Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет2/9
Дата01.04.2017
өлшемі2,21 Mb.
#13162
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1. Адамзат қоғамының тарихи даму кезеңдеріне сипаттама жасаңыз?

2. Тас, қола, темір дәуірлеріндегі еңбектің түрлерінен кесте құрастырыңыз?

3. Сақ, ғұн, дәуіріндегі еңбектің түрлеріне сипаттама беріңіз?

4. Ұлы түркі қағанаты кезіндегі дәстүрлі еңбек түрлерін атаңыз?

5. Араб-шығыс мәдениеті, орта ғасыр ойшылдары кезіндегі еңбек тәрбиесінің мәні мен мазмұнына сипаттама жасаңыз?

6. Қазақ хандығы кезіндегі дәстүрлі еңбек түрлеріне мазмұндық сипаттама жасаңыз?

Әдебиеттер

1. Қозыбаев М.Қ. Қазақстан тарихы. – Алматы, «Рауан», 1992. – 244 б.

2. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы, «Ғылым», 1998. – 172 б.

3. Есім Ғ. Сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы, «Ғылым», 1996. – 208 б.

4. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, «Білім», 2003. – 280 б.

5. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. 1-2 том, Алматы, Рауан, 1994, -320б.



Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. ХІХ- ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу жасап, ондағы еңбек түрлерін кесте арқылы көрсетіңіз.

2. ХХ- ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының шаруашылығы туралы конспект даярлаңыз.

3. Кеңестік дәуірдегі ғылыми-педагогиканың қалыптасу кезеңіндегі еңбек тәрбиесінің мазмұнына сипаттама жасаңыз.

4. Тәуелсіз Қазақстандағы дәстүрлі еңбек түрлеріне сипаттама беріңіз.

5. Қазіргі заман талабына сай еңбектің түрлерінен кесте құрастырыңыз.



  • 1.2 Қазақ ғұлама-ағартушылары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының дәстүрлі еңбек тәрбиесіне көзқарастары

1.2 Қазақ ғұлама-ағартушылары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының дәстүрлі еңбек тәрбиесіне көзқарастары

Еңбек тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық мәселелері адамзат қоғамының барлық даму сатысында зерттеу нысанасы болып отырды. Алайда жазу-сызуды білмеген, ғылым мен мәдениеттен мешеу дәуірдің өзінде де, балаларды еңбекке тәрбиелеу отбасы, тайпа мүшелерінің ортақ ісі болған. Демек, адамның өз ұрпағын еңбекке қоғамдық өмірге икемдеп үйретуі адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан тарихи процесс. Сондай-ақ әрбір халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі көптеген ғасырларға ұласқан өзіндік тарихи тағылымы мен ой-пікірлері, ғылыми-танымдық идеялары да бар. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі туралы тәлімдік ой-пікірлері сонау VII–VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей түркі жазба ескерткіштері мен Қорқыт ата тағылымдарынан бастау алады. Бұрын Орхон-Енисей ескерткіштері әдебиет тарихынан белгілі болса, бүгінде егемендіктің нәтижесінде оны көзбен көруге мүмкіндік алдық. Бұл жөнінде ҚР Философия және саясаттану институтының директоры, философия ғылымының докторы, профессор Ә.Нысанбаев былай деді: «Жақында тек қазақ мәдениеті тарихында қалатын ұмытылмас оқиға болды. Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің өкілдері монғол елінің басшыларымен келіссөз жүргізіп, Орхон өзенінің бойында бұдан 1300 жыл бұрын ұлы бабаларымыз тасқа қашап жазған «Күлтегін», «Білге Қаған», «Тоныкөк» жырларының көшірмесін олардың тікелей мұрагерлерінің ата жұртына алдырды. Демек, біз заттай айғақ арқылы өз мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың тамыры тым тереңде жатқанын, елдік дәстүріміз бен рухани бітіміміздің қайнар бастауы берік екенін өзіміз де түсінетін, өзгеге де ұқтыратын халге жеттік» . Ал, енді осы тастағы жазулардың мазмұнына үңілсек, онда: «егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда болсаң, еш нәрседен мұқтаждық көрмейсің, құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып-толғаныңыздар! Менің ағам мені адам етті», – деп жазылған. Бұл жолдар қоғамдық өмірде адамдардың ынтымақтастық пен береке-бірлікте өмір сүріп, бірлесе еңбек етуінің арқасында ізгі мұраттарға жететіндігін баяндайды. «Орхон-Енисей» жазба ескерткіштерінен кейінгі еңбек тәрбиесі туралы тағылымдық ой-пікірлер Қорқыт баба мұрасында көрініс тапты. Қорқыттың тағылымы мол поэзиялық шумақтарынан көшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, тәлім-тәрбиелік даналық ойларын көптеп кездестіреміз. Қорқыт баба нақыл сөздерінде «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес», – деп отбасындағы қыз бала мен ер баланы еңбекке баулуда ата-ананың үлкен рөлі атқаратынын айтады. Халқымыз бұл пікірді өрбіте отырып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Баланың ұяты әкеге, қздың ұяты шешеге», «Ана көрген тон пішер, ата көрген оқ жонар», – деп ой түйіндеген . Еңбек тәрбиесі жайлы ой-пікірлерін ұлы ойшыл әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы» трактатында баяндайды. Ол қала адамдарының әр түрлі топтарын қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындары деп бөліп, оларға талдау жасайды. Онда жекеленген топтардың әлеуметтік жағдайын, қандай кәсіппен айналысатындығын, тұрмыс салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтарды айқындау мақсатында «ізгі қаланың» тұрғындары, «надан қаланың» тұрғындары деп бөліп қарастырады. Ізгі қала тұрғындары тату-тәтті өмір сүріп, ғылым мен білімді дамытып, көркею жолымен бақытқа жеткілері келетінін, ал надан қаланың тұрғындары халықты алдап, неше түрлі қулық-сұмдық істер жасау арқылы бақытқа жетуді аңсайтындығын айтады. Надан қала тұрғындарының өзін опасыздар пен бақытсыздар, атаққұмарлар мен билікқұмарлар және бетімен кеткендер деп бірнеше топқа жіктейді. Мәселен, «қажеттілік тобының тұрғындарын феодалдар мен қала әкімдерінің қанауына түскен кедей шаруалар мен қала кедейлері. Олар ауыл шаруашылығы жұмыстарының әр түрлі саласымен, аң аулау, қолөнері, т.б. еңбек түрлерімен шұғылданады, өте еңбеккер келеді, тек өздеріне керекті, пайдалы нәрсені ғана өндіруге ғана тырысады (тамақ, киім т.б.) және еңбек үстінде бір-біріне көмектесіп ынтымақтасып отырады», – дейді. Міне, бұдан топтасу адамдардың жай біріге салуынан емес, олардың өмір сүру қажеттілігінен туындайтындығын көруге болады. Сондай-ақ әл-Фарабидің педагогикалық жүйесінде тәрбие мен тәлім, білім мәселелері бір-бірімен органикалық, диалектикалық байланыста қарастырылды. Әл-Фараби де Аристотель сияқты адамды қоғамдық жан деп қарап, өзінің бүкіл педагогикалық, этикалық және басқа гуманитарлық көзқарастарында осы қағиданы басшылыққа алады. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатының бір тарауында адамзаттың өзара бірлестік пен өзара көмекке зәрулігі туралы әл-Фараби былай деп жазады: «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады». Қоғамды кемелдендіру – бақытқа жетудің басты шарты болып табылады. Тек кемелденген қоғамда ғана адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жете алады. Әл-Фараби шартты түрде адамды бақытқа, кемелдікке жеткізуге тиісті негізгі құрал ретінде мінез-құлық, моральдық және ақыл-ой, интеллектуальдық тәрбиелерге шешуші мән береді. Ол былай дейді: «Біз жақсы мінез-құлық пен ақыл-парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және іс-әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз». Әл-Фарабидің педагогикалық топшылауларында адамның еркі (ырқы) мен талап-тілегіне үлкен маңыз беріледі, олар тиісті жағдай туған кезде адамдық жақсы қасиеттерді қалыптастыруға жетелейтін мақсат пен құралдарды еркін де саналы түрде таңдап алуына мүмкіндік береді. Ал мұндай жақсы сипаттар табиғаттан, сырттан емес, жаттығу машықтану, әдеттену арқылы дариды. Ерік пен тілектің ең жарқын байқалатын жері сезім мен рухани қажеттілікті таңдау кезі болып саналады. Осылай басында еркін таңдау, ерік күшімен келетін сапа-қасиеттер бара-бара біртіндеп тәрбие арқылы адам мінез-құлқының міндетті белгісіне айналады, рухани өміріне сіңіседі. Фараби өзінің саяси-педагогикалық трактаттарында халықты, тұрғындарды мінез-құлықты, ақыл парасатты етіп тәрбиелеуде қайырымды қала, мемлекеттерге, олардың басшыларына үлкен орын береді. Ол былай деп жазды: «Тұрғындар бір-бірімен шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа жетуді көздеген қала қайырымды қала, халқы да қайырымды адамдар болды. Егер дәл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді» . Әл-Фарабидің пікірінше, халықтар достығы – ырыстың басы. Бұл – әл-Фарабидің адамзатты болашақ бақытқа жеткізу жөніндегі ең басты гуманистік принципі. Ғұламаның түпкі ойы, имандай сыры міне осы қағидада жатыр. Басқаша айтқанда адамдар бақытқа жету жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі тиіс. «Адамдар туралы айтсақ, – деп жазады ғұлама, – оларды қосатын байланыстыратын дәнекер, тұтқа – адамгершілік болып табылады. Сондықтан, адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан, өзара бейбітшілік, татулық сақтауы лазым». Педагогиканың мақсаты, мұраты туралы әл-Фараби ұсынған гуманистік идеялар мен қорытындылар адам өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің бірі болып отыр. «Біздің міндетіміз – бақытты адам тәрбиелеу. Бақыт – материалдық және рухани игіліктерді өзімшілдік мақсатта тұтынуда адамзат мұраттары мен құштарлықтарынан тыс та оқшау, өзіне ғана тән жан рахатын беретін кішкене дүние жасауда емес. Азаматтың бақыты – асқақ та биік мақсат – жаңа өмір жолындағы жасампаз рухани күштердің гүлденуін терең сезінуде». Бір қызық жәйт, ұлы бабадан кейін мың жыл өткізіп барып данышпан Абай дәл осындай гуманистік ұлы қағиданы жаңғыртып, қайталайды, қуаттай түседі. Ол өзінің отыз төртінші сөзінде былай деп жазады: «Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде тууың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұрауың бірдей екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көзалартпастық лайық па?» . Қазіргі таңда бүкіл шығыстың зерттеуші ғалымдарының назарын өзіне аударып отырған тарихи, ғылыми мұраның бірі – Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастаны. «Құтты біліктің» 57, 58, 59, 60 тараулары еңбек тәрбиесін уағыздайды. Мәселен, ол «Диқандармен қалай қатысу жайлы» деген толғауында:

Тағы бір топ – диқандардың әулеті,

Ең керекті жұрт ол, биік дәулеті.

Қатынасып, ыңғайыңды бергейсің,

Ас-тағамнан еш кемшілік көрмейсің.

Одан жанның бәрі пайда табады,

Ішпек-жемек күллі дәмін алады, – деп,

өзара ұйымдасқан, ынтымақтас диқаншы адамдар тобының бір-бірімен қарым-қатынасы еңбек іс-әрекетіндегі үлгі-өнегесі оқушыларды еңбексүйгіштікке, білімділікке, тәрбиелілікке ынталандырады. Не болмаса «Малшылармен қалай қатысу туралы» толғауында:

Малшылыр бар берекелі іс тындырған,

Күллі жылқы алдарында мыңғырған.

Бәрі ақкөңіл, шыншыл, елдің адалы,

Адамдарға жоқ еш зиян, залалы.

Жемек, кимек, мінбек айғыр,байталдар,

Жүк таситын жануарлар, шайқалған,

Қымыз, сүт, май, ірімшік, айран, сүзбе, құрт,

Киіз, перде – қолдарында күллі құт.

Бұл адамдар құтты жандар, пайдалы, – деп, адамдарды бір-біріне жақсылық жасап, қайырымды болуға, еңбек адамдарын құрметтеп, бағалауға үндейді. Әдептілік, тәрбиелілік, білімділік адамға өзінің өмір сүріп отырған қоғамдық жағдайларының әсері арқылы қалыптасып, дамитындығын үлкен философиялық ой-тұжырымдарымен түйіндейді. Сондай-ақ адамдардың еңбек іс-әрекеті, кәсіби мамандығы да өзінің өмір сүрген қоғамдық ортасына, оның талаптарына тәуелді болатынын, адамның мінез-құлқы, көзқарасы, білімділігі, тәрбиелілігі, еңбексүйгіштігі т.б.қасиеттері де қоғамның даму деңгейіне сәйкес қалыптасатындығын дәлелдейді. Сондай-ақ, Жүсіп Баласағұни «Қолөнершілермен қалай қатысу жөні» деген толғауында:

Қолөнерші қолдарында түрлі өнер,

Қол өнерін пайдаланып күн көрер.

Бұлар да бір ең қажетті кісілер,

Жақын жүргін, көп-көп пайда түсірер.

Темірші, етікші, балташы, терішілер,

Сыршы, зергер, садақшы, жебешілер.

Бұл дүние ғажабын істейтұғын осылар,

Өнердің кереметтерін істейтұғын осылар.

Таусылмайды санын тізсең олардың,

Аңғар өзің, мен сөзімді доғардым, – деген толғауынан қолөнері үдерісіндегі еңбектің бір түрін меңгеру адамға өмірлік азық, рухани байлық екенін ескертеді, ол оқушылардың қоғамдық өмірден өз орнын таба білуге септігін тигізетінін, бұл еңбектің түрі оларды ізгілікке, еңбек адамы Демек, Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастаны – дидактикалық дастан, себебі, ол өзі өмір сүрген қоғамдық ортасының әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайын, халықтың мінез-құлқы мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жинақтап, ғылыми – энциклопедиялық мазмұнда көрсете білген. Еңбек тәрбиесі тақырыбы Махмұд Қашғари мұрасында да ерекше орын алады. Еңбектің ұлылығы, адам еңбек арқылы өмір сүріп, алдына қойған мақсатына жететіндігі оның ауызша поэтикалық шығармаларға, этнографиялық материалдарға берген түсіндірмелерінде жан-жақты көрініс тапқан. Қашғари балалардың еңбексүйгіштігін қалыптастыруда, әсіресе, ұжымдық еңбекке қатысуын, үлкендермен бірлескен жұмыстарының өзіндік орнын бөліп атайды. Бұл жағдайларда, халықтың баланы еңбек арқылы тәрбиелейтін дәстүрлері балаларға көрнекті үлгі бола алатындығын ескертеді. Қашғари атап көрсеткен халықтық тәрбиеде – жеке тұлғаға қажет барлық салаларды игерген еңбекшіні қалыптастырудың аса бай тәжірибесі жинақталған. Атап айтқанда, халықтық тәрбие: – балалардың еңбекке моральдық, психологиялық дайындығын еңбекке жағымды қарым-қатынасының болуымен өлшейді; – еңбектенудің борыш және міндет екенін балалар санасына өмір талабы ретінде сіңіреді; – орнықты еңбек дағдылары мен икемділіктерін игерту олардың болашақтағы қызметінің кепілі деп біледі; – балаларда еңбек әдеттерін қалыптастыру ең бірінші өмірлік қажеттілік деп санайды; – балаларды жұмыс істеуге, өнімді еңбекке ерте қалыптастыру халықтық тәрбиенің басты қағидасы деп біледі. Ұлы ағартушы Абай өзінің өлең-жырларында, қарасөздерінде жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікті кәсіп етуге, өнер, білімге шақырды. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына, ақылмен істелген істің нәтижелі болатынына сенді:

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап, –

деп жырлайды ақын. Адамның бойында жағымсыз қасиеттерді болдырмау үшін ұстаз оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуі қажеттігін өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының басты ерекшелігі деп түсіндіреді. Сондықтан:

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық,

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық, –

деп ой түйіндейді. Ұлы ақын жастардан бір өнерді үйреніп, пайдалы іспен шұғылданып, адал еңбекпен мал табуды талап еткен еді. Саналы жастарға:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан! –

деп қоғамның пайдалы бір азаматы болуды насихаттайды. Абай ел қыдырып, ас ішіп, аяқ босатар, жатып ішер жалқау жастарды сынай келіп:

Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

Қулық-сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,

Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас,

– деп, ұрлық түбі қорлық екенін ескертеді, адал тапқан мал мұратқа жеткізетінін, еңбек түбі зейнет екенін өнеге етеді.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын, – деп, алға қойған мақсатқа жетуге кедергі, бөгет болатын адамның бойындағы талапсыздық, жалқаулық сияқты мінез-құлықтарды сынай отырып:

Адам болам десеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз, –

деп, қоғамға пайдалы азамат болу үшін адамға қандай ізгі қасиеттердің қажет екендігіне ерекше тоқталды. Ал, «Ескілік киімі» атты өлеңінде ертедегі қазақ жігітінің киген киімі, сауыт- сайманы, ер-тұрманы, оның жасалу ерекшелігі түп-түгел үш ауыз өлең жолына сыйып кеткен: Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап, кигенім – шидем шекпен,

Жейде-дамбал ақсаңнан, жарғақ шалбар,

Жырық балақ матамен әдіптеткен.

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісе жанымда жез салдырған,

Шақпағым, дәңдәкуім жарқ-жұрқ етіп,

Күләпәра басымда, пұшпақ тымақ . «Жазды күн шілде болғанда», «Қараша желтоқсан мен сол бір- екі ай», «Жазғытұры», «Қыс» атты өлеңдерінде ақын жылдың төрт мезгіліндегі табиғат бейнесін суреттеумен бірге, оны қазақ ауылының өмірімен, салт-дәстүрімен ( көшіп келіп қонған көрші ауылдың бір-біріне ерулік беруі, мылтық атып, құс салып, үйрек-қаз ілдіруі, күйеу келу, кәрі құдамен қарым-қатынас, ұлттық киімдердің сән-салтанаты, күзеуге қону, үйін жамап, тонын илеп, шекпен тоқып, қысқа дайындалу және т.б. ) тығыз байланыста қарастырады. Мысалы, «Жазғытұры» атты өлеңінде ұлы ақын Абай жадыраған жазды, күн көзінде масайраған жан-жануар мен маужыраған табиғатты:

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду,

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су... –

деп, тебірене суреттесе, осы мамыражай табиғаттың қазақ ауылының өміріне тигізер әсерін де естен шығармайды:

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен, –

деп, кәрі-жастың көңіл-күйін дөп басып, шебер бейнелеп беріп отыр. Жазғытұры – шаруаның бір малы екеу болатын, көктің жетіліп, ақтың көбейетін, несібенің молаятын кезі. Ол қазақ ауылының өміріне үлкен қуаныш, береке, ырыс әкеледі. Ақын осыны асқан сезімталдықпен, шебер суреткерлікпен бере білген. Ал, «Қыс өлеңінде бұған қарама-қарсы, қылышын сүйретіп қыса келген қаһарлы қысты ақ сақалды кәрі құданың бейнесінде береді «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңінде күздің ызғырық соққан қара суығында аш-жалаңаш бүрсең қаққан кедей үйінің аянышты халі мен тамағы тоқ, үйі жылы ықтырма мен күзеуде отырған бай үйінің кереғар өмірін суреттеу арқылы қарама-қайшы екі өмірді салыстыра бейнелеп, ақын «Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес» сараң байларды сынап, мінеп-шінейді. «Күз» атты өлеңінде:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбырыңқы тартыпты жыртық киім,

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін...

