Қазақ хандығы


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата26.03.2023
өлшемі1,94 Mb.
#173057
1   2
Байланысты:
қазақ хандығы

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ 
КҮРЕСІ


АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ, АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Қалдан 
Серен басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды 
басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы 
беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті 
топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт 
өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 
мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік 
жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. 
Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан 
пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. 
Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл 
кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.
1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр 
бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің 
жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ- 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ
Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен 
(орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы 
руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір 
хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және 
угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы 
түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір 
хандығы Қазақ хандығымен саяси және сауда байланысын жасап 
тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір 
хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы 
басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, 
ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 
1598 жылы Ресей құрамына енді.


Облыс
Ауданы
Астанасы
Алғашқы ханы
Түркістан
Оңтүстік Қазақстан
Сығанақ
Өзбек сұлтан
Ұлытау
Орталық, Солтүстік 
және Шығыс Қазақстан
Орда-базар
Айтбек сұлтан
Жетісу
Жетісу
Алмалық

Сарайшық
Батыс Қазақстан
Сарайшық
Жәдік сұлтан
Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік бөлінісі


Хандарды сайлау дәстүрі
Таққа үміткер сұлтандар мен ақсүйектердің көпшілігінің келісімін алған соң, хандықтағы ең 
беделді сұлтандар мен билер оны жұқа ақ киізге отырғызған, киіз шетінен ұстап үш рет 
көтеріп, бірнеше рет “Хан!” деп айқайлаған”.
Содан кейін жиналған жұртшылық хан отырған тақ есебіндегі киізді “хан талапай” жасап осы 
тарихи оқиғаға қатысуының куәсі әрі тәбәрік ретінде бөліп-бөліп алған. 
Кейін той басталып, ол бірнеше күнге жалғасқан. Хан көтеруге келген көпшілік мұнда 
бірнеше күн тыныққан, сондай-ақ беделді қайраткерлер маңызды істерді ақылдасқан. Жаңа 
ханға ел ішіндегі жайттарды мәлімдеген.


Қазақ хандығының мәдениеті
Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 
ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер 
Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. 
Араб жазуы қолданылды.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. 
Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде - Жолбарыс, 
Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде 
орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады.
Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, 
қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары 
тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен Xиуа хандықтары да қазақ жерінен 
дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.


Қазақ Энциклопедиясы
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 
жыл. ISBN 9965-607-02-8
Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА 
РАХМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет