес, араб-парсы, үнді халықтарының әр кезеңде туындаған ауыз әдебиеті үлгілері. “Мың Бір Түн” жөнінде түрлі пікірлер бар. Солардың бірі парсының араб тіліне аударылған “Мың ертегісі”, “Мың Бір Түн” деп кейін аталған десе, зерттеуші Сильвестер де Саси ұлттық дәстүрдің қамтылуы мен оқиға орнының араб жерінде (Бағдат, Мосул, Дамаск, Каир) өтуіне байланысты, шығарма тілінің халық қолданысындағы араб тілі екенін айтып, оны араб халқының туындысы деп дәлелдейді. Шығарма әйелдер қауымын жазықсыз жазалаған Шахрия патша мен уәзір қызы Шаһризаданың мың бір түн бойы айтқан қызықты әңгімелері арқылы ажал сағатын ұзартқаны төңірегінде өрбиді. Мың бір хикаяны әсерлі жеткізген ақылды қыз өмірі үшін күресіп, патшаның жауыздық әрекеттерін хикая-мысалдармен астарлай көрсетеді, қатыгездіктен бойын аулақ салуға үндейді. Соңында ол өлімнен қорықпайтынын мәлімдейді. Шығарма билеушілерінің озбырлығын әшкерелеу, жаман әдеттерден тыйылуға шақыру мақсатында туған. Жинаққа Құран Кәрім, “Қисса-ул-әнбия” оқиғаларымен байланысты діни дастандар да енген. Жанрлық тұрғыдан мұнда сатирикалық, дидактикалық шығармалар қамтылған. “Мың Бір Түн” парсы (13 ғасыр), үнді (16 ғасыр), Батыс Еуропада француз (1704 – 17), неміс (1759 – 61), ағылшын (1792 – 1811), дат (1816) тілдеріне аударылды. Орыс тіліндегі толық аудармасын (1929 – 38) М.А. Салье жасаса, қазақ тіліне Қ.Әбдіқадыров, Қ.Мұхамеджанов аударды. Шығыс елдерінде “Мың Бір Түн” сюжетінің желісінде жазылған жыр-дастандар нәзирагөйлік дәстүрін қалыптастырды. Қазақ әдебиетінде шығарма желісі бойынша “Шәкір – Шәкірат”, “Орда – Күлше”, “Мәлік – Хасан”, “Қасым – Жомарт”, “Сейфүлмәлік” сынды қисса-дастандар туған. “Мың Бір Түндегі” ертегілер негізінде “Бағдаттың қулары” (1924) “Синдбадтың жеті сапары”, “Аладиннің сиқырлы шамы” (1967), тағы басқа көркем фильмдер түсірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |