– коммерциялық функция-нарықта жүзеге асырылатын операциялар мәміленің барлық қатысушыларына табыс әкеледі;
- баға құраушы функция-нарық еркін бәсекелестік жағдайында сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қаржы құралдарына бағаны қалыптастыру процесін қамтамасыз етеді;
- тарату функциясы-қаржы нарығының құралдары арқылы ақша қаражатын экономиканың бір саласынан екіншісіне, бір қатысушыдан екіншісіне, қаржы ресурстарын бөлуге ықпал ете отырып, айналымның бір саласынан басқасына құю жүргізіледі;
- ақпараттық функция-қаржы нарығының барлық қатысушыларының ақпаратына тең және толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- реттеуші функция-мемлекеттік басқару органдары тарапынан да, өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарапынан да нарықты реттеуді жүзеге асыру.