Қазақ Хандығына 555 жыл 1465 – 2020



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#93010
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 Қазақ Хандығына 555 жыл 1

Тарихи қиян-кес заманда өмір сүріп, шашырап жатқан ру-тайпалардың басын қосып, қазақ хандығын құру – сол кездегі Керей мен Жәнібек сұлтанның басты мақсаты еді. Ұшқыр ой мен батылдығының арқасында екі сұлтан бірлесе отырып, саяси жағдайды дұрыс пайдаланып, көрші хандықтармен тату мәміле жасасып, Қазақ хандығын құрады. Шашырап кеткен халықтарды бір аймаққа жинап, қазақ хандығының аумағын кеңейтеді

XV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу тұсында Моғол хандығы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы, Сыр бойы өмір сүрген болатын. Осы кезде осы хандықтар өзара билік үшін таласып, соғысып жатты. Оған қоса Әмір Темірдің ұрпақтары да қазақ жеріне шабуыл жасап, жағдай мүлде нашарлап кетті. Ал, 1428 жылы Барақ ханның қайтыс болуы Ақ Орда хандығының саяси жағдайын мүлдем төмендетіп жіберді. Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралығында орналасқан бірнеше ұлыстар мен хандықтар пайда болып, өзара жер үшін талас-тартыс одан арман жиіледі. Осындай саяси-бытыранқылықтан кейін ел басқарған билер мен сұлтандар алдында біртұтас ел құру мәселесі тұрды. Осы тұста Қазақ жеріндегі бытыранқылық Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетіп тыңды. Тарихи деректемелерге сүйенсек, Әбілқайыр хан 20 жылға жуық уақыт аралығында Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін күрес жүргізді. Алайды, Ақ Орданың мұрагерлері Барақ хан және Ұрұс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамай, керсінше жеке ұлттық мемлекетті құруды көздеді. Дәл осы кез аумалы-төкпелі қиын заман болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет