Щ дыбысы мен әрпінің жазылу ерекшелігін біледі.
Не арқылы бағаланады:
Ассоциация әдісі, ББҰ, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылығын ояту. Суреттер көрсету арқылы Щ дыбысы мен әрпін меңгерту.
щетка (киім тазалайтын) плащ
щетка (тіс тазалайтын) борщ
-тамақ жасағанда дәмін келтіру үшін не саламыз?
-тұзды көп салсақ тамақтың дәмі қандай болады?
-ащы
-тұзды аз салсақ ше?
-тұщы
-борщ деген қандай тағам, неден жасалады?
-орамжапырақ (капуста)
Жақсы, балалар ащы, тұщы, борщ , щетка деген сөздерде
бізге таныс емес дыбыс бар. Ол қандай дыбыс?
Щ дыбысының айтылуын жазылуын, буынға бөлу, сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін білдік
-Олай болса, бүгінгі танысатын дыбысымыз Щ дыбысы. -Щ-дыбысын айтып көрейікші.
-Щ-Щ
-Щ дыбысы дауысты дыбыс сияқты ән болып созып айтуға келмейді. Кедергімен айтылады. Сөздің басында, ортасында, аяғында келеді. Көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.