7-бөлім. «БҮК» ұпайының берілуі мен оған қатысты жағдайлар. 1. Шабуылдаушы балуан кез келген айла тəсіл арқылы (тыйым салынбаған) қарсыласын ішіне құлатса (басын тіресе де), екі не бір тізесіне отырғызса, екі не бір қолын (білек, шынтақ) кілемге тигізетіндей жағдай жасаған кезде беріледі;
2. Шабуылдаушы балуан шабуылын бастаған кезде, қарсылас балуан айқын қарсы шабуыл жасап нəтижесі алғашқы бастаған балуанның қолын (білек, шынтақ), ішін, тізесін кілемге тигізумен аяқталған кезде беріледі;
3. «БҮК» ұпайы – кілем жетекшісіне бағытталып, төрешінің қолы тік көкірек тұсына дейін көтеріліп, алақан бағыты төмен қараған күйі көрсетіледі жəне əдіс жасаушы балуанның шыққан тұсына қарай бағыттайды;
4. үш «БҮК» ұпайы бір «ЖАМБАС» ұпайына тең;
5. алты «БҮК» ұпайы бір «ЖАРТЫЛАЙ ЖЕҢІС» ұпайына тең;
6. тоғыз «БҮК» ұпайы бір «ЖАМБАС» жəне «ЖАРТЫЛАЙ ЖЕҢІС» ұпайларына тең;
7. он екі «БҮК» ұпайы «АЙҚЫН БАСЫМДЫЛЫҚ» тең;