– деп, ақын тоңған үйін жылытып, тонын илеп, үйін жамап, тон-шекпенін тігіп, қысқа дайындалып жатқан кедей ауылының өмірін суреттейді. Бұл жерде Абай, біріншіден, тері илеп, тон тігу, киіз басып, үзік жамау, жіп иіріп, шекпен тоқу қазақ әйелдерінің ата кәсібі екенін көрсетсе, екіншіден, өнеркәсібі өркендемеген елде қолөнерін дамытып, тіршіліктің тұтқасы ету, сөйтіп төрт түлік малдың терісі мен жүнін, сүті мен етін тұрмыстық қажетке жарату өмір қажеттілігінен туып отырғанын сөз етеді. Абайдың қай шығармасын алсақ та, ел тағдыры, шаруашылық кәсібі, тұрмыс-тіршілігі кеңінен суреттеліп, жастарды еңбекке, талаптануға, өнер-білімді меңгеруге шақырады, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алуға бағыттайды. Қазақ халқының ежелгі кәсібінің бірі аңшылық болған. Аңшылық, біріншіден, олардың ертедегі күн көрісі болса, екіншіден, бертін келе, саяткерлік, спорттық өнер түріне айналған. Осы құсбегілік, саяткерлік өнердің өзіндік ерекшелігін басынан кешірген, оның сыры мен сынын жетік білетін адамдар ғана терең сезініп, тебірене суреттей алады. Абай өмірін ұзақ уақыт зерттеп, «Абай жолы» эпопеясын жазған академик-жазушы М.О.Әуезов: «Тазы ит ертіп, бүркіт салып, құсбегі, аңшы-мергендермен айлап қостап жатып, аң аулау Абайға қатты ұнаған.

Ешкімге зияны жоқ өзім көрген,

Бір қызық еміс екен сұм жалғанда... –

деп, басталатын өлең жолдары осыны аңғартады», – дейді. Ұлы ақын Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңі аңшылық өнердің өзіндік ерекшелігін қолмен қойғандай поэзиялық көркемдікпен бейнелеп бере білген поэзияның аса көрнекті үлгісі екенінде дау жоқ. Ақын өлеңді:

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға, –

деп, «Аңшының серігі кімдер болу керек және олар қандай болу керек?» дегенге жауап беруден бастайды. Мұнда алғашқы жаңа жауған ақша қарда аң аулауға шыққан жігіттің жүйрік аты, қыран бүркіті, аңшының ымын қас қақтырмай сезетін жолдасы, ықшам киімі, қару-жарағы сай болуының керектігі, тіпті айлакер түз қыраны бүркіттің де қимыл әрекеті асқан дәлдікпен сипатталған. Қылп еткенді тырп еткізбес қыранның тырнағына ілінген алпыс екі айлалы түз тағысы түлкіні құсына алдырып масаттанған аңшының көңіл-күйін:

Құсы да, иесі де қоразданар

Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.

«Үйірімен үш тоғыз» деп жымыңдап,

Жасы үлкені жанына байлағанда, –



деген өлең жолы арқылы бере отырып, Абай қазақ халқының аң аулау кәсібіндегі жасы үлкенге байлау, тарту ету дәстүрін де паш етіп, дәріптейді. Бұл – үлкенді сыйлаудың, аңшылық дәстүрдің бір көрінісі. Қазақ халқының ағартушы демократы Ш.Уәлиханов «Қазақ туралы жазбалар» атты шығармасында: «...Көшпенді қыр қазағы үшін мал – ішім-жемі, киетін киімі, ол үшін мал бүкіл тіршілігінен де қымбат. Қазақтардың алғаш сәлемдесуі мына төмендегідей: «мал-жаның амандықта ма» дейтін лебізден басталатыны белгілі. Үй ішінен гөрі мал жөнінде алдымен хабардар болу көшпендінің тұрмысын сипаттайды» – деп жазады . Демек, ежелден төрт түлік малмен көзін ашқан қазақ халқы оларды жылдың төрт маусымында бағып-өсірудің сан алуан сыры мен қырын, әр түліктің өзіндік ерекшеліктері мен адамға тигізер пайдасын жақсы білген. Әр түліктен алынатын өнім түрлерінен әр түрлі азық-түлік, киім-кешек, үй жабдықтарын, ат-әбзелдерін жасаған. Төрт түліктің өзіндік сипатын шешен тілмен әңгіме-аңызға, өлең-жырға да айналдырған. Мәселен, қойдың пірі – Шопан-ата, ешкі пірі – Шекшек-ата, сиыр пірі – Зеңгі баба, жылқы пірі – Қамбар-ата, түйе пірі – Ойсылқара деген халық аузындағы аңыздар содан шыққан. Сондай-ақ, Шоқан қазақ халқының қоғамдық өміріндегі басты кемшіліктерінің бірі «барымта» екендігіне тоқталып, оны жұртшылықтың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін ерекше атап айтты: «Мұндай кәсіппен айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір еңбекпен айналысу уақытты, зор ынта-ықыласты керек етеді». Мұндай жағымсыз әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектік пен жалқаулыққа итермелейтінін айта келіп, «ондай әдеттің етек алуы қазақ даласындағы әр түрлі еңбек түрлерінің дамуына кедергі келтіреді», – дейді. Демек, қазақтың барымтасын жастарды белгілі бір еңбек түрін меңгеруден тайдыратын, адамның жан-дүниесін аздыратын кәсіп деп есептеп, адам тек қана «адал» еңбек жолына түскенде ғана «барымта» секілді әлеуметтік індеттен айрылатынын айтады. Әбір адамды өз халқының тұрмысына қажетті еңбектің мән-жайын көбірек біліп, мал шаруашылығымен қатар егіншілік, сауда-саттық, құрылыс, т.б. кәсіптерді де меңгеруге шақырады. Шоқан еңбекті: құнды еңбек, таза еңбек, табиғатты өзгертетін, адам оны өзіне жарататын – материалдық еңбек деп, бірнеше топқа бөледі. Бұның барлығы еңбек тәрбиесінің туындысы, сол арқылы әрбір жеке адамның көтерілген рухани биігі, байлығы, табысы деп ой қорытады. Қазақ даласында тұңғыш орыс-қазақ мектептерін ашып, оларға оқу құралдарын жазған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин еді. Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» атты еңбектерінде еңбек тәрбиесін бірінші орынға қояды. «Өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісі», – деп, неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, еңбегі жемісті болады деген пікірді алға тартады. Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Дүние қалай етсең табылады», «Бай мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Сәтемір хан», «Таза бұлақ» және т.б. әңгімелері еңбек тәрбиесі мәселесін көтереді. Мәселен, «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде: «Отыз үйлі тобырды, жарлы – жақыпбайлрды қалай байытып, халық қатарына қосамын деген ойға қалған Сейітқұл тұрақты мекен іздеп Торғай өңіріндегі Қабырға деген өзен-судың жағасын ұнатып, сол жерге отыз үйлі кедейлерді көшіріп әкеліп, қолдарына кетпен ұстатып, егіншілік жұмысты кәсіп етеді. Ал барымташы кәсіп еткен Сейітқұлдың ағасы бұл ынтымаққа көнбей, Түркістан жақта қалып қояды да, ұрлыққа аттанып жүргенде қолға түсіп, белгісіз біреулер оны өлтіріп кетеді. Алайда бұл жерді тұрақты мекен еткен Сейітқұл ауылының шаруашылығы түзеле бастайды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы–жақыпбайлар жиналып, бес-алты жылдың ішінде Сейітқұл ауылы дейтін іргелі елге айналады». Ағартушы-педагог бұл әңгімесінде ауызбіршілік пен ынтымақтастық арқылы еңбек етіп, дәулетті тұрмыс құруға болатынын, ал оңай олжа табу үшін ұрлықпен күн көрудің баянсыз екендігін дәлелдеп, балаларға ондай іс-әрекеттен аулақ болуды, еңбек етсе ғана ойлаған мұратына жететіндігін, өмір сүрудің жеңіл болатынын да ескертеді. Сондай-ақ «Байлық» деген әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен адамдарды өмір тәжірибесі мол, қандай жұмысқа болса да икемі бар, кішіпейіл, мейірімді, ешқандай арамдық, зұлымдық әрекеттерді білмейтін, жайдары адам етіп көрсетеді. Ақыл да, терең ой да, жол таба білу де еңбектену арқылы жинақталған өмір тәжірибесінің жемісі екендігін білдіреді. Мәселен, «Бай мен жарлы баласы» әңгімесінде жастайынан шаруаға араласқан, жас болса да өмір тәжірибесін көп көрген кедей баласы Үсен көбіне тәжірибеге сүйеніп, ақыл-парасатқа салып, көшкен елдің жаңа қонысын тауып алады. Ата-аналарымен аман-сау табысады. Мұндағы бай баласы Асан әке дәулетінің арқасында еш нәрседен хабары жоқ, бейқам өскен, ерке бала. Тіпті естіген, білгенін де көңіліне тоқымаған, ондайларды қажет деп ескермеген жалқау бала болса, ал Үсен кедей баласы, өмір мектебінің сара жолдарынан өткен, еңбек үстінде шыныққан еңбек адамы ретінде суреттеледі. Ы.Алтынсарин еңбекке тәрбиелеу мәселесі тақырыбына орыс тілінен тәржімелерді, халық аңыздарын көп пайдаланды. Солардың бірі – «Атымтай жомарт» аңызы. Мұндағы «Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбектен табылған тамақтың тәттілігі болады екен» деген жолдар «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» деген халықтың мағыналы сөзімен ұштасып жатыр. «Байлық неде?» деген тағы бір әңгімесінде кедей кісінің сұрағына ғалым жауап береді: «Қанағат ете білсең, еңбек қылсаң – байлық сол. Малы көп болмаса да, соған қанағат ете білсе, біреуді алдап жемесе, біреудің еңбегін пайдаланбаса, мұндай адамның көңілі жай болады. Сол үшін байлық – қанағат пен адал еңбекте». Автордың еңбекті адам құлқынын түзейтін құрал деп қарауы өте мәнді нәрсе. Ы.Алтынсаринның «Сәтемір хан» әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне шыққанын көріп отырған Сәтемірге мынандай ой келеді: «Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене отырып өзінің мақсатына жетті, ал мен болсам түк бітірмей өмір сүріп жүрмін. Маған мына құмырсқадан өнеге алу керек екен» деп, ақырында өз елінің ақылы толған патшасы болыпты. Бұл әңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп, қуаныш әкелетінін, ол қуаныш қажеттіліктен туған мақсатқа жету идеясын көрсетеді. Ы.Алтынсаринның еңбек арқылы дүниетанымды қалыптастыру туралы көзқарасы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адам өмірінде еңбек бақыт, қанағат пен қуаныш әкеледі және еңбек адам өмірінің физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Ы.Алтынсаринның көптеген шығармалары өмірдің мәні және мағынасы еңбекте екендігін дәлелдейді, ол адам өмірін еңбек әрекетінсіз мәнсіз деп есептейді. Еңбек әрекетінің біткені – өмірдің біткені. Ал біреудің еңбекгімен күн көру – арамтамақтың және ақымақтың, яғни адалдық қасиеттің жоқтығы. Педагогтың осындай озық идеялары мектептің оқу-тәрбие жұмысы арқылы іске асып отыр. Атап айтқанда, Ы.Алтынсаринның әңгімелері төменгі сыныптарда оқу үрдісінде пайдаланылса, кейбір сыныптарда тәрбие сағаты, сыныптап тыс оқу, конференциялар, еңбек тәрбиесіне байланысты диспуттар, т.б. шаралардың арқауына айналды. Қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылым негізін қалаған да Ы.Алтынсарин. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән берді, қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ашуға күш жұмсады. Ы.Алтынсаринның еңбек туралы пікірлері, идеялары қазіргі біздің нарықтық экономика жағдайындағы талаптармен сәйкес келеді. Қазіргі қоғамымызда еңбек етпеген адам өмір сүре алмайды, қайыршылыққа душар болады. Сондықтан оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде оның шығармаларынан аларымыз мол. Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның «Біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам – шын бақытты адам» дегені соның нақты айғағы. Ыбырай өзінің осындай тәрбиелік мәні зор әңгімелерінде, жалқаулықты айыптап, алғырлықты, өнерге, еңбекке бейімділікті марапаттайды. Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин жастарды белгілі бір мамандыққа тәрбиелеу мәселесін көтеріп, қолөнер мектептерін ашты. Мәселен, Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі «Реалдық» училище мен ауылшаруашылық мектебінде тері илеу, қыш-құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздар үшін ашылған мектепте «қарапайым халықтың тұрмысына керекті ... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдрдан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр кілемдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді». Яғни Ыбырай халықтың қолөнеріне жастарды ынталандыруға атсалысқан, кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасап, қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән берген. Мәселен, бүгінгі заманның жастарының жоғары оқу орнына түсуге талпынысы азайған жоқ. Бірақ олардың көпшілігі мамандық таңдауда. Абай заманынан алыс кете қойған, өйткені заң, сот мамандықтарына қоса, нарыққа байланысты бизнес, маркетинг, менеджмент тәрізді «сәнге» айналған мамандықтар қосылды. Ал, бүкіл еліміз экономикасының негізін құрайтын ауыр және жеңіл өнеркәсіп, химия құрылысы, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына қажетті мамандар саны азая түсуде. Үміт артар жастарымыздың бәрі бірдей «бизнесмен» болса, қойшы мен егінші кім болмақ? А). ХХ- ғасырдағы қазақ халқының ағартушы педагогтары мен қоғам қайраткерлерінің идеяларындағы еңбек тәрбиесі. Жеткіншек ұрпақты еңбекке тәрбиелеуде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ағартушы-педагогтар мен қоғам қайраткерлерінің ой-пікірлері мен педагогикалық идеяларының алатын орны ерекше. Олар: Ш.Құдайбердиев (1858–1937 ж. ж.), А.Байтұрсынов (1873–1938 ж. ж.), Ж.Аймауытов (1889–1931 ж. ж.), М.Жұмабаев (1893–1938 ж. ж.), М. Дулатов (1885–1935 ж. ж.), С.Торайғыров (1893–1920ж. ж.). Осы аталған ағартушылардың шығармашылық мұраларының басым бағыты қазақ халқының жеткіншек жас ұрпақтары мен азаматтарын еңбекке тәрбиелеу арқылы жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру болды. Мәселен, Ш.Құдайбердиев «Міндеу мен күндеу» деген өлеңінде жастарға былайша ой тастайды:

Ерінбесең еңбекке дәулет дайын,

Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың.

Ойласын деп ой берді, көруге – көз

Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын.

Ақын жастарға «Өмірдегі байлық пен бақыт еңбекпен келеді, тек талаптанып, талпынсаң, ерінбей еңбек етсең ғана ол сенің қолыңа өзі келіп қонады. Үнемі біреуге телміріп көзіңді сатып өміріңді өткізбей маңдай теріңмен, адал мал жина. Абай айтқандай, «егіннің ебін, сауданың тегін үйрен», «қолөнерін кәсіп қыл, мал жұтайды, өнер жұтамайды, ол болашақ ұрпағыңа өмірлік азық болады», – деп ақыл-кеңес береді. Шәкәрімнің бұл ойын мына бір өлең шумақтары нақтылай түседі:

Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ.

Білім білмек – әр іске шебер болмақ.

Қолөнерден пайда қыл үйреніп-ақ.

Кетпес дәулет осы ғой.

Қолөнер – өзің өлсең, бірге өледі.

Сондағы қалғандар үйренеді.

Сен кетсең де өнерің елде қалып,

Талай жайға азық пен мал береді.



Бұл өлеңі арқылы қазақ халқының балаларды еңбекке тәрбиелеуінің құралы қолөнері екендігін, сол өнердің отбасында ата-ана балаларына үйретіп, жаттықтыру арқылы қолөнерінің бір түрін меңгертуге болатындығын, сол еңбектің түрі оның өмір бойғы азығы екендігін дәлелдейді. Шәкәрімнің осы ойын ағартушы Ж.Аймауытов психология саласында жазған «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (Москва, 1926) атты еңбегінде Әрі қарай жалғастырды. Ол кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы сахара қазақтарының ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын тәжірибе арқылы анықтау мақсатымен зерттеу жұмысын жүргізген. Бұл ретте ол психология ғылымында кең таралған сауалнама, байқау әдістерін қолданды. Ағартушының зерттеу жұмысының мақсаты: Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа заманның кезінде жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге көмектесу еді. Осы еңбектің мазмұнындағы келтірілген мысалдардан сол кездегі қазақ жастарын қолөнері, заң, сот, әкімгерлік қызметтер, сондай-ақ мұғалімдік, журналистік, сауда, медицина және т.б. мамандықтар ерекше қызықтырғанын аңғаруға болады. Ағартушы: «Мамандықтың жаманы жоқ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күн көрудің жолы ғана емес, үлкен өнерді, шеберлікті қажет етеді», – дей келіп: «әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі», – деп жазды ол, – әлеуметтің мүшесі – әр адамның өз ортасына қызмет етпеуі... Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек, өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, біркелкі болмақ... Әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке керек. Әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді: неғұрлым әр мүшесінің еңбегі жемісті болса, соғұрлым әлеумет тұрмысы да тез оңалмақ». «...басты мқсатын біржола ұмытып, әлеумет қызметіне біржола берілетін адам болуы мүмкін емес, ондай адам кемде-кем. Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды, біреу бойын тежеп, бас мақсатын көбірек бағалайды. Айырма жалғыз осында. Қайткенде әрі жеке адамның, әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адм тілегі тоғысады?» – деп сұрақ қойып, ол сұраққа: «әр адам табиғатына біткен қабілетіне, ыңғайына, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады», – деп жауап береді. Демек, Ж.Аймауытов сол кезеңдегі қазақ жастарының көпшілігі әкімшілік, комиссарлық қызметке шектен тыс әуес болғандығын сынап, оларға егін салуды үйреніп, отырықшы бол, денсаулығыңды күт, шаруашылығың мен тұрмысыңды түзет, газет, кітап оқуға әдеттен, мәдениетті адам болуға, алуан түрлі өнерді білетін кісі болуға тырыс дейді. Сонымен қатар ағартушы Ж. Аймауытов мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттері мен кейбір туғаннан бастап берілетін ерекшеліктерін де (нышан). ескеру қажеттігін, бұл жерде адамның өзін-өзі басқарып, жеке басын жетілдіруге, кісілікке ұмтылуға ерекше мән беруінің маңыздылығын жалықпай қайталап айтады, адамның өз бойында қандай талант, зеректік қабілет, қасиет барлығын білу қажет, бұл дегеніңіз адамның өзін-өзі тануы деп тұжырымдайды. Сондай-ақ еңбек тәрбиесі мәселесі С.Торайғыровтың шығармашылық мұрасында да басты орындардың бірін алады. Ол еңбекті адамды ақыл-ой және адамгершілік жағынан дамытудың аса маңызды факторы ретінде, айналадағы өмірді, нақты заттар мен құбылыстарды танып-білудің құралы ретінде алып қарайды. Мұны ақынның:

Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,

Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп,

Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,

Неше мың жыл өтсе де, тарих білмек!

Немесе:


Адамды бағындырудың асылы еңбек,

Түбінде еңбексізді еңбек жеңбек.

Тұрмыс диірмен тасындай айналады,

Бүгінгі өр зорлыққа кезек келмек!

деген шумақтарынан да көреміз.

С.Торайғыров еңбекті қоғамдық-ұжымдық жұмыс ретінде де алып қарайды. Еңбек пен ұжым біртұтас, ақын-ағартушы өз әңгімелері мен ой-пікірлерінде бұл ұғымдарды бөлмейді. Болашақ ұрпақ үшін жақсы оқу елдің жалпы еңбегіне қосқан үлесі болып табылады, сондықтан С.Торайғыров өзінің барлық мақалаларында, көркем шығармаларында жастарды білім мен ғылымды табандылықпен меңгеруге, Отанның халық шаруашылығы мен мәдениеттің барлық салалары үшін білікті мамандарды күтіп отырғанын есте ұстауға шақырады. Мысалы:

Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек,

Өнермен техникалы жұмсап еңбек,

А, құдай, өзі берден түк шықпайды,

Талаптанып, талпынсаң сонда бермек.

Алдыңғы ел малға емес, жерге сенбек,

Бар мұқтажы адамның жерден өнбек.

Басқаға малайлыққа жеккен күшті,

Жұмсасаң өзің үшін шындап терлеп,

Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік. С. Торайғыровтың ойынша, нақ осы тәрбие құралдары арқылы адамды еңбек өміріне даярлау, еңбекке деген дағдысын, сүйіспеншілігі мен құрметін дамыту, еңбек ләззатын ашып көрсету қажет. Ол қоғам үшін, болашақ үшін, бүкілхалықтық байлықты еселей түсу үшін еңбектің қаншалықты қажет екенін талай рет атап көрсеткен болатын. Адамзат мәдениеті тек еңбекпен ғана байып, биік белестерге жетеді. «Ойласам дүниеде қанша жан бар: адам бар, ағаш, шөп бар, мал мен аң бар, жанды, жансыз нәрсенің бәрі-дағы әр себептің жемісі байқасаңдар. Мал болмақ, маймыл болмақ, адам болмақ, қасқыр болмақ, құс болмақ, ұшып қонбақ – сол болғандар болмаған өздігінен, болғызған еріксіз бір себеп қолдап. Адамға бұл себептің көбі мәлім, біледі салған сайын мидың әлін. Себебін біле-біле бір кездерде жаратуға бек мүмкін қолдан бәрін. Себепті жарата алу арқасында, адамзат еңбегінен егін орған. Ормаса, өнер, ғылым қайдан дейді ағартушы өзініңшықты, бұл күнгі тіршілікке болған қорған» «Адасқан өмір» поэмасында. Сұлтанмахмұт өзі өмір сүрген қоғамдағы жастардан өнердің бір түрін үйреніп, қоғамға пайдалы іс жасап, адал еңбек етуін талап еткен. Оларға:

Бар адам жерден тамақ алмақ үшін,

Жиылып бірге күшін салмақ үшін,

Бірі еңбек қып, бірі оны жатып жемей,

Теп-тегіс бұл жұмысқа бармақ үшін.

Кәрі демей, жас демей, күшсіз демей,

Олжадан бірдей пайда алмақ үшін.

Әкіммін, әулиемін, әскермін деп,



Бір-бірін жейтін сылтау қылмақ үшін, –

деп қайрат, еңбек, адамгершілік қасиеттерді қатар қойып, адам болу үшін осы үшеуін бірдей бойға қуат, ойға қазық етуді уағыздайды. Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің туып, қалыптасу кезеңіне үлес қосқан А.Б.Бержанов, Ә.І.Сембаев, А.С.Сытдықов, С.Мұқанов, Т.Т.Тәжібаев, М.Мұқанов және тағыда басқа авторлардың еңбектерінде қазақ мектептерінің тарихи жүріп өткен жолдарына сипаттама берумен қатар, республика мектептері дамуының әр кезеңінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тәжірибелері, еңбек тәрбиесінің маңыздылығы туралы көптеген идеялар кездеседі. Мәселен, қазақтың көрнекті ғалымы, педагог, психолог Т.Тәжібаев «Халықтық педагогиканың негіздері» атты мақаласында: «Малшылардың арасында өмір сүре отырып, өскелең ұрпақ мал шаруашылығындағы еңбекке психологиялық тұрғыдан тікелей қатысуы арқылы да әзірленді, тиесілі білімін, іскерліктері мен дағдыларын қабылдады. Балаларды еңбекке баулуға халық елеулі мән берді. Көшпенділік өмір салты шабандоздыққа үйренуді және дағдылануды талап етті. Оған балаларды жастайынан үйретті: бүлдіршіндерді атқа отырғызып ауылдарды аралатып, жайылымдарға апарды, өз бетінше ер-тоқымда отыруға дағдыландырды. Ал сәби үш жасқа толғанда ат үстіне отырғызып, арнайы сый-жоралғыларды жүзеге асырды. Бес жасында ол үлкендердің көмегінсіз-ақ ат ер-тоқымына өз бетімен отырып, өз бетінше жылқы арқасына қамшы басуға үйренуі тиіс еді, 7-8 жасында оған ат жарыстарына қатысуға рұқсат беретін, 14-15 жасында ол кәдімгі шабандоз атанады», – деп жазады. Біз бұдан қазақ халқының балаларды жас ерекшеліктеріне сай тәрбиенің «үйрету», «жаттықтыру» әдістерін қолдана отырып, отбасында оларды болашақ қоғамдық өмірге, өнімді еңбекке дағдылаудың өзіндік педагогикалық ғылыми негізделген жүйесі болғандығына көз жеткіземіз. Білімнің шаңырағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында 1937 жылдан бастап өмірінің соңына дейін қазақ әдебиетінен дәріс берген профессор С.Мұқанов «Тәрбие туралы» деген мақаласында еңбек тәрбиесі жайында былай дейді: «Адам өмірі еңбекке байланысты, еңбек адамды шынықтырады, өнімді еңбек істеп, дұрыс тынығып отырғанда ғана адам тозбайды». Осыған орай ол адамның бір күнгі (24 сағат тәуліктегі) тіршілігін үшке бөледі: 1. 8 сағат ұйқы, бұл уақытта жүректен басқа дененің бәрі де қалғып жайланады, жұмыстан әлсіреген ет-тамырлар тыныстайды. 8 сағатта дене құр аттай сілкініп, тыңайып жүре келеді. Тынысталған, жиналған күш еңбекке қол тигізсе, бұрқыратып өндіріп тастайды. 2. 8 сағат еңбек істеу. Егер осы мөлшерде ғана істесе, ол еңбек кісіні қажытпайды, қайта денесін шынықтырады, ақылын үдетеді. Бұл мөлшерде еңбек істемеген адам азады, сондықтан еңбектен қашпау керек. 3. 8 сағат демалыс. Бұл кезде адам аунап-қунайды. Таза ауаға шығып, бойын жазады. Қанын таратады. Әр түрлі мәдени тілектерін (шахмат, дойбы ойнау, өлең айту, домбыра тарту, театр, киноларға бару, аң аулауға шығу, кітап оқу, т.б.) орындайды. Міне, ғылымның адамға тәтті өмір өткізу үшін бөлшектеп беретін кестесі осылар дейді. Б). ХХ- ғасырдың екінші жартысындағы педагог-ғалымдардың зерттеулеріндегі еңбек тәрбиесі. Кәсіптік-теникалық училище оқушыларын еңбеке оқыту мен тәрбиелеу мәселелері қазақстандық екінші буын ғалым-педагогтар Г.А.Уманов, А.П.Сейтешев, Г.Т.Хайруллинның зерттеулерінде қарастырылған. Г.А.Уманов еңбекке оқыту мен тәрбиелеу проблемалары бойынша іргелі зерттеу жүргізіп, кәсіптік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін ашып көрсетті; оқушылардың еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерін зерделеді. Г.А.Умановтың еңбектерінде оқытуды еңбекпен байланыстыру проблемасына ерекше көңіл бөлінеді. Жалпытехникалық және арнайы білімдердің оқушылар еңбегімен байланысын ескере отырып, оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру бұл білімдердің пәрменділігін, политеникалық сипатын қамтамасыз етеді, осының негізінде оқушылардың жалпы еңбек дағдылары қалыптасады. Еңбек тәрбиесі еңбекке оқыту пәнінің шеңберінде ғана емес, мектепте жүргізілетін барлық жұмыстың мазмұны, формалары және оның бағдарлық сипаты арқылы жүзеге асады. Г.А.Умановтың пайымдауынша, мектеп оқушылардың үздіксіз еңбек ету, еңбекке өз бетінше дағдылану қажеттіліктерін қамтамасыздандырып, еңбек әрекетінің кез келген түріне шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастыруы тиіс. А.П.Сейтешев «Жас оқушыларды кәсіби тұлғалық бағыттылыққа тәрбиелеу – педагогикалық проблема» атты зерттеуінде өндіріс жаңашылдарында кәсіби тұлғалық бағыттылықтың көрінуі мен даму жолдарын; болашақ жас жұмысшылардың кәсіби тұлғалық бағдары құрылымының даму ерекшеліктерін; дидактикалық проблема ретінде болашақ жас жұмысшыларды кәсіби тұлғалық бағдарлылыққа тәрбиелеу процесін қарастырады; Қырғызстандағы кәсіптік-техникалық училищесі практикасындағы соңғы жылдардағы дидактикалық және әдістемелік әдебиеттер мәселесінің жай-күйіне талдау жасайды; болашақ жас жұмысшыларды кәсіби тұлғалық бағыттылыққа тәрбилеуде мектептер, кәсіптік-техникалық училищелер мен өндірістің өзара байланысын және оқушыларды кәсіби тұлғалық бағдарлылыққа тәрбилеу процесінің соңғы 15 жыл ішінде түрлі деңгейде даму ерекшеліктерін зерделейді. Эксперименттік деректер негізінде кәсіптік-техникалық училище оқушыларының кәсіби бағдарлық сипатын, кәсіптік-техникалық училищеде 2-ші жыл оқып жатқан оқушылар мен оны бітіруші түлектерінің кәсіби бағдарлық деңгейін анықтайды, кәсіби бағдарлықтың жас жұмысшы тұлғасына, оның кәсіби шеберлігінің артуына ықпалын саралайды. А.П.Сейтешевтің ғылыми зерттеуінің маңызы мынада: ол кәсіби тұлғалық бағдарлылықтың даму деңгейін, адамның қабілеті мен мүмкіндігіне сәйкес өмір жолын дұрыс таңдауын болжау мақсатымен анықтау тапсырмаларының арнайы әдістемесін жасауында. Ал, Г.Т.Хайруллин өз еңбегінде оқушыларды еңбекке даярлау проблемаларын мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттары қызметінің ерекшелігімен байланыстыра отырып зерттейді. Бұл ретте ол «еңбек», «өндірістік еңбек», т.б. ұғымдарға түрлі мағынада анықтама берілгенін атап көрсетеді. Г.Т.Хайруллин бұл анықтамаларды талдай отырып, осы проблемаға байланысты болашақ зерттеулерде қолдануға болатын өз анықтамасын ұсынады. Г.Т.Хайруллинның жан-жақты және терең дәйектелген пікірі бойынша, еңбек тәрбиесі дегеніміз: «еңбек- өмірі салтын қалыптастыруға бағытталған қағидалар жүйесін меңгеру және оны өзгеге табыстау болып табылады», дейді. Кәсіптік бағдар еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Еңбекке оқыту – еңбек әрекетін жемісті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білімдер мен дағды жүйесін меңгеру және табыстау. Яғни кәсіптік және өндірістік оқыту еңбекке оқытудың айрықша түрлері болып табылады. «Еңбек даярлығы» термині өзара бірлікте, өзара байланыста қарастырылатын, әр түрлі еңбек әрекетінде, соның ішінде оқу барысында да жүзеге асырылатын еңбек тәрбиесі мен еңбекке оқыту ұғымын біріктіреді. Политехникалық білім еңбек даярлығының қажетті элементі болып саналады. Г.Т.Хайруллин көп жыл бойы жүргізген зерттеулері нәтижесінде еңбек даярлығының негізгі мақсатын төмендегіше айқындайды: а) оқушылардың білім, қарапайым еңбек дағдылары мен машықтарын меңгеруі (белгілі бір жағдайларда: өндірістік және кәсіби); соның ішінде политехникалық білім алуы; б) оқушылардың бойында еңбексүйгіштікті және еңбекті қажетсінуін қалыптастыру (ортақ пайда келтіретін риясыз еңбекке деген қажеттілік қана емес), еңбек адамдарына және еңбек өмірі салтына сый-құрмет сезімін ояту; в) оқушылардың кәсіби бағытын өзін-өзі анықтауда белгілі бір деңгейге жету; г) экономикалық тәрбие; д) экологиялық тәрбие – дейді. Г.Т.Хайруллин атап көрсеткен, ХХ ғасырдың 80-90 жылдары кезеңіндегі оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін айқындайтын еңбек тәрбиесінің мақсаттары ХХІ ғасырдың басында да халыққа білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер заманында да өз көкейкестілігін жойған жоқ. Н.Л.Татаурова ҰОС жылдары кезіндегі Қазақстан оқушыларының еңбек тәрбиесі тәжірибелерін зерттей отырып мектеп практикасында қолданылған ұжымдық еңбектің мейлінше тиімді формаларын анықтады, оның тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Оған мына формалар жатады: комсомол және пионер еңбек отрядтары, жаңа оқу жылына мектепті дайындау және жөндеу бойынша жоғарғы сынып оқушыларынан тұратын бригадалар, туристік лагерлер, дәрілік шөптер жинау жөніндегі жоғарғы сынып оқушыларының арнайы отрядтары, мал төлдерін күтетін бауындар. Д.А.Аманжолова архив деректері мен педагогикалық әдебиеттерді талдау арқылы 30-жылдары оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде мектеп пен комсомол ұйымдары бірлесе отырып, белгілі бір бағытта нәтижелі жұмыс атқарғаны туралы ой қорытты. Бұл кезеңде мектептегі жеке еңбектің қарапайым формаларынан оқушылар бірлестіктерін, өндіріс бригадаларын, құрама отрядтар құруға көшу жүзеге асырылған. Нақ осы жылдары мектеп практикасына жоспарлау, есеп, бақылау, жарыс әдістері енгізілген. Оқушылар еңбекке қатысумен қатар, оқушылар ұжымында еңбекті басқаруға жұмылдырылған. Н.Л.Татаурова «Мектеп комсомолы және жоғары сынып оқушыларын еңбекке 1945 жж.) атты диссертациялық зерттеуіндетәрбиелеу проблемалары» (1921 көлемді нақтылы материал негізінде мектептері комсомол ұйымдарының жоғары сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеудегі жұмыс тәжірибесін талдап, саралайды. Д.А.Аманжолова мен Н.Л.Татаурова мұрағаттық әдебиеттерге талдау жасау негізінде 30-жылдары мектеп пен комсомолдың оқушыларды еңбекке тәрбиелеу жөніндегі біріккен іс-әрекеті мейлінше бағдарлы сипатта болғанына көз жеткізді. “Мектептер жекелей еңбектің қарапайым түрлерінен оқушылар бірлестігін, өндірістік бригадалар, біріккен отрядтар құруға көшті. Осы жалдары мектеп практикасына жоспарлау, есеп, бақылау, жарыстары енгізілді. Мектеп оқушылары еңбекпен айналысып қана қоймай оқу ұжымдарындағы еңбекті басқаруға да тартылды”, - дейді. А.К.Тілебалдиева 20-30 жылдардағы Қазақстанның бастауыш мектебіндегі еңбек тәрбиесі тәжірибелері республика бастауыш білім дамуының келесі сатыларында бастауыш мектеп оқушыларын – еңбекке даярлау дамуының тенденциясын анықтағанын атап көрсетеді. Бұл тенденциялар еңбекке оқытуды политехникалық негізде ұйымдастыруда, оқытуды қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстары оқытуда, еңбектік дағды мен біліктілікті игерумен еңбекке саналы көзқарас тәрбиелеуде көрініс тапты. Л.И.Колосова жүргізген тәжірибелері нәтижесінде өндірістік еңбек –оқушылар бойында еңбексүйгіштік, еңбекке саналы қарым-қатынас және тұлғалық адамгершілік қасиеттерін – табандылық, орындалған жұмысына жауапкершілік, бастамашылық, тәртіптілікке тәрбиелеудің құралы мен факторларының бірі екендігі туралы тұжырымға келді. А.Қарабаева еңбекті төменгі мектеп жасындағы қиын балаларды қайта тәрбиелеудегі шешуші фактор ретінде зерттей отырып ұжымдық еңбек қиын балаларды қайта тәрбиелеуде бірқатар мәселелерді, атап айтқанда, оқшаулануды жою, табандылық, ұстамдылық, - еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыруда алға қойған мақсаттары бірқатар міндеттерді шешетіні туралы қорытынды жасады. Д.С.Дубенконың пікірінше, оқушылардың еңбек тәрбиесін жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдайларға сәйкес материалдық-техникалық базаның болуы, оқушылардың бойында қоғамдық қатынасты біртіндеп қалыптастыру; жаңа адамды тәрбиелеудегі табыстар, басқарушы ұйымдар тарапынан тәрбие үрдісіне үнемі басшылық жасау т.б. жатқызды. Біздің ойымызша, соңғы шарт, оқушылар еңбек тәрбиесінде ешқандай рөл атқармайды. Бұған қоса оқушыларда экономикалық қызығушылық, қожайындық сезім, жерге деген меншіктік қатынас, материалдық құндылықты қалыптастыру қажет. К.Ж.Қожахметованың «Қазақстандағы 1958 жж.1931 оқушыларды еңбекке тәрбиелеу» диссертациялық жұмысы аталған проблеманы зерттеуде айтарлықтай үлес қосты. Бұл еңбекте зерттеліп отырған кезеңде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу жүйесіне тұтастай сипаттама берілген, халықтық тәрбие дәстүрлерін қазіргі заман талабына лайықтай отырып, еңбекке тәрбиелеу ісінде қолдану мүмкіндіктері айқындалып, педагогикалық білім мекемелері мен мұғалімдерді даярлау және қайта даярлаумен айналысатын мұғалімдер білімін жетілдіру институтының еңбек тәрбиесінің міндеттерін шешудегі озық тәжірибелі 1980-жылдардағы шаруашылық жүргізудің жаңа формаларына сай жағымды тәжірибені ескере отырып, қазіргі кезеңде оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді жетілдіру жөнінде практикалық ұсыныстар берілген. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан мектептерінде еңбекке оқыту мен тәрбиелеуді дамыту мәселесі Ш.Имашеваның «Қазақстан мектептеріндегі 1965 жж.),еңбекке оқыту және политехникалық білім беру» (1956 А.Б.Қаржаубаевтың «Қазақ кеңес мектебінің даму тарихындағы оқушыларды 1973 жж.), Т.П.Исакованыңқоғамдық пайдалы еңбекке тәрбиелеу» (1946 1977 жж.),«Қазақстан меткептеріндегі еңбек тәрбиесі проблемалары» (1966 А.С.Иманғалиеваның «Оқушылардың еңбек бірлестіктерінде қоғамдық еңбек 1980 жж.)белсенділігін дамыту» (село мектептері материал негізінде 1958 диссертациялық еңбектерінде көрініс тапты. Бұл проблеманың кейбір аспектілері С.Мусиннің «Қазақ совет мектебіндегі оқу-тәрбие жұмысының тарихынан», Р.Ж.Иржанованың «Қазақстандағы 1934 жылға дейінгі пионер қозғалысының пайда болуы мен дамуы», 1945Б.Ы.Мұқанованың «Қазақстандағы пионер ұйымдарының қызметі» (1935 жж.) тарихи-педагогикалық диссертациялық зерттеулерінде белгілі бір деңгейде қарастырылды. Аталған еңбектерде жас жеткіншектердің еңбек тәрбиесі жаңа қазақ мектептерін қалыптастырудың алғашқы жылдарынан бастап жүзеге асырыла бастаған бүкіл оқу-тәрбие процесінің ажырамас бөлігі ретінде көрсетіледі. Еңбек тәрбиесі мәселелері Қазақстан ғалымдарының келесі буындарының да зерттеулеріне арқау болды. Н.Беріков оқушыларды еңбекке оқыту мен мал шаруашылығы саласындағы еңбек әрекетіне даярлауда сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырудың біртұтас жүйесі мен құрылымын зерттеді. Р.А.Жаңабаева 1940Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім берудің даму тарихына (1917 жж.) арналған еңбегінде алғашқы кәсіптік білім беру мекемелерінің құрылуы мен дамуы, республикада жұмысшы кадрларын даярлау мәселесі сараланып, осығаг байланысты қарастырылып отырған кезеңдегі оқыту мен тәрбиелеу формалары және әдістері ашып көрсетілді. Б.И.Қожабаева Қазақстандағы еңбек резервтері оқу орындарын дамытудың 1958 жж.) зерттей отырып,ұйымдастыру-педагогикалық ерекшеліктерін (1940 республика оқу орындарында оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің мазмұны, формалары және әдістеріне талдау жасап, сипаттама берді, сондай-ақ Қазақстанда жұмысшы кадрларды даярлаудағы оқу орындарының жұмыс тәжірибесі жинақталып, қорытылды. А.Н.Ілиясова өз зерттеуінде қазақ педагогтары мен ағартушыларының мұраларындағы 1960 жж.) еңбекке тәрбиелеудің кейбір мәселелерін қарастырды.(1900 Сонымен қатар, Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектерінде еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздері мен практикалық аспектілері де көрініс тапты. Мәселен, А.Қарабаева төменгі сыныптардағы қиын балаларды қайта тәрбиелеуде шешуші фактор ретінде еңбектін атқаратын рөлін зерттей отырып, мұндай балаларды қайта тәрбиелеуде бірқатар міндеттерді ұжымдық еңбек қана шеше алады деген қорытындыға келеді, яғни балалардың оқшаулануын болдырмау, оларды табандылыққа, төзімділікке, жинақылыққа тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастыру. Д.С.Дубенконың пікірінше, оқушылардың еңбек тәрбиесін жүзеге асыруда тиісті материалдық-техникалық базаның болуы, оқушыларды біртіндеп қоғамдық қатынастарды қалыптастыру, жаңа адам тәрбиелеудегі жетістік қолайлы жағдай туғызады. Г.К.Нұрғалиеваның диссертациялық зерттеуінде құнды тұлғалық бағыттылық жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалады, мұнда шетел және отандық педагогика тарихында әлеуметтік-адамгершілік категория ретінде еңбек туралы басты идеяның қалыптасып, дамуы мәселесі ішінара сөз болады. Н.Г.Наумовтың «Оқушылардың кешенді өндірістік бригадаларында оқушыларды еңбекке тәрбиелеу» (Солтүстік Қазақстан облысының материалында) атты зерттеуінде 1990-жылдардағы экономика саласындағы нарықтық қатынастар жағдайында оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі қарастырылады. Аталған еңбекте оқушылардың кешенді өндірістік бригадаларында село оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің теориялық моделі жасалды, балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескеру негізінде кешенді өндірістік бригадаларда оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың оңтайлы шаралары айқындалып, оқушылар бригадалары қызметінің педагогикалық критерийлері және бұл бригадалардағы жұмыс тәсілдері анықталды. Қазақстан ғалымдарының бірқатар еңбектерінде сонымен қатар оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі гуманитарлық пәндердің рөлі, оны жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылады. Олардың ішінде Н.Р.Халимуллинаның «Әдебиетті оқыту процесінде жоғары сынып оқушыларының еңбекке даярлығы деңгейін көтерудің педагогикалық негіздері» атты диссертациялық жұмысын атап көрсеткен жөн. Бұл зерттеудің практикалық мән-маңызы жоғары сынып оқушыларының еңбекке даярлық деңгейін көтеруде мектепте жүргізілетін әдебиет курсының рөлі мен мәнін ғылыми тұрғыда негіздеуде болып табылады, мұнда сонымен бірге әдебиет құралдары арқылы жоғары сынып оқушыларының еңбекке даярлық деңгейін көтеру жүйесі, еңбекке тәрбиелеудің педагогикалық жүйесі негізінде гуманитарлық пән мазмұнын жобалау әдістемесі ұсынылған. Сонымен, қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде еңбекке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негізін жасау, Қазақстандағы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу тарихы, оқу-тәрбие процесі барысында оқушыларды еңбекке даярлау жүйесі маңызды орын алады. Бұл ретте аталмыш жүйеде жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды өмір мен еңбекке даярлауды жетілдіруде барлық пәндер бойынша оқу материалы мазмұнын қолданудың аса тиімді формалары мен тәсілдерін іздестіруге аса зор мән беріледі. Сонымен, біз еңбек тәрбиесі туралы идеяларды талдап, саралай отырып нақтылай түсеміз. Біздің пікірімізше, еңбек тәрбиесін халықтық идеяда қалыптасқан тарихи дәстүрлерді меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес. Өйткені, дәстүрлер – тарихи категория. Әрбір халықтың басқа халықтардікіне ұқсамайтын өзіндік дәстүрлері бар. Олар халық өмірін жақсартады және ұлт мәдениетін жетілдіреді. Дәстүрлерді халық аялап сақтайды және өңдеп, толықтырып, мазмұнын байытып отырады. Оларды сақтауға қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және рухани-мәдени деңгейі ықпал етеді. Әрбір қоғамдағы жаңа ұрпақ өткен қоғамдағы аға ұрпақтың тәжірибесін ішінара дәстүрлер арқылы пайдаланады. Демек, өткендегі аға ұрпақ тәжірибесін кіші ұрпаққа беру, жеткізу, «тәрбие» деп аталады. Сондықтан дәстүрлер ұрпақүйрету процесі тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. Дәстүр ұғымы көп мағыналы болғандықтан, оған ғылымда әр түрлі анықтамалар берілген. Егер Қазақ совет энциклопедиясында: «дәстүр дегеніміз – ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі», делінсе, философиялық сөздікте: «дәстүр (traditio – жапсыру, жалғастыру) – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері» – деп тұжырымдалады. Келесі бір еңбектерде «Дәстүр – әдетке сіңген салт, ғұрып, мирас», «Салт – ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр», «Әдет-ғұрып, мереке – дәстүрдің көрнекі сезімдік көрінісі» – деген мағынада анықталады. Түсіндірме сөздікте: «әдет-ғұрып» – дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана», ал философиялық сөздікте: «әдет-ғұрып – адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары» – деген анықтама берілген. Анығын айтсақ, «дәстүр» мен «әдет-ғұрып» мәні жағынан бірдей. Және кейбір ғалымдар екеуінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе, көптеген зерттеушілер «әдет-ғұрып» пен «дәстүр» арасында ескеруге тұрарлық айырмашылықтың барлығына терминді семантикалық және этимологиялық жағынан қарастыру арқылы назар аударады. Зерттеуші ғалым Т.С.Сламбекова дәстүрге былай деп анықтама береді: «Дәстүр дегеніміз – өзінің өміршеңдігімен, тұрақтылығымен біршама сипатталатын және қоғамның бір тобынан екіншісіне ауысып отыратын мәдениеттің өткендегі элементі. Олай дейтініміз, дәстүр ғана адамзаттың әлеуметтік-тарихи тіршілігіндегі тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, жинақтайды. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі шоғырланған. Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды, даналықты бейнелейді. Жаңа ұрпақ осы ата-баба тәжірибесінен өздеріне қажетті құндылықтарды таба алады. Әрине, мәдениет құндылықтары бүгінге өту барысында өзгеріске түспей қоймайды, олар дейді.тіршіліктің жаңа шарттарына бейімделеді», Демек, дәстүр – қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын, идеясын марапаттайтын жора. Олай болса, қазақ халқының оқушыларға еңбек тәрбиесін берудегі бай тәжірибесін жинақтап, әдет-ғұрып, дәстүрін ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы – тұрмыстық шаруашылығы. Яғни дәстүрлі еңбегі, ата кәсібі. Біз осы жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, ең алдымен, қарастырылып отырған проблеманың теориялық-әдіснамалық негіздерін қалайтын «халықтық идея», «дәстүрлі еңбек», «еңбек тәрбиесінің дәстүрлері» ұғымдарына анықтама беруді жөн көрдік. «Идея» философия теориясында ойлау мен болмыстың мағынасын, олардың өзара байланысын білдіретін арнайы ғылыми ұғым болып есептелінеді. Сонымен қатар ол философия тарихында әр түрлі мағынада қарастырылады, бірде ол «сезімдік бейне» делінсе, екінші бір кезекте «заттардың мәні», «субъектінің жерленуі», «түйсінуі», «дүниені тудыратын шығармашылық бастауы» деп те айқындалады делінсе, педагогикалық сөздікте: «идея – тұжырымдалып өңделген ой», – делінген. Демек, дүниеде не дегенмен, өлмейтін, өшпейтін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрселер бар; ол – ой, сөз, өнер, білім. Заттар өмірде болып өткенмен, олар жөніндегі адамның ойы, пікірі, ұғымы сақталады, ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Адам бір ашқан нәрсесін қайта-қайта аша бермейді, оны әзір күйінде пайдаланып отырады. «Адам», «үй», «ағаш», «жануар» деген ұғымдар бір кезде дүниеге келіп, бір тілден екінші тілге аударылып, адамзатпен бірге жасап келеді және жасай береді. Адам қысқа ғұмырын өтпелі, уақытша заттарға емес, ешқашанда құнын жоймайтын рухани дүниеге бағыштауы керек. Жануарлардан адамның бір айырмашылығы – өзін-өзі танып, өзінің дүниедегі орнын, дүниеге не үшін келгенін, бұл дүниеден түбі өтетінін, дүниеге қонақ екендігін білетіндігінде. Адам мұнымен келіспей, өзінің ойын, ісін, сөзін жалғастырып, сөйтіп артына із қалдырғысы келеді. Сондағы оның қолынан келетіні – рухани мұра. Сондай-ақ, адам, қоғам – тірі жанды организм; адам материалдық қоректерсіз, киім-кешексіз, баспанасыз күн көре алмайды. Ал, адамға, қоғамға қажет материалдық игіліктер табиғатта әзір күйінде кездеспейді. Сондықтан оларды өндіру керек. Адамның да, қоғамның да тіршілігінің негізі – материалдық игіліктер өндіру. Еңбек, іс-әрекет, өндіріс деген ұғымдар. Әрине, адамның іс-әрекетінің қажетті шарты, тіршілігінің айқын көрінісі – рухани қызмет: ойлау, ақыл, білім, ғылым, мақсат. «Әр халықтың, әр ұлттың тарихи кезеңіне сай өзіндік ұлы мұраттары, алға қойған мақсаттары сол халықтың ұлттық идеясы болып табылады. Әр халықтың ұлттық идеясы өзінің тарихи даму кезеңіне сай, ұлт алдында тұрған бірінші кезектегі міндетті белгілеп, соны шешуге бүкіл халықты жұмылдыру үшін ұлттық идея ұраны қажет болып, тарихи кезеңнің алдына қойған міндетін шешуге ұлттың, бүкіл жұртшылықтың назарын аударып, халықтың ішкі-сыртқы саясатын ағындыруды көздейді. Сөйтіп, ұлттық идея өз кезеңіне қажетті міндеттерді орындаған соң, тарихтың жаңа кезеңінде жаңа ұлттық идеяларға орын береді», – дейді философия ғылымдарының докторы Ә.Қалмырзаев. Демек, жеке адамның ғана емес, тұтас халықтың, ұлттың өзіне тән идеясы болады. Ол жөнінде Ә.Қалмырзаев «Тағы да ұлттық идея туралы» мақаласында былайша мазмұндайды: «Ұлттың болмысына, тіршілігіне, дамуына тікелей қатысты ой-пікірлер ұлттық идея болып табылады. Ол ұлттың мақсат-мүддесін, тарихи жаңаруын бейнелейді. Бірақ ұлттың кез келген мүддесі, талап-тілегі ұлттық идеяға өзек бола бермейді. Керісінше, ұлттың тарихи мұратын, көкейкесті арман-мақсаттарын көздейтін асқақ жасампаз идеялар ғана ұлттық идеяны құрайды. Ұлттың өткінші, қысқа мерзімдік мүдделері ұлттық идеяға арқау бола алмайды. Әдетте ұлттық мүдделердің табиғаты жағынан өзімшіл сипаты күшті болады. Сондықтан да кез келген ұлттық мүдде басқа жұрттың басты мұраттарымен өзектес келе бермейді. Соған орай, ұлттық идея белгілі ұлтқа тән құндылықтардың жиынтығы бола отырып, бір ұлттың шеңберімен шектеліп қалмауға тиіс! Ол осы ұлтты басқа да халықтармен байланыстыратын, жақындастыратын құндылықтарды да өз аясына тартады» Яғни әрбір халық өз мәдениетінің ішкі мәселелерін шеше отырып, ұлттың мәдениетін, өмір салтын, әдет-ғұрпын дамыта отырып, адамзаттың түрлі бөліктерінің өзара түсіністігінің кепілі болатын барша планеталық ынтымақтастықты көздейді. Міне, біз осыған орай қазақ халқының ұлттық дәстүрлі еңбегін «қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүддесін байытуға, адамзат баласының мәдени-рухани өмір сүру мүмкіндігін жақсартуға септігін тигізетін ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп отыратын арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет деп анықтаймыз.дәстүрі» Алайда қазақтың халықтық педагогикасында оқушыларды ұрпақты дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуде халықтық дәстүрлері де бар. Оларға мыналар жатады:

1. Отбасындағы еңбек тәрбиесі дәстүрі;

2. Баланың жас және дара ерекшелігін ескере отырып еңбекке тәрбиелеу;

3. Ұжым арқылы еңбекке тәрбиелеу дәстүрі;

4. Қыз балаға тән еңбек тәрбиесі;

5. Ер балаға тән еңбек тәрбиесі;

6. Ұлттық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу;

7. Ұлттық мерекелерге қатысу арқылы еңбекке тәрбиелеу.

Демек, «еңбек тәрбиесінің халықтық дәстүрлері – қазақ халқының тарихи, әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы еңбек туралы өткендерден мұралыққа қалдырылған халықтық түсінік пен озық идеяларды пайдалану нәтижесінде жеткіншек ұрпақты дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу үдерісі», – деп анықтауға болады. Ғасырлар тоғысында дербес елге айналып, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатқан қазақ халқы жас ұрпақты дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуге өте үлкен ыждағаттылықпен қараған. Мың жылдық тарихы бар адамзат қауымының қоғамдық құрылыс кезеңдерін басынан өткізіп, сан алуан нәубеттерге, қырғын соғыстар мен төңкерістерге, қитұрқы саясат пен мәңгүрттік моральға ұшырағанына қарамастан, қазақ халқы өзінің дәстүрлі шаруашылығы мен моральдық-этикалық көзқарасын жоғалтпады. Табиғи жаратылысына тән мінез-құлқы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғастырылып отырды. Сайын даланың азаматына тән еркіндік пен тәуелсіздік, қажырлылық пен төзімділік, еңбексүйгіштік пен кәсіпкерлік, еңбек адамын құрметтеу, табандылық, байыптылық, мейірімділік пен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық тәрізді қазақи ұлттық қасиеттер сақталды. Мұндай қасиеттерді қалыптастырған ұлттық тәрбиенің үлгілі дәстүрлері мен оның сол кезеңдегі халықтық идеясындағы мақсат, мұраты болса керек. Сол мақсатының ең бастысы, негізгісі – еңбек тәрбиесі. Қазақ халқының жеткіншек ұрпақты еңбекке тәрбиелеу тәжірибесінде әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени жағдайына байланысты мына төмендегідей кәсіби шаруашылығының салалары қалыптасты. Олар: мал шаруашылығы, диханшылық, аңшылық, күнделікті тұрмыстық шаруашылық, қол өнері. Осындай шаруашылық салаларына байланысты еңбек түрлері пайда болды. Олар: мал шаруашылығына байланысты қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: жылқышы, қойшы, сиыршы, түйеші; диханшылыққа байланысты қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: дихан, бағбан, сушы, т.б.; аңшылыққа байланысты қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: саятшы, құсбегі, балықшы; күнделікті тұрмыстық шаруашылыққа байланысты қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: тігінші, аспазшы, тоқымашы, етікші, арбашы, есікші, құдықшы, сатушы, су тасушы, диірменші, сабыншы, емші, оташы; қол өнерінде қалыптасқан дәстүрлі еңбегі: зергер, ұста, үйші, ағашшы.


Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»
123456789 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет