Қазақ тілі мен әдебиеті



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі136 Kb.
#97265
1   2   3   4
Байланысты:
« аза стан тарихы» п ні бойынша тест с ра тарыны жауаптары Отве
Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары, Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары
10-11 сыныптар.
Тест тапсырмалары.


1. Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан көрнекті қазақстандық ғалымның көзқарастары XX ғ. 50-ші жж. жалған ғалымшылдық деп бағаланды. Ол:
А) Г.А.Кушаев
Б) Ә.Х. Марғұлан
В) К.А.Ақышев
2. XX ғ. 60-жылдары Н.С.Хрущев партия ұйымын қандай принцип бойынша
бөлді:
А) әкімшілік.
Б) территориялдық
В) өндірістік.
3. «Ново-Огаревск» ұғымы немен байланысты?
А) КСРО-ның құлау концепциясы.
Б) Жаңа Одақ келісімшартын әзірлеу.
В) Еуразиялық экономикалық одақты әзірлеу.
4. «Тоталитаризм» термині нені білдіреді?
А) билік бір адамға немесе топқа берілген, саяси оппозицияға тыйым салынған саяси жүйенің түрі.
Б) Жоғары билігі бар тұлғаға табынуға негізделген билік қатынастардың түрі.
В) қоғам өмірінің барлық салаларына бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым.
5. Мамандардың ойынша, 1953-54 жж. тыңға, ауылшаруашылығына салынған
капитал көлемінің артуына, ауылдың материалдық-техникалық базасының
нығаюына, жеңілдетілген салық саясатына байланысты болған
ауылшаруашылығының тиімділігі белгілі бір уакытқа дейін ғана сақталды.
Қазақстан ауылшаруашылығының құлдырау кезеңі қай кезеңде болғанын
көрсетіңіз.
А) 1956-1957 жж.
Б) 1957 -1958 жж
В) 1958- 1959 жж.
8. Географиялық атаулардың шығу тегі мен дамуын және олардың мағынасын түсіндірумен айналысатын ғылым саласы:
А) Топонимика.
Б) Ономастика.
В) Этимология.
9. Сақ қорғандарының ең атақтыларының бірі - ежелгі Шығыс Қазақстан
көшпенділер мәдениетінің бір кезеңіне өз атын берген Үлкен Берел
қорғандары. Бұл кезеңді ғалымдар қай уақытпен анықтайды?
А) Б.з.д. VІІ-VІ ғғ;
Б) Б.з.д V-ІV ғғ;
В) Б.з.д ІV-ІІІ ғғ:
10 Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының өмір сүрген жылдары:
А) 1920-1990 жж.
Б) 1922-1991 жж.
В) 1936-1991 жж.
11. Қазақтар арасынан бірінші рет Орыс жағрафия қоғамының мүшссі болып сайланған Мұхаммед-Қанафия –
А) Уәлиханов.
Б) Жантөрин.
В) Кенесарыұлы.
12. Көзқарастар жүйесін, құбылыстар мен процестер туралы түсінікті, ғылыми еңбектің негізгі ойы дегенді білдіретін термин -
А) Конъюнктура.
Б) Парадигма.
В) Концепция.
13. Ақмола бекінісі талқандалғаннан кейін Қ.Қасымов Торғай өзенінің бойындағы Кіші жүзге сондағы көтеріліс ошақтарының жетекшілерінен қолдау іздеп көшіп барды. Оған кімнің отрядтары қосылды?
А) Сырым Датовтың.
Б) Жоламан Тіленшиевтің.
В) Есет Көтібаровтың.
14. 1959-1965 жж. жетіжылдық жоспарға сай, Қазақстан экономикасында басты нәрсе не болды?
А) Тың жерлерді игеру практикасынан өндіріс мәселесін шешуге өту.
Б) Тың және тыңайған жерлерді игеру.
В) Мұнай мен газ.өндіруді шұғыл көбейту.
15. «Тоқырау жылдары» әлемнің қара топырақты жерінің 2/3 бөлігін иеленген, дүниежүзінде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі жағынан бірінші орын және мал бас жөнінен жетекші орындардың бірін алатын Қазақстанда -
А) азық-түлікті экспорттауды күшейту тенденциясы байқалды.
Б) азық-түлікті импортқа шығаруды күшейту тенденциясы байқалды.
В) республика халқының өз өнімдеріне толық қанағаттануы байқалды.
16. КСРО-дағы мәдени революнияның басты мақсатын атаңыз.
А) Маркстік идеологияны мемлекеттік идеология ретінде бекіту.
Б) Халықтың сауатсыздығын жою.
В) Міндетті орта және арнайы орта білім беруді енгізу.
17. 1985 ж. көкек пленумынан кейін КСРО-да кең таралған жаңа концептуальдық мемлекттік идеология қалай аталды?
А) «Жаңаша саяси ойлау».
Б) «Қайта құру және жаңаша ойлау».
В) «Көбірек социализм, көбірек демократия»
18. «Тарих» сөзінің түп-төркіні ежелгі грек терминінде жатыр. Оның мағынасы:
А) ежелгіні зерттеу.
Б) пайымдау, ой қорыту,
В) танып, білу, зерттеу.
19. Ресейдің қол астына кіру алдында қол қойылған актіде қазақ жерлерінің құқықтық статусы қалай анықталды.
А) Паритет;
Б) Қазақстан Ресей протекторатын қабылдау;
В) үшінші жақты бақылаушы түрінде тартып бодандықты қабылдау;
20. Өнеркәсіптегі «Косыгин реформасының» негізгі бағыттары қандай? (дүрыс емес жауапты көрсетіңіз).
А) кәсіпорындарға табыстың бір бөлігін жұмысшыларды ынталандыруға
арналған қор құру үшін беру.
Б) кеңес халық шаруашылығы жүйесінен бас тартып, өнеркәсіпті басқарудың салалық принципін қалпына келтіру.
В) шет елдерден жеке капиталды тарту арқылы біріккен кәсіпорындар құру мүмкіндігі
21. Қазақ КСР-ң Жоғарғы Кеңесінің қабылданған Қазақ тілін орыс графикасы негізінде жаңа әліппеге көшіру туралы заңы қашан қабылданды? А) 1929 ж. 10 қарашада;
Б) 1936 ж. 10 қарашада;
В) 1940 ж. 10 қарашада.
22. ХІV ғ. Египет тарихшысы ан-Нувайри бұл оқиғаны өзінің монументальды шығармасында жазды. Шығармада "Ол (?) Шыңғыс ұрпақтары арасында алғаш ислам дінін қабылдады. Оның бұл қадамы халықтың көп бөлігі өздерінің іс-әрекеттерімен қайталады". Әңгіме кім жайлы?
А) Орда Ежен.
Б) Берке.
В) Бату.
23. Қазақстан территориясында ең алғаш термоядролық сутекті қару қашан жарылды?
А) І949 ж. 29тамыз.
Б) 1953 ж. 12 тамыз.
В) 1961 ж. 12 тамыз.
24. Қазақ халқы кеңестік мемлекетті дайындаған 1919 – 1920 жж. Қазақстанда арнайы құрылған комитеттің бірінші басшысы кім?
А) С.Меңдешев;
Б) Т.Рысқұлов;
В) С.Пестковский.
25. Тарихи деректе «Әбілхайырдан зардап шеккендер Керей мен Жәнібек сұлтандардың қасына жинала берді. Олардың саны екі жүз мыңға жетті; оларды.....атай бастады». (сөйлемді аяқтаңдар)
А) Өзбек – қазақтар
Б) Көшпелі қазақтар
В) Қырғыз – қайсақтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет