«Қазақ тілі», «Қазақ Әдебиеті» ПӘндерін оқытудың ерекшеліктері оқыту қазақ



бет1/14
Дата10.09.2023
өлшемі126,63 Kb.
#180636
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ӘНХ қысқаша 2022-23 оку жылы




«ҚАЗАҚ ТІЛІ», «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ОҚЫТУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАР ҮШІН), 5-11 СЫНЫПТАР


«Қазақ тілі» пәнін оқытудың ерекшеліктері, 5-11 сыныптар
Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі пәнінен академиялық білім берудің мақсаты – қазақ тілінің әлеуметтік-қоғамдық қызметі (ана тілі-ұлт тілі- мемлекеттік тіл) туралы біртұтас білім бере отырып, тілдің танымдық, құрылымдық, тарихи мәнін, тілді қолданудың нормативті жүйесін игеріп, сөйлеу мәдениеті тәсілдерін меңгерген, ұлттық рухты бойына сіңірген дара тұлға тәрбиелеу.
Қазақ тілін оқытудың басты міндеттері бастауыш, орта, жоғары сыныптарда қазақ тілінің ана тілі ретіндегі қызметіне, орта сыныптарда қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі қызметіне, жоғары сыныптарда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметіне басымдық бере оқыту.
Қазақ тілінің ана тілі ретіндегі негізгі қызметі – ұлттық сана-сезімді қалыптастыру. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы қойылған базалық құндылықтар: 1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік; 2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) ашықтық; 6) өмір бойы білім алу ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы арқылы игеріледі. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілінің ана тілі ретінде танылуына негіз болатын лингвистикалық білім мазмұны қамтылуы тиіс.
Қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі қызметі – ғасырлар бойғы тәжірибеден жинақталған ұлттық дүниетанымды, ұлттық ақыл-ой жетістіктерін зерттеу, саралау, дамыту. Ұлттық тіл Білім стандартында көрсетілген ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіне үйлесімді үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге, сондай-ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі жоғары сынып оқушыларына арналған білім мазмұнын қамтуы тиіс. Қоғамның барлық саласында қазақ тілін қолданудың заңдылықтарын, іскерлік, дипломатиялық қарым-қатынас мәдениетін, сөйлеу мәдениетін игерген оқушы жалпыға міндетті білім стандартында көрсетілген «Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеуді және сақтауды», яғни қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қолдануды өз міндетіне алады, қазақ тілінің мемлекеттік статусын көтеруге өзіндік үлес қосады, мемлекеттік тілді қолдануға ынталы болады.
Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін бастауыш, орта жоғары сыныптарда оқытқанда тілдің құрылымдық, функционалдық, тарихи жүйесі өзара тұтастықта бірлікте кіріктіріліп оқытылады. Нәтижесінде оқушылар тілдің таңбалық жүйесі, әдеби тілдік нормасы, тарихы және тіл арқылы ұлтты, адамды тану туралы кешенді білім алады. Бұлар оқушының тіл тазалығын, тіл анықтығын тіл дәлдігін (А.Байтұрсынов) игеріп, сөйлеу мәдениетін, сөз шеберлігін жетілдіруіне айтарлықтай үлес қосады.
1 Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі» (10-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
2 Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады. Олар:

  • Үлгілік оқу жоспарлары;

  • төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты 5-11-cыныпта «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген жаңартылған мазмұндағы оқу жүктемесінің және төмендетілген оқу жүктемесінің көлемі 6.1-кестеде көрсетілген.

6.1-кесте – 5-11-cыныпта «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі



Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Қазақ тілі

3

108

3

108

6

Қазақ тілі

3

108

3

108

7

Қазақ тілі

3

108

2

72

8

Қазақ тілі

2

72

2

72

72

Қазақ тілі

2

72

2

72

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Қазақ тілі

2

72

2

72

11

Қазақ тілі

2

72

2

72

жаратылыстану-математика бағыты

10

Қазақ тілі

1

36

1

36

11

Қазақ тілі

1

36

1

36

Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды


қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға пайдалану ұсынылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдай алады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесі 7- сыныпта үлгілік оқу бағдарламасында 3 сағат болса, төмендетілген бағдарламада 2 сағат көлемінде беріледі, яғни 1 сағатқа қысқарады. (ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрық). Оқу көлемі төмендетілген сыныптарға вариативті компоненттен сағат алуға мүмкіндік көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет