6
латын нұсқасы
«Tabula Geographica Tartari a Mari Orientali Mare Caspium»
деген атпен
француз
ұлттық мұрағатында сақтаулы
(Département des cartes et plans of the French
National Archives). Мұнда көптеген
жер аттарының мəнжүрше нұсқасы емес,
қайта
қытайша нұсқасы пайдаланылған, айталық, Хасаке (Қазақ), Тайуен (яғни Дуйан), Йли
(Іле) сияқты танымал елдер, өзендер немесе көлдер, латын тілінде көрсетілді.
XVIII
ғасырдың алғашқы мезгіліндегі
Семен Ульянович Ремезов сызған (1642
–
1720)
«
С
i
б
i
рд
i
ң сызба к
i
табында
» (1699–
1701) Қазақ Хандығы
Казацкие Орды
деп аталды. Сол
тұстағы орыс жазбалары мен хроникаларында ресейлік империялық əскери казактардан
далалық қазақтарды айыруға тырысатын орыс конвенциясы қазақты
қырғыз
-
қазақ
немесе қырғыз
-
кайсаққа айналдырады.
Осылайша,
XVII
ғасырдың соңында Орталық Азиядағы картография шын мəнінде
халықаралық сипатты дамытты. Ақпараттың ағымы, əрине, бір бағытты емес еді.
XVII
ғасырда еуропалық қыруар географиялық еңбектер орыс тіліне аударылды. Юлиус
Клапрот (1783
-
1835) Ресейдің əсері туралы мысал бола алады:
Клапрот картасында
Жетісу мен Орталық Қазақстанда Хасақ (моңғол) немесе Киргиз
-
Кайсак (орыс) хандығы
орналасады, осылайша қазақ тайпаларының атын орысша атайды:
Kirghizes Djelair
(Қырғыз Жалайыр),
Kirghizes Doulat
(Қырғыз Дулат),
Kirghizes Kaptagamatai
(Қырғыз
Каптагаматай),
Kirghizes Sadyrmatai
(Қырғыз Садыр
-
матай),
Kirghizes Souvan
(Қырғыз
Суан),
Kirghizes Semiz Naiman
(Қырғыз Семізнайман),
Kirghizes Tchapirasti
(Қырғыз
Шапырашты). Ол картографияны, этнографияны жəне тарихты біріктірді.
Цин
-
Жоңғар соғысынан кейін, Цин империясы Тибет пен Жоңғарияға ірге кеңейтті
де, Цин əулеті Орталық Азиядағы халықаралық өзгерістердің пайдасын көрді. Орталық
Азиядағы Цин əулетінің географиялық амбициясы
Ресей мен Цин арасындағы
шекараларын қайта жаңғыртуға, сондай
-
ақ, Цин əскерлері тарапынан 1760 жылы
Жоңғар хандығының күйреуіне əкелді. Цин əулеті Орталық Азияны басқару үшін
күресте саяси жəне идеологиялық қару ретінде үлкен масштабты жəне дəл нүктелі
маңызды жаңа карталарды шығарды.
Канси патша иезуит қоғамындағы (The Society of Jesus) католик миссионерлеріне
Қытай атласын сызуға жарлық береді. 1708
-
1717 жж. иезуит қоғамы бүкіл Қытайдың
жəне онымен іргелес елдердің картасын сызу жұмысын жүргізді. 1718 жылы католик
миссионерлері өздері сызған қытай атласын Канси патшаға силайды,
аталмыш атлас
«Канси Хуан юй цуань лань ту» картасы (Канси патшаның толық атласы) деп аталды.
Осы ғылыми жұмыстардың арқасында, француз географы д
'
Анвиль (1697
-
1782) 1737
жылы Гаагада Цин патшалығының толық атласын баспадан шығарды. д
'
Анвильдің осы
картасы XIX ғасырдағы орыс жəне ағылшын географиялық зерттеулеріне дейінгі Азия
картасының негізі болды (Бартольд В. В., т. IX. 1977: 286
-
300.). Жоңғарларды
бағындырған
соң, 1755 жылы Цяньлун патша Шынжаңға иезуит қоғамынынң
мүшелерінен құралған өлшеу
-
сызу отрядын тағы жіберді. 1769
жылы Michel Benoist
(1715
-
1774, қытайша аты Цзян Юйжэнь) Цин патшалығының жаңа атласын
құрастырады, атлас «Цяньлун нэйфу юйту» (Цяньлун патшаның орда картасы) деп
аталды. Аталған империялық карталардан сырт, Цин патшалығы Орталық Азияның жер
-
суына қатысты географиялық сөздіктер құрастырды. Осы тұста
Циньдин Хуан ю Сиюй
тучжи
(Патша бекіткен Батыс Аймақтың Карталық Сипаттамасы) атты еңбек
құрастырылды, мұнда Цзою Хасакэ бу ту (Оң, сол бөлік Қазақтары картасы) атты карта
7
енгізілді (Fuheng 1782).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Еуропа
-
Қытай тарихи карталарының маңыздылығын
кешенді, жүйеленген тарихи жəне лингвистикалық зерттеудің алғашқы əрекеті арқылы
анықтау болып табылады. Қытай карталарының топонимикалық бірліктерінің бүкіл
корпусы бірінші рет ерекшеленеді, негізгі критерийлер
мен классификациялар
белгіленеді. Тарихи
-
мəдени материалды зерттеу негізінде əртүрлі топтардағы
топонимдердің тарихи жəне семантикалық интерпретациясы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: