3билет
1.
1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген
қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов
бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917
жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді.
Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең
маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Əскери-революциялық комитет Уақытша
үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. 1917 ж. соңы мен 1918
ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан
жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мəдениетін қайта құру шаралары
қатар жүргізілді. Өнеркəсіп орындарында, мəселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде,
Ембі мұнай кəсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің
2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.
Алаш басшыларының Кеңес үкіметімен жүргізілген келіссөздердің нəтижесіз аяқталуына 1917 ж. күзінде
құрылған, жетекшісі Көлбай Тоғысов болған, өздерін “Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы” деп атаған “Үш жүз”
партиясы да ықпал жасады. Бұл негізінен ұсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияның саяси көзқарасы
мен практикалық іс-əрекеті 1917 жылдың күзінен 1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгерді. Əуелгі кезде
«үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, 1918 жылдың қаңтарынан
бастап Кеңес үкіметін жер-жерде ұйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдың бас
кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктермен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.
2
Абылай хан (1711- 1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет
қайраткері, арғы тегі Жошы хан, 1738-1741 жылдары Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына
бірнеше мəрте соққы берді. 1741 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға
түседі. 1743 жылы тұтқыннан босағаннан кейін қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін
жиғызу үшін дипломаттық жолдарды да тиімді пайдалаңды. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде,
əсіресе, əскер ішінде қатаң тəртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін
қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан
əлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған жəне көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ
хандығының күшін біріктіріп, əскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.1771 жылы жасы жеткен
Əбілмəмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дəстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Əбілмəмбеттің інілерінің
бірі, не үлкен ұлы Əбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Əбілпейіздің өз
қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда
Достарыңызбен бөлісу: