Астана қаласының Білім басқармасы


Биоотын - балдырлар негізінде энергия өндірудің технологиялық негіздері



бет2/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,76 Mb.
#83826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ғылыми жоба
түсінік хат 5-11с (1)-1, qr
Биоотын - балдырлар негізінде энергия өндірудің технологиялық негіздері
Кіріспе
XXI ғасыр басты мәселелерінің бірі – энергия тапшылығы болып табылады. Энергия тапшылығы бүгінде кез келген мемлекетті толғандырып отырған ауқымды мәселеге айналды. Қазіргі кезде басты энергия көзі - мұнайдың келешекте таусылатынын ескерсек альтернативті энергия көздерін пайдалану тиімді шешім.
Елбасы 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде: кәсіби, білімді, ойлы, жаңалыққа құмар маман болып шығуды міндеттеді. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы біз еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастыруға жағдай жасаймыз. Бұл істе Елбасы жастарға үлкен үміт артуда. Сондықтан, қазіргі заманға сай өмір сүру үшін инновациялық жобаларды өзімізде ойлап табу қажет.
2017 ж елімізде Астана қаласында ЭКСПО көрмесі өтеді (10 маусымнан - 10 қыркүйекке дейінгі уақытты қамтиды). Көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы».
1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір 60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.
Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері — жер асты пайда қазба қорлары — мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды.
1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір 60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.
Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде.
Көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.
Әлем бойынша барлық ғалымдар мен зерттеушілер бәрімізге мәлім энергияның альтернативті жолын табуда біраз зерттеулер жүргізіп жатыр. Біз де жас зерттеушілер ретінде электр энергиясын алмастыратын жол іздедік.
Альтернативті жолды іздеуде Израильдің Седе-Бокер қаласында балдыр түзген крахмалдан бактерияның көмегімен энергия алу көзделген екен. Осындай зерттеулер Германияда да іске асып жатыр. Дәстүрлі энергия көздерінің сарқылуының әсерінен адамзат альтернативті энергия көздеріне көптеп көңіл аударуда. Оның бәрі қазіргі таңда бізге мәлім. Биоотын пайдалану соңғы он жылдықта көптеп қызығушылық тудыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